Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттес. Эпистаз. Комплиментарлық. Полимерия. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша

 Тапсырма 1. Полимерия дегеніміз не? Бірқалыпты гендермен басқарылатын сапалық белгілер қалай тұқымқуалайды?

 Тапсырма 2. Аяқтарында мамықты жүндері бар тауықтарды, аяқтарында жүндері жоқ тауықтармен будандастырғанда бірінші буын балапандардың аяқтарында мамықты жүндері болады. Екінші буында 141 аяғында мамықты жүндері бар балапандар болды және 8 балапанның аяғында мамық болған жоқ. Будандастыру кестесін құрыңдар? Статистикалық түрде дәлелдеу.

 Тапсырма 3. Бір тұқымның қояндарының құлағының ұзындығы 30 см, ал басқ тұқымдасының құлақтары - 10 см. Құлақ ұзындығының айырмашылығы бір мәнді әрекеті бар екі жұп геніне байланысты. Ұзын құлақ қояндарының генотипы L1L1L2L2, ал жәй құлақты - l1l1l2l2. Бірінші ұрпағында қояндардың құлақтарының ұзындығы қандай болады және екінші ұрпақта қандай болатындығын анықтаңда?

 Тапсырма 4. Неліктен бірінші буындағы гибридтер ата-аналық емес пішінге тән сипатта болады?

 Тапсырма 5. Эпистаз дегеніміз не?

 Тапсырма 6. “Комплементарлықсөзіне түсініктеме беріңіздер?

 Тапсырма 7. Адамда алты саусақтың болуын ( полидактилия) доминатты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің анықтайтыны белгілі. Алты саусақты еркек, бес саусақты әйелге үйленеді. Олардың бес баласы бар, бәрі де алты саусақты. Егер ұлдарының біреуі бес саусақты әйелге үйленіп бірнеше баласы болса, онда қанша баласы полидактилиямен ауырады?

Тапсырма 8. Асқабақ жемісінің тегершік тәрізді пішіні екі доминантты ген –А мен В-ның өзара әрекеттесуі арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің бірі жоқ болса , жемістің пішіні  домалақ келеді.Ал екі геннің де рецессивті аллельдері біріксе, пішіні сопақ жеміс береді.

Жемістің пішіні тегершік тәрізді дигетерезиготалы өсімдік жемісі сопақша болып келетін өсімдікпен будандастырылған. Ұрпақтың фенотипі мен генотипін анықтаңыз.

А-В— тегершік тәрізді

А немесе В ғана болса – домалақ пішінді

аавв-сопақ пішінді

Тапсырма 9. Ұзын бойлы адамның генотипі А1А1А2А2, ал қысқа бойлы адамның генотипі   а1а1а2а2.

Олай болса орта бойлы адамның генотипі қандай?

Тапсырма 10. Сот процесінде алимент төлемегені үшін іс қаралып жатыр. Шешесінің қаны І топ. Ал баласының қаны ІІ топқа жатады. Баланың әкесі ретінде қаны ІІІ топқа жататын еркек болуы мүмкін бе?

Әкесінің қаны қай топқа жатуы мүмкін екенін анықтаңыздар.

Киелі 7 саны –тест

1.Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып, жаңа белгіні  жарыққа шығаруын … деп атайды.

А.эпистаз          В.Полимерия             С.комплементарлық          Д.көп аллельділік

2.Ерлі зайыптылардың қан топтары 1 жіне 4, балаларының қан топтары да 1 мен 4 бола ма?

Ия /жоқ

3.Комплементарлық әрекеттерге кері жүретін құбылыс қалай аталады?

  • 2 және 3 қан топтарында қанша генотиптен бар?

А)1 генотип           Ә)2 генотиптен          Б)1 және 2 генотип              В)білмейміз

5.Сәйкестендіру тесті

1

Қанық қызыл дәнді бидай

А1а1а2а2

2

Қызғылт дәнді бидай

А1А1А2А2

3

Ақ түсті бидай

А1а1А2а2

4

Қызыл түсті бидай

1а1а1а2а2

5

Солғын қызыл түсті бидай

А1А1А2а2

6.Генетика ғылымы зерттейді?

А)тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті                  С)Тұқым қуалаушылық пен бейімделуді

В)өзгергіштікті                                                           Д)гендерді

7.Мына генотиптен ВВРр қандай гаметалар ажырайды?

А)ВВ         В)ВР, Вр                С)ВР               Д)ВВ, Рр

Есеп №1 Ақ тышқан мен қара тышқанды будандастырғанда , бірінші ұрпақтағы қояндардың барлығы сұр түсті болған. Берілген суретті пайдаланып, ата-ана және Ғ1 генотипін және; Ғ– генотипі мен фенотипіндегі айырмашылықтарды анықта;

Есеп №2

Адамда қаракөзділік доминантты генмен (А), ал көк көзділік рецессивті генмен (а) анықталады. Көк көзді ер адам қара көзді әйелмен қосылғанда қара көзді қыз бала туған. Осы қара көзді қыз көк көзді жігітпен қосылғанда, көк көзді ұл дүниеге келген . Осылардың генотиптерін жазып көрсет;

Есеп №3

Ангор жүнді қоянды қысқа жүнді аналықпен шағылыстырған. Бұдан 35 қысқа жүнді ұрпақ алынған. Алынған Ғ1-ді өзара шағылыстырған кезде оларда пайда болатын ұрпақтың 25-і қысқа жүнді, 9-ы ұзын жүнді болған. Ангор типті жүн қояндарда қалай тұқым қуалайды. Әрбір шағылыстыруда алынған ата-аналары мен олардың ұрпақтарының генотипін анықта?

№1 Қаны гетерезиготалы ІІ – топтағы жігіт, қаны гетерезиготалы ІІІ – топ қызға үйленген. Ұрпақтарының қан тобының генетиптері қандай болмақ?

Жауабы:

2 - есеп.

Қара көзділік гені доминантты, көк көзділік гені рецессивті. Әкесі де шешесі де гетерезиготалы қаракөз жұбайлардан көк көз баланың дүниеге келуі мүмкін бе?

Жауабы: көк көз бала дүниеге келуі мүмкін

3-есеп: H сау адам (гемофилиямен ауырмайтын адам) , һ гемофилия гені. Есептің шарты бойынша анасы сау бірақ гемофилия генін тасымалдаушы, әкесі сау. Ұрпақтарында гемофилияның гені кімге беріледі?

шешуі:

Р♂ ХНУ х Р♀ХНХh

ХНХН Сау қыз . ХНХгемофилияны тасымалдаушы қыз ХНУ сау ұл ХhХН гемофилиямен ауру бала

Жауабы:Гемофилия генін тасушы қызбала, өздері ауырмайды, ұлдарына беріп, ұлдары ауру болып келеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу