Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. Биология, 11 сынып, сабақ жоспары.
САБАҚ: 11.2С Өсу және даму | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сыныбы: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ тақырыбы | Бағаналы жасушалардың түрлері: эмбрионалды және соматикалық. | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Оқушылар орындай алады: 11.2.3.1 бағаналы жасушалардың мамандану үдерісін және олардың практикалық қолданылуын түсіндіру | ||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар:
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар орындай алады:
| ||||||
Тілдік мақсат | Пәндік лексика мен терминология: бағаналы жасушалар, мамандану, жіктеу; тотипотент, плюрипотент, мультипотент, ұрықтық,жасушалық сызық, транскрипциялық факторлар, сегментация, индукция, миграция және жасушаның дифференциациясы, апоптоз, белсенді, бақылаусыз өсуі, потенциал, этика, ұрпақ, қолдану Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы Тотипотентті бағаналы жасушалар –…болады. Плюрипотентті бағаналы жасушалар – ... жасушалар,себебі олар.... … Мультипотентті жасушалар – Ұрықтық бағаналы жасушалар .... жетіле бастайды. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Бұл сабақ оқушылардың бойында келесі құндылықтарды академиялық адалдығын, жауапкершлігі мен көшбасшылығын, ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталады. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | |||||||
Алдыңғы білімдер: | Жасушалық биология: 7-10 сыныптар Өсу және даму: 9-10 сыныптар | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-10 минут | Тақырып пен сабақ мақсатын анықтау үшін слайдта арнайы суретті көрсетіп оқушылармен берілген сурет бойынша талдау жасау. Қажет болса арнайы сұрақтармен ой қозғау. Осылай тақырып пен мақсаттарды айқындау. Тақтада 3 минуттық бағаналы жасушаның түрлеріне байланысты бейнежазбаны көрсетіңіз. Оқушылар жұпта осы бейнежазба бойынша эмбрионалды және соматикалық бағаналы жасушаларды зерттейді. Оқушыларға дескриптор беріледі. Дескриптор
Дефференсация Қиналатын оқушылар жұбына ақпараттық материал үлестіріледі. Оқушылар жұмыстары дескрипторлар арқылы тексеріліп өзара бағаланады. | Слайд 1. Слайд 2. Бейне жазба https://learn.genetics.utah.edu/content/stemcells/scintro/ Қосымша 1. | |||||
Сабақтың ортасы 11-26 27-33 | (Т) (ҚБ) Оқушыларды 3 топқа бөлу үшін сынып оқушыларына теңдей етіп тотипотентті, плюропотентті және мультипатентті сөздері бар қағаздарды таңдауды тапсырңыз. Осы таңдалған сөздер бойынша оқушылар 3 топқа бөлінеді. Топтарға бағаналы (тоти-, плюро-, мультипатентті) жасуша типтеріне сай постер/презентация құрастыруды тапсырыңыз. Оқушлар оқулықтағы материалды пайдаланады. Оқушыларға алынған ақпараттарымен «Карусель» әдісімен алмастыруды сұраңыз. Бағалауды «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалауды жүзеге асыруды ұсыныңыз. Дескрипторлар
«Карусель» әдісінде бір оқушы спикер ретінде материалды таныстырады, ал қалғандары сағат тілімен қозғала отырып, басқа топтардың спикерін тыңдайды және қажетті материалды дәптерлеріне тоти / плюри / мультипотентнті бағаналы жасушалар туралы ақпараттарды жазады және қайтып келгеннен соң өз спикерлеріне түсіндіреді. (Жж) (ҚБ) Оқушыларға жоғарыда құрастырылған презентация/постерді негізге ала отырып, кластер құруды ұсыныңыз. Өзара тексеріп, өзара бағалауды ұйымдастырыңыз. | Қосымша 2. | |||||
Сабақтың соңы 35-40 | Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма Рефлексия мұғалімнің сұрақ қоюы негізінде жүзеге асады:
Үй тапсырмасы: Бағаналы жасушалар түрлерінің түзілу сызбасын құрастыру | Қосымша 3. | |||||
Қосымша ақпарат | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақтың ой-қозғау бөлімінде әр түрлі деңгейде жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес жақын арадағы даму аймағы анықталады. Оқушылардың алған білімдерін тексеру барысында оқушылардың қабілеттері ескеріле отырып әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қойылады. | Сабақтың ой қозғау бөлімінде «Блум түймедағы» әдісі қолданылады. Оқушылар мұғалімнің нұсқау картасын негізге алып, сыныптастарын бағалайды. Мағынаны тану кезеңінде карточкалардағы тапсырмаларды орындау арқылы жақын арадағы даму аймағы айқындалады. | Сыныпта қозғалу барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. | |||||
Қосымша 1.
Бұл қатып калған жіктелу емес. Шынында, плюрипотентті және мультипотентті бағаналық жасушалар өзгешілігі жөнінде көптеген мәліметтер анықталды. Бағаналық жасушалардың потенттілігі арнайы жасушалық типтің дифференциялануына бағытталған генетикалық бағдарламаның қосылуына микроайналымдарының шарттарымен өзгереді.
Эмбриональды бағаналық жасушалар - аналық жасушаның шартында өте тығыз бірлескен ұрықтануы нәтижесінде түзіледі. Олар эмбриональды бағаналық жасушалар ретінде бластула стадиясында эмбрионнан өндіретін ішкі қабатын түзеді. Қазіргі кезде әлемде бірнеше оңдаған эмбриональды бағаналық жасушалар түрлері алынған. Осы жасушалар арнайы шарттар бойынша түрлі жасуша типтерін береді.
Фетальды бағаналы жасушалар – аборт жасалған ұрықтан алынатын арнайы клетка типі болып табылады. Ол ұрықтың дамуында дененің түрлі мүшесінде айналып кетуі мүмкін. Дегенмен фетальды бағаналық жасушалармен зерттеулер жүргізу осы кезге дейін бірнеше типтерімен шектеледі. Олар нейрон - бағаналық жасушалар, ұйқы безінің негізін салушы жасушалар мен гермальды жасушалар.
Қосымша 2.
Дифференциялану қабілетіне байланысты бағаналық жасушалардың 3 негізгі түрі болады:
• Потипотентті бағаналық жасушалар - олар ағзаны түзетін тіңдер мен жасушалардың түрлі типтерін түзеді. Оған ұрықтанған жұмыртқа немесе зигота және екі кезектескен жасуша генерацияларын жатады.
• Плюрипотентті бағаналық жасушалар – ағзаны құрайтын барлық клеткаларды құрамайды, тек көпшілігін жасап шығарады. Оған эмбриональды және фетальды бағаналық жасушаларды жатады.
• Мультипотентті бағаналық жасушалар – кейбір бағыттағы аз дифференцияланатын жасушалар типтерін жасайды. Мысалы: сүйек кемігінің гемопоэтикалық және мезенхимальды бағаналық жасушалары.
Қосымша 3.
Бағаналық жасушалардың негізгі топтары жайлы кестені толтырыңыз
№ | Бағаналық жасуш атауы | Алынуы | Маңызы |
1 | Эмбриональдық | ||
2 | Фетальдық | ||
3 | Ересек ағзалық |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру