Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттес. Эпистаз. Комплиментарлық. Полимерия. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.
Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы. | Тұқымқуалаушылық – ата-анадан берілген қасиет, ол белгілі бір биологилық түрге тән. Тұқымқуалаушылыққа байланысты трдің бірлігі, бүртұтастығы сақталады. | Өзгергіштік – организмнің тұқым қуалау қасиеттерінің сыртқы орта факторлары әсерінен өзгеруі, жаңаруы, түрленуі. | Фенотип – деп ағзаның ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығын айтады, яғни тұқымның түсі мен пішіні, гүлінің реңі, сабағының ұзындығы т.б. |
Ген – ДНҚ ең кіші бөлігі. Ген- тұқым қуалаушылықтың материалдық және функционалдық бірлігі. Ген (генетикалық тұрғыдан) –ағзаның бір немесе бірнеше белгісін анықтайтын хромосома бөлігі. | Локус – Хромосомда, плазмидада немесе клетканың басқа генетикалық құрылымында геннің орналасқан жері | Генотип – ағзаның гендерінің толық жиынтығы. Генотип фенотипті анықтайды. | Гомологиялық хромосомалар –пішіндері, көлемдері және гендер саны бірдей қос хромосомалар. |
Альтернативті белгілер — қарама-карсы белгілер (гүлдің қызыл және ақ түсі, тұқьімның беті тегіс және бұдыр, қой көзді және көк көзді). Көбінде альтернативті белгілер доминантты, ал екінші рецессивті болады. | Аллельді гендер — гомологиялық жұп хромосомның бірдей учаскілерінде орналасқан бір геннің әртүрлі формалары. Аллельді гендер бір белгінің дамуын бақылайды (бұршақ пішіні, бұршақ түсі, бұршақ гүлдерінің түсі, адамның көзінің түсі және т.б.). | Аллельді емес гендер – гомологты хромосомалардың әртүрлі локустарында немесе әртүрлі хромосомаларда орналасқан гендер. Олар әртүрлі белгілердің дамуына жауап береді. | Зигота –әр түрлі екі – әйел (жұмыртқа жасушасы) және ер адам (сперматозоид) гаметаларының қосылуынан пайд болған жасуша. Хромосом саны диплоидты. |
Гомозигота– гомологты хромосомада белгілі геннің бірдей жұп аллельдері орналасқан диплоитты ағза. АА, аа, ВВ, вв. Адамдарда, аналық ағзаның хромосомасы гомозиготалы, мысалы хх | Гетерозигота - белгілі геннің әр түрлі жұп аллельді гомологты хромосомаларда орналасқан әртүрлі гендер. Мысалы, Аа, Вв, Сс, т.б.Гетерозиготтарда доминантты аллель жарыққа шығады.Адамдарда, аталық ағзаның хромосомасы гетерозиготалы, мысалы ху | Доминантты ген - басым белгі. А, В, С және т.с.с. доминантты ген гомозиготада да (АА), гетерозиготада да (Аа) бірден көрінеді.Басымдылық типтері: толық, толымсыз не толық емес және қос басымдылық | Ата-енелер формалары тек бір жұп белгілері бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру моногибридті будандастыру деп аталады. Егер екі жұп белгілерінде айырмашылық болса, бұл дигибридті будандастыру болады да, осылай жалғаса береді. Ал, егер үш жұп белгілері бойынша шағылыстыру жүргізілсе, тригибридті, одан көп болса, полигибридті будандастыру деп аталады. |
Рецессивті белгі – фенотипте көрінбей қалған белгіні рецессивті (басылыңқы) деп атайды. Оларды кіші әрәптермен белгілейді. Мысалы, а,в,с және т.с.с. Фенотипте генотип гомозигота күйінде (аа) болса ғана көрінеді. | Гамета – аталық (сперматозоид) және аналық (овоцит) жыныс жасушалары | Мендельдің бірінші заңы — бірінші будандық ұрпақтың белгілерінің біркелкі болу заңы қалыптасты. Мұны бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы немесе толық доминанттылық заңы деп те атайды. | 2-заңы: Белгілердің ажырау заңы (моногибридті шағылыстыруға негізделген) 3-заңы: Тәуелсіз тұқым қуалау заңы (дигибридті шағылыстыруға негізделген) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру