Кейіпкерлердің іс-әрекетін. Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну «Аватардың» тілін білетін Арман» Б. Мәжитов. бағалау. «Ағаш тостақ» . Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Болашаққа саяхат

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну

«Аватардың» тілін білетін Арман» Б. Мәжитов

Оқу мақсаттары

4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру

4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру

4.3.3.1 шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, презентация түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарма бойынша өз ойын білдіреді, маызды тұстарын талдайды, үлгі бойынша шығармашылық жұмыс жасайды.

Көптеген оқушылар: шығарма бойынша өз ойын өзге оқиғалармен салыстырады, оқиғкалардың негізінде маңызды тұстарын талдайды, сызба түрінде шығармашылық жұмыс жасайды;

Кейбір оқушылар: өз ойын өмірмен байланыстыра отырып білдіреді, оқиғалардың негізінде маңызды тұстарын талдап салыстырады, өздігінен шығармашылық жұмыс жасайды.

Бағалау критерийлері

  • өз ойын өмірмен байланыстыра отырып баяндайды;
  • оқиғаның маңызды тұстарын талдайды;
  • өз ойын сызба арқылы жеткізеді.

Тірек сөздер

Пәнге тән лексика мен терминология: аватар, ғаламшар, айдаһар, мәжбүрлеу, шүлдірлец, мемлекеттік мәртебе.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- Бұл оқиға қай жерде орын алған?

-Арманның үндемеуі немен келіскенінің белгісі болды?

- Сен келісесің бе?

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларға өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Шығармашылық жұмысты сызба түрінде ұсыну арқылы көркем еңбек пәнімен байланыстырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ширату жаттығуы

«Үш пікір» әдісі.

Сұраққа жауап беру. «Неліктен ана тілім деп айтады?» Осы сұрақ төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы сандықшаға тастап отырады. Барлық оқушылар өз пікірлерін айтып болған соң мұғалім бүгінгі оқылатын мәтіннің қандай болатынын болжап айтуларын сұрайды.

Сабақ мақсатымен таныстыру.

Бағалау критерийін бірлесе құрасытру немесе таныстыру.

Қосымша №1

Слайд №1-2-3

Сабақтың ортасы

6-15 минут

15-21 минут

22-27 минут

28-35 минут

1-тапсырма

(Ұ, МК). «Стоп кадр» әдісі.

«Аватардың» тілін білетін Арман» әңгімесін түсініп оқу.

1. Оқушылар мәтінді оқып отырған кезде мұғалім бір оқушыға «стоп кадр» деген белгі немесе сигнал беріледі, сол оқушы оқып отырған жерінен тоқтап, сол бөлігі бойынша түсінгенін айтады.

2. Әңгімені оқу осылай кезекпен жалғасады.

3.Барлық оқушылар оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі.

4. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін қайта шолу тапсырылады.

5. Қажеттілігіне қарай мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.

1.Әңгімеде кімдер туралы айтылған?

2.Әңгімеге тағы қандай тақырып қоюға болады?

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы әр кадрдан соң пікір айтуда қиналатын кейбір оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіліп отырады. .

ҚБ: «От шашу» әдісімен оқушылар бір-бірінің жауаптарын бағалайды.

2-тапсырма

(Т) «Оқиға шыңы» әдісі.

«Аватардың» тілін білетін Арман» әңгімесінде оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарды талдау мен салыстыру тапсырылады.

1. Оқушыларды топтарға бөліп, оқиға шыңы кестесі беріледі. Пирамиданың әр бөлктеріне солдан оңға қарай шығарманың мазмұны бойынша маңызды тұстарын белгілейді.

2. Кестені толтырып болған соң, топтар бір-бірінің жұмыстарын қарап шығып, пікірлерін салыстырады. Жұмысты дұрыс деп санаса (жасыл), түзетулер қажет деп есептеп (сары) стикер жабыстырады.

3. Әр топ жұмыстарын қайта алып, басқа топтардың бағларымен келісетінін/келіспейтінін айтып, өз жұмыстарын қорғайды.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы саралау жүргізіледі. Қарқыны жылдам топтарға қосымша өмірде болған оқиғадан мысал келтіріп, әңгімелеп көру тапсырылады. Басқа топтарға негізгі тапсырманы орындауға біршама уақыт беріледі.

Б: Стикерлер арқылы бағалау.

3-тапсырма

(Т) «Оқиға картасы» әдісі

Мәтіндегі эпизодтар мен оқиғалардың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру тапсырылады. Әр топқа оқиға картасының сызбасы таратылады, оқушылар оқылған мәтін бойынша сызбаны толтырады.

«Оқиға картасы» үлгісі

Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін талдай отырып, әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгімелеуде әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптары қабылданады.

(Б) Топтар бірін бірі ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

4 – тапсырма

(Ұ,Ө) «Қабырға сұлбасы»

Оқушыларға әңгіме мазмұны бойынша шығармашылық жұмыс жасайтындары хабарланады.

2. Арманның мінез-құлқы мен іс-әрекетін анықтауға негізделген сөздерді мәтіннен оқып шығу тапсырылады. Арманның іс-әрекетіне сипаттама бер деп тапсырма беріледі.

3. Ол үшін қабырға сұлбасын толтыру ұсынылады.

4. Адам сұлбасы салынған қағазды топқа беріңіз немесе оқушылардың өздерінің салуына болады. Оқушылар екеуден немесе өздігінен жұмыс істейді.

5. Олар сол кейіпкерді басқа адамдар сыртынан қалай көретінін көрсетіп, сөздерді немесе сөйлемдерді сұлбаның сыртына жазады. Сұлбаның ішіне олар кейіпкер өздерін қалай сезінетінін, олардың ойлары мен сезімдерін жазады.

Саралау. Қорытынды саралау тәсілі.

Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нəтижелері əртүрлі болады. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

ҚБ. Оқушылардың дескриптор бойынша өзін – өзі бағалауы

Қосымша №2

Слайд №4

Қосыша №3

Слайд №5

Слайд №6

Қосымша 4

Слайд №7

Қосымша 5

Сабақтың соңы

35- 40 минут

«Карточкалар иерархиясы» әдісі.

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.

1. Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточкалар беріледі:

  •  өз ойымды өмірден мысал келтіре отырып білдіре алдым
  •  оқиғалар негізінде әңгіменің маңызды тұстарын анықтай алдым;
  •  шығармашылық жұмыситы сызба түрінде орындай алдым.

2. Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап қоюға болады.

3. Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір- бірінің рейтингілерін салыстыра алады.

Жұмысты бас бармақ арқылы көрсетеді.

Үйге тапсырма: «Өзге тілдің бәрін біл...» тақырыбында презентация әзірлеу тапсырылады.

Слайд№8

Қосымша 6

Саралау

1-тапсырма. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы әр кадрдан соң пікір айтуда қиналатын кейбір оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіліп отырады

2-тапсырма. Қарқын тәсілі арқылы саралау жүргізіледі. Қарқыны жылдам топтарға қосымша өмірде болған оқиғадан мысал келтіріп, әңгімелеп көру тапсырылады. Басқа топтарға негізгі тапсырманы орындауға біршама уақыт беріледі.

3,4-тапсырма «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін талдай отырып, әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгімелеуде әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптары қабылданады. Бір тапсырма беріледі, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап берулері күтіледі.

Дескрипторлар:

  • мәтін бойынша өз ойын өмірмен байланыстыра алады;
  • мәтіннің мазмұнын баяндайды;
  • оқиғаның маңызды тұстарын талдайды;
  • өз ойын сызбаға түсіреді
  • сызбаға сәйкес өз ойын жеткізеді.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ-мен жұмыс жасау ережесін ескереді.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік,қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу