Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау. «Ағаш тостақ». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа саяхат

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау

«Ағаш тостақ»

Оөқу мақсаттары

4.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді

Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.

Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ерекше ат қояды.

Бағалау критерийлері

  • мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
  • әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
  • кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалайды.

Тілрек сөздер

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ағаш тостақ, ағаш кескінділері, жанары сөне бастаған сулы көздері

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық. Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады.

Еңбек пен шығармашылық. Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Шығарманы оқи отырып, тақырыпты өмірмен байланыстырады.

Пәнаралық байланыстар

Мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруда қазақ тілі пәнімен байланыс орнатылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтада

Бастапқы білім

Мәтінді түсініп оқиды, шығарма құрылымын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ширату жаттығу. (ЖЖ). Бұл кім?» ойыны. Оқушылар өз еріктерімен жұптасып, сыныптың ортасына шығады. Мұғалім өз жұбына мінездеме бер деген тапсырма береді. Оның қандай іс-әрекетіне қарап, мінездеме бергенін айтады. Барлық оқушы уақыт басталды деген нұсқау берілгенде бастайды. Оқушылардан қандай тапсырма орындағандары сұралады, қандай іс-әрекет жасағандарын айтады.

Сабақ мақсаты: оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны логикалық бөліктерге бөліп, жоспар құрады және кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып баға береді.

Слайд № 4

1-қосымша

Слайд № 2, 3

Сабақтың ортасы

  • тапсырма

(Ө) «Белгіле» әдісі. «Ағаш тостақ» мәтіні оқылады.

1. Жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқу тапсырылды.

2. Оқи отырып бөлген бөліктерге белгі қою үшін стикерлер жабыстырады. Оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

Б: Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды.

2-тапсырма

(Т) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі. «Ағаш тостақ» әңгімесінен белгілеген бөліктерге ат қойыңдар.

1. (ЖЖ) Жұпта мәтін мазмұны бойынша сұрақтарды талқылайды.

-Бала әке-шешесінің қылығын қалай түсінді?

-Неліктен ата- анасы өз іс – әрекетіне ұылды?

-Бала ата-анасының іс- әрекетінен қандай қорытынды шығарды? Неліктен?

2.Топтар өздерінің белгілеген бөліктері бойынша талдап алады.

3. Сол бөліктер бойынша ат қояды.

4. Бөліктерге қойған аттарын жалпы топқа таныстырады. Неге олай атағандарын түсіндіреді.

Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.

Дескриптор:

- кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалайды;

- мәтінді бөліктерге бөледі.

Б. «Жұлдызша» арқылы бағалау.

3-тапсырма

(Т)1.Мұғалім әр топқа мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруды ұсынады.

2.Оқушыларға жоспар құрып өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі.

3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.

4.Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.

Жоспар:

1.Қартайған қария

2. Тостаққа құйылған ас

3. Отбасындағы сыйластық

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.

Дескриптор:

- мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;

-әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;

 Б. Топтар өздерін-өздері бағалайды

4-тапсырма

(Ө) «Сөйлеу құрылымдары» әдісі.

Ата-анасының іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалап жаз.

«Менің ойымша, ............ мұның себебі............»,

«Мысалы, ................»,

«Сонымен қатар, менің айтайын дегенім.............» сияқты кіріспе сөздер тізбегі берілген.

1.Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.

2.Жазғандары бойынша барлық ұжымға өз еріктері бойынша оқып береді.

Б: «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

Оқулық

Түрлі-түсті стикерлер

Слайд № 5

Слайд № 6

2-қосымша

Сабақтың соңы

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі

1.Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

2.Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

3.Ортан терек-ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

4.Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

5.Кішкентай бөбек-көңіл күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалай сезіндім

Слайд № 7

3-қосымша

Саралау. 1-тапсырманы орындау қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

2-тапсырманы орындау барысында диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.

3-тапсырманы орындау барысында қорытынды тәсілі арқылы сараланады. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.

4-тапсырманы Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.

Дескриптор

  • мәтінді белгі қойып түсініп оқиды.
  • мәтінді логикалық бөліктерге бөледі;
  • әр бөлікке ат қойып, жоспар құрастырады;
  • кейіпкердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп тауып, бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ-мен жұмыс жасау ережесін ескереді.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу