Кейіпкерлердің іс-әрекетін. Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну «Аватардың» тілін білетін Арман» Б. Мәжитов. бағалау. «Ағаш тостақ». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материал
Қосымша 1
Сұрақ:
«Неліктен ана тілім деп айтады?».
Таяқшалар үлгісі:
Қосымша 2
Сұрақтар:
1.Әңгімеде кімдер туралы айтылған?
2.Әңгімеге тағы қандай тақырып қоюға болады?
«Аватардың» тілін білетін Арман»
Күн жексенбі болатын. Ауылдағы алаңқайда балаларымды ойнатып жүр едім, қасыма мектеп жасындағы бір балақай жүгіріп келді.тани кеттім. Көрші үйде тұратын Арман екен. Арман биыл5- сыныпты оқып жүр. Өзі бір кісі алдынан қия өтпейтін тәрбиелі бала. Көрген жерде құрақ ұшып амандасатыны бар. Арман маған әдеттегідей қос қолын ұсынды. Бірақ амандасқаны сол еді, қалтасындағы ұялы телефоны «әндетіп» қоя берді. Балақай анадайға барып, ұзақ сөйлесті. Сөз арасында шүлдірлеп бірдеңелерді айтып қояды. Ақырын құлақ түрсем, бұрын- соңды естімеген бейтаныс тіл. «Бұл бала қай тілде шүлдірлеп отыр?» -деп аң-таң болдым. Ақыры шыдамым таусылды. Сөйлесіп болып, телефонын қалтасына сүңгіте бергенде, Арманды қасыма шақырдым. -Қане, айта қойшы. Жаңа қай тілде сөйледің? -Нави тілінде, - деді Арман -Нави? Ол қай тіл? Қай ұлттың тілі- дедім таңданысымды жасыра алмай. Арман тақ ете қалды. -«Аватар» фильміндегі Пандора ғаламшарының тұрғындарының тілі ғой. -А-а-а.. Солай ма...-дедім де, артынан ойланып қалдым. «Авотардың» Фантастикалық фильм екені есіме сап ете түсті. Бір сәттік аңғалдығыма іштей күлкім келді. Бірақ оны Арманға сездіргім келмеді. Қайта ренжіген сыңай таныттым. -Арман ағаңды алдағаның қызық болды ау...... -Айта берсе көп қой... Олар айдаһарды ерттеп мініп, аспанға ұша алады. -Дұрыс. Бірақ меніңше басты артықшылығы мынада. Олардың елі өмірде жоқ. Қиялдан туған. Ал тілін біреулер ешкім мәжбүрлемей- ақ өздігінен үйреніп жүр. Ал біздің еліміз бар. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие. Бірақ кейбір қандастарымыз ана тілін білмейді. Тіпті білу керектігі миларына кірмейді. Өз елінде жүріп өзге тілде шүлдірлеуге құмар. Осыған келісесің бе?
Арман үндемей қалды. Үндемегені келіскені ғой
Б. Мәжитов
Қосымша 3
«Оқиға шыңы»
Қосымша 4
«Оқиға картасы»
Қосымша 5
«Қабырға сұлбасы»
Қосымша 6
«Карточкалар иерархиясы»
- өз ойымды өмірден мысал келтіре отырып білдіре алдым
- оқиғалар негізінде әңгіменің маңызды тұстарын анықтай алдым;
- шығармашылық жұмыситы сызба түрінде орындай алдым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?