Аллельді және аллельді емес гендердің өзара әрекеттес. Эпистаз. Комплиментарлық. Полимерия. Биология, 10 сынып, дидактикалық материал.


1.Генетика ғылымы нені зерттейді ? – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті

 2. Моногибридтібудандастыру дегеніміз не? – бір ғана жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата аналық формаларды  будандастыруды атаймыз. Мыс: асбүршақтың сарыжәне жасыл түсі.

 3. Дигибридтібудандастыру дегеніміз не? – екі жұп  белгілерінде айырмашылығы барата аналық формаларды  будандастырудыатаймыз. Мыс: сары тегіс, жасыл кедір – бұдыр.

 4. Мендель заңдары. – І заңы біркелкілік заңы. ІІ заңы ажырау заңы. ІІІтәуелсіз ажырау заңы.

 5. Толық жәнетолымсыз доминанттылық дегеніміз не? –Мендельдің  бұршаққа жүргізген  тәжірибелеріндегі  байқалған құбылысты  толық даминанттылық  деп атайды,  ал гетерозиготалы  ұрпақтан толық доминанттылық байқалмай, аралық сипатта болады, оны  толымсыз доминанттылық  дейді.

 6. Т.Морганзаңы. – Т.Морган жеміс шырыны дрозофилаға тәжірибе жасау арқылы «Тіркес тұқым қуалау заңын ашты»

 7. Кроссинговер дегеніміз не? – Гомологті хромосомалардың бөліктерінің  өзара алмасуы немесехромосомалардың айқасуы.

 8. Цитоплазмалықтұқым қуалау дегеніміз не? – жасуша ядросында болатын хромосомалардан тыс, оның  цитоплазмасында  орналасқан органоидтердің құрамындағы  гендер арқылы жүретін тұқым қуалау.

 9. Генетикалықкарта дегеніміз не? – Хромосомадағы  жеке гендердің орналасу ретін көрсететінсызба.

 10. Аллельдіемес гендердің өзара әрекеттесуінің неше типі бар? – Төрт. Комплементарлық, эпистаз, полимерия, көп аллельділік.

11. Комплементарлық әсер дегеніміз не? – Екі немесе бірнеше аллельді емес  доминантты  гендердің бірін бірі  толықтырып,  жаңа белгіні жарыққа шығаруы.  

12. Эпистаз дегеніміз не? – Бір ген  екінші  генді басып,  оның  белгісін жойып жібереді. Басымдық қасиет көрсететін генді супрессор деп атайды.

 13. Полимериядегеніміз не? – Бір белгінің дамуын қуаттайтын  бірнеше аллельді  емес  гендердің бірігіп қызмет атқару құбылысы.

 14. Көпаллельділік дегеніміз не? – Хромосоманың ген орналасқан   бөлігібірнеше рет мутацияға  қшырауынабайланысты, ол генні  бірнеше ретқайталануы.

15. Ген дегеніміз не? – хромосоманың белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратының өлшембірлігі.

16. Адамдағы хромосома саны – 46



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу