Тыныс алудың минуттық көлемі (зертханалық жұмыс). Биология, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4А Көбею

Мектеп:

Күні: ___

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі (жаңа тақырыпты меңгерту)

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалдарында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру

 Сабақтың мақсаты

  • Мүктер мен қырықжапырақтәрізділердің жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру

 Бағалау критерийлері

  • Споралы өсімдіктердің жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін сипаттау

 Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсаттары

Оқушылар:

  • споралы өсімдіктердің жыныссыз және жынысты ұрпақтарының ерекшеліктерін тиісті терминологияны пайдалана отырып ауызша, жазбаша сипаттай алады;
  • споралы өсімдіктердің ұрпақтарын сызбада атап көрсетіп жаза алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Гаметофит, спорофит, жынысты ұрпақ, жыныссыз ұрпақ, спорангий, спорофилл, сорус, бүр.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Гаметофит ... дамиды.

Спорофит ... дамиды.

Гаметофит ... түзеді.

Спорофит ... түзеді.

Мүктердің спорофит ұрпақтарына...,...,...,...жатады.

Қырықжапырақтың жынысты ұрпақтарына...,...,...,...жатады.

 Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады.

Моделдеу арқылы креативтілік, жаңашылдық, тапқырлық, таңдау жасай білу, ризашылық білдіру, ынтымақтастықта бола білу, бейімділік құндылықтары дамытылады.

Рөлдік ойын арқылы өзіне рефлексия жасау, өз ісіне жауапкершілік таныту, тілектестікте болу, қоғамдық өмірге дайындық құндылықтары дамытылады.

 Пәнаралық байланыс

Споралы өсімдіктердің таралуы туралы түсініктер арқылы география пәнімен байланыс орнатылады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 6 сыныптан жаратылыстану курсынан өсу мен даму арасындағы айырмашылықты, жыныссыз және жынысты көбеюді, 7-сыныптағы «Көбею» тарауынан өсімдіктің жыныссыз және жынысты көбеюін, өсімдіктегі вегетативті көбею тәсілдерін, ағзалардың өсу және даму үдерістерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы

0-4 мин

Сабақтың тақырыбын және мақсатын ашу үшін оқушыларға жасыл немесе шымтезек мүгі, қырықжапырақтың суреттері көрсетіліп, осы екі өсімдіктің ортақ белгілерін атау сұралады. Осы екі өсімдіктің екеуінің де споралы өсімдік екеніне оқушылардың назар аударту қажет.

1.Мүк пен қырықжапырақтәріздестерде қандай ортақтық бар?

2. Осы өсімдіктерде гүл бар ма?

3. Егер бұл өсімдіктерде гүлдер болмаса, онда бұл өсімдіктер қалай көбейеді?

Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.

1 -2 слайд

Сабақтың ортасы

4-24 мин

Мұғалімнің түсіндірмесі. Мұғалім оқушыларға таныстырылымның көмегімен спорофит және гаметофит ұрпақтардың айырмашылықтарын түсіндіреді.

Оқушыларға мүктер мен қырықжапырақтәрізділердің жынысты және жыныссыз ұрпақтары көрсетілген тіршілік циклінің түрлі түсті суреттері, видеоматериалдар, ақпараттық парақшалар және таныстырылым сияқты түрлі ресурстар таратылады, олар өз бетінше онымен танысады. Жұмыс барысында мұғалім сұрақтар қойып, тиісті кері байланысты ұсынады.

Мұғалім сынып оқушыларын бірнеше топқа бөліп, топта мүктер мен қырықжапырақтәрізділердің даму циклдерін сипаттап түсіндіру тапсырмасын орындауды ұсынады.

Топтық жұмыс:

мүктердің тіршілік циклі

  • қырықжапырақтәрізділердің тіршілік циклі

Әр топ өз тақырыптары бойынша деректерге сүйене отырып сыныптастарына әр өсімдік топтарының тіршілік циклінің кезеңдерін түсіндіреді.

Критерий:

Споралы өсімдіктердің жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін сипаттау

3- слайд

1- қосымша

4-11 слайд

25-36 мин

Оқушылардан қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау сұралады.

2-қосымша

Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс

14 слайд

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады

Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады.

Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды.

Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады 12-13 слайдтар

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы

Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы

Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы

Дескрипторлар арқылы

Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу