Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау. «Бір ауылдың бағбаны» Жеткерген Әбдірейұлы. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қоршаған ортаны қорғау

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау

«Бір ауылдың бағбаны» Жеткерген Әбдірейұлы

Оқу мақсаттары

4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру

4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбына сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды

Көптеген оқушылар: кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап сюжеттің дамуын болжап негіздей алады

Кейбір оқушылар: өзіндік талдауларын негіздей алады

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің тақырыбына сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды
  • кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: бағбан, жеміс ағаштары Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: жасаған болжамдары бойынша мәтіндегі оқиғаларға сүйенеіп кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағала.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық. Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады. Еңбек пен шығармашылық. Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады. Шығарманы оқи отырып, тақырыпты өмірмен байланыстырады.

Пәнаралық байланыстар

Өсімдіктерді күтуді жаратылыстану пәнінен алған білімдерімен байланыстырады

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан сабаққа қатысты қосымша көрнекіліктер көрсетіледі

Бастапқы білім

Мәтінді түсініп оқи алады, өзін-өзі бақылауды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ширату тапсырмасы: Тақтадан сурет көрсетіледі.

Оқушылардан сол суреттегі балалардың мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша сұралады

  • Балалардың жасы нешеде?
  • Немен айналысады?
  • Мінездері қандай?
  • Көңіл-күйлері қандай?

Оқу мақсатын анықтау: Сурет бойынша қандай сұрақтарға жауап бердіңдер?

Сабақ мақсаты: шығарманың тақырыбына сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды

Сурет

Слайд №1-4

Қосымша №2

Сабақтың ортасы

6-10 минут

11-21 минут

22-30 минут

31-36 минут

1-тапсырма

(Ө). Жеткерген Әбдірейұлының «Бір ауылдың бағбаны» әңгімесінің 1 бөлімін оқу тапсырылады. Әңгімені бөлімге бөліп оқиды.

1.Бірінші бөлімін өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

2.Мәтіннен болжауға қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды.

3.Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады.

Саралау: Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

Б: Өзіндік бағалау. «Смайликтер».

2-тапсырма

(Т,Ұ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі. Ұзақбай әрі қарай істейді, болжа?

1.Мәтін бөлігін оқып болған соң, топта мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды.

2.Жасаған болжамдары бойынша мәтіндегі оқиғаларға сүйенеіп кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

Саралау «Диалог және қолдау көресту» тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырғанда қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен мадақтау.

3-тапсырма. Мәтіннің 2 бөлімін оқу тапсырылады.

1.Мәтін жалғасын оқу.

2. Жасаған болжамдары бойынша мәтіннің бөлігімен салыстырады.

3. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.

4. Әр топ жұмыстарының қортындысын қорғайды.

Саралау: Басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін қолдау көрсетіледі.

Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

4-тапсырма. ). «Төрт сөйлем» әдісі

Ұзақбайдың іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін анықта.

1. Ұзақбайдың іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтап өз топтарында талқылайды.

2.Алдын-ала дайындалған қағазға төрт пікір жазады:

Пікір. іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептері. (бір сөйлем).

Дәлел. бір сөйлеммен дәлелдеңдер. (бір сөйлем).

Мысал. пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер. (бір сөйлем).

Қорытынды. Қандай қорытынды шығардыңдар (бір сөйлем).

3.Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Саралау:Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.

Б: «Пантомима». Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.

Слайд №5

Қосымша №1

Түрлі-түсті стикерлер

Слайд №7

Қосымша №1

Слайд №6

Қосымша №3

Сабақтың соңы

37-40 минут

Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі:

Оқушылар таңдаған алмасын алма ағашына іледі.

Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.

Сары түсті алма- мен тапсырманы орындай алдым, бірақ үйренерім бар.

Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 

Слайд №7

Саралау. 1-тапсырма. «Қарқын арқылы саралау». Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

2 тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы қажетті ақпаратты мәтіннен қарастырғанда қиналатын оқушыларға сөзбен ынталандырып, қолдау көрсетіледі.

3 тапсырма – Басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі.

4 тапсырма – «Тапсырма арқылы саралау». Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керек пе, әлде күрделі тапсырмалар беру керек пе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау.

Дескриптор

  • мәтінді түсініп оқиды
  • мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды
  • кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлекс

Жалпы баға.

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу