Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттес. Эпистаз. Комплиментарлық. Полимерия. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.

 Доминанттылық – бір аллель екінші аллельді геннің әрекетін басуы.

 Толық доминанттылық – аллельді жұп геннің біреу басым қасиетті көрсетіп, гетерозиготалы күйде де гомозиготалы даралардағы  сияқты айқын көрініс береді, ал рецессивті геннің әсері байқалмай жасырын қалады.

 Толымсыз доминанттылық – аллельді гендердің екеуінің әсері бірдей байқалып, сондықтан аралық сипаттағы формалар қалыптасады. Толымсыз доминанттылық деп бірінші ұрпақтың ата-аналарының біріне де ұқсамайтын біркелкілігін айтады. Мұнда ата-анасының қасиетінің аралығы байқалады. Мысалы, бірсыпыра қой тұқымдарының ішінде шұнақ құлақ қойлар кездеседі. Егерде ұзын құлақтылармен (салпаң құлақ) шұнақ құлақты қойларды шағылыстырса құлағының ұзындығы орташа қойлар туады. Құлақ ұзындығы орташа қойларды бір-бірімен шағылыстырған уақытта орта есеппен әрбір төрт қозының біреуі ұзын құлақты, екеуінің құлағы орташа ұзындықта, ал біреуінің құлағы шұнақ болады. Бұл нәтижелер әр түрлі құлақ формаларының бір жұп аллельдердің басқаруымен тұқым қуалайтындығын және олардың арасында толық басымдылықтың жоқтығын дәлелдейді. Осыған орай гомозиготалық аллельдің біреуі, мысалы «АА» — ұзын құлақты, екіншісі — «аа» шұнақ құлақты басқарады, ал ол екеуінің гетерозиготалық жағдайында («Аа») кездескен қойлардың құлағы орташа ұзындықта болады.

 Кодоминантты тұқым қуушылық (соңғы кезде ашылды) бірінші ұрпаққа ата-аналары белгілерінің бірдей берілуі. Белгілер бір-бірінен тәуелсіз және бірдей дәрежеде көрінеді. Мысал ретінде ірі қара малдың шортгорн тұқымының түсін алуға болады. Егер таза қанды қызыл түсті малдарды бір-бірімен шағылыстырса қызыл бұзау, ақ түсті малдарды шағылыстырса ақ бұзау туады. Ал ақ бұқа мен қызыл сиырды немесе қызыл бұқа мен ақ сиырды шағылыстырса әр уақытта бурыл түсті бұзау туады. Кодоминанттық түрмен адам және жануарлар қанының топтары, белоктары құрамының өзгешіліктері, мысалы, гемоглобин, трансферрин, ферменттер т.б. тұқым қуады. Кодоминанттылыққа мысал ретінде адамның қан топтарын келтіруге болады. Қан тобы – бұл бір генмен анықталатын тұқымқуалайтын белгі. Осы геннің 2 емес, 3 аллелі (А, В, 0 символдарымен белгіленеді) болады. Осы аллельдердің комбинациясы арқылы қан топтары анықталады. 00 генотипті адамның қан тобы – І, АА немесе А0 генотипті – ІІ, ВВ немесе В0 – ІІІ, АВ генотипті – IV тобы. А және В аллельдері 0 аллельге басымдылық көрсетеді, бірақ бір-біріне басымдылық көрсетпейді. Осындай екі аллельді гендердің бір белгіге жауап беруі кодоминанттылық деп аталады.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу