Тыныс алудың минуттық көлемін анықтау (зертханалық жұмыс). Биология, 8 сынып, қосымша материал.


  • Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

Жүктеменің тыныс алу жиілігіне әсері

Адам дене жұмысымен айналысқанда тыныс алу жиілігі жылдамдайды , себебі барлық мүшелерде қалыпты жағдайда (дене мүшелерінің оттегіні қабылдауы азғантай, ал дене жұмысы кезінде оттегіні қажет етуі миокардта (жүрек бұлшықеті ) 3-4 есе , ал қаңқа бұлшықетінде 20-50есе өседі .Тыныс алу жиілігінің ,тереңдігінің өсуі гипервентиляция деп аталады. Адам тыныш отырғанда оттегінің қажеттілігі 1минутта 0,5л болса, ал жүктеме (кезінде 2-4л дейін барады .Өкпе және тыныс алу жолдарының қан тамырлары кеңейеді, тыныс алу нейрондарының жұмысы белсенді болады, тамырлармен қанның ағуы жылдамдайды .Жұмыс істеген уақытта энергия көп жұмсалады , қайтадан энергия түзу үшін оттегі қажет, бұлшықеттер, жүрек, миды оттегімен қамтамасыз ету үшін адам жиі тыныс алады .

  • Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

Шарды үрлеу кезінде абай болу. Бір шарды тек бір оқушы ғана үрлейді, басқалардың үрлеген шарларын үрлеуге болмайды. Дене жаттығуларын жасаған кезде абай болу. Егерде жүрек, тыныс алу мүшелеріне қатысты кемшіліктері бар оқушылар болса олар тек сыныптастарының жинаған деректерін пайдаланып жұмыс жасайды. Зертханалық жұмысты орындау кезінде қауіпсіздікті сақтауларына назар аударылады.

  • Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

Тыныс алудың минуттық көлемін анықтағаннан соң оқушылар бұл білімнің қандай маңызы бар екенін талқылайды. Оқушылар әртүрлі ауруларға шалдыққан адамдардың тыныс алуы көрсетілген диаграмманы талдап, бағалайды.

Жұмысты орындау кезінде оқушылардың тыныс алу қозғалыстарын дұрыс санауына назар аударылады. Оқушылар тыныс алған кездегі кеуде қуысының ұлғаюын санауға алдымен жаттығып алады.

  • Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

Талқылау сұрақтары, зертханалық жұмысты орындаулары, кестені толтыруы, нәтижені талдай алуы, есептеулерді дұрыс орындауы, талқылау сұрақтарына жауап бере білулеріне кері байланыс беріледі.

  • Саралау тапсырмалары
  • 3-қосымшада ұсынылды
  • Тапсырма жауаптары, критерийлері

Критерий:

  • Тыныс алудың минуттық көлемі ұғымын түсінеді;
  • Тыныс алудың минуттық көлемін анықтайды;

Дескрипторлар:

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтайды
  • Зерттеу жұмысының мақсатын дұрыс анықтады
  • Жұмыстың барысын дұрыс жасады
  • Математикалық формулаларды дұрыс қолданады
  • Кестеге мәліметтерді дұрыс өлшеп жазады
  • Өз нәтижелеріне талдау жасайды
  • Өз нәтижелерін басқалардың жұмысымен салыстыра отырып, қателіктерін анықтап, жетілдіру жұмыстарын белгілейді
  • Өз ағзасының физиологиялық ерекшеліктеріне баға береді
  • Сілтемелер мен ресурстар

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/adam-biologiyalyq-tur-retinde/tynys-alu-zhujesi/lesson/adamnyng-tynys-zhujesining-fiziologiyasy

Өкпенің құрылысы туралы тапсырма

http://www.kscience.co.uk/animations/lungs.htm

Р.Әлімқұлова, Р.Сәттімбеков, А.Соловьева Биология,181-182 бет

Тыныс алу тыныс шығару кезіндегі өкпе: 0-1.20 минутқа дейін:

https://www.twig-bilim.kz/kz/film/lungs

Р.Әлімқұлова, Р.Сәттімбеков, А.Соловьева Биология,181-182 бет

Ақпарат көздері:

 1.http://med-kz.ucoz.com/publ/orta_buyn_medicina_qyzmetkerlerinin_maqalalary/tynys_qozgalysynyn_zhiiligin_tqzh_anyqtau/3-1-0-1286

 2.https://kk.wikipedia.org/wiki/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу