Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау. Көкпар. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Қарағанды қаласы Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | 2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау Көкпар | ||||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру 4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбына сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, кейіпкерлердің іс-әрекеті мен мінез-құлқын сипаттайды, баға береді. Көптеген оқушылар: шығармаданың қорытынды бөліміі негізінде сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, көркем шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай отырып, өзгеру себептерін сиптаттайды. Кейбір оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалай отырып, сюжеттің дамуын болжайды, өз ойын өмірмен байланыстыра дәлелдейді. | ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Мәтін мазмұын бойынша кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттай алады, Көкпар ойыны, басқа да мұралар туралы әңгімелей алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Көкпар, жыра, саф ауалы көк жайлау, әлекедей жалаңған, әйгілі көкпаршы, аттың алқымы, ұзын сирақ. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
| ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Мәтін мазмұнына байланысты ұлттық ойындар мен қазақтың мәдени мұраларын құрметеуге тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау. | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез – құлқын сипаттауда, өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. | ||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Қазақтың ұлттық ойыны Көкпар туралы бейнеролик көрсету | ||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере алады, кейіпкердің мінез-құлқы туралы әңгімелей алады. Кейіпкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқына баға бере алады. | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | Ширату жаттығуы (Ұ) «Жақсы сөз» ойыны Оқушыларға тақтадағы суретке қатысты 10 сөз айту ұсынылады. Тақтаға спорттық, ұлттық ойындардың суреттері ілінеді. Оқушыларға суретке қатысты сөздерді параққа жазып, айтады. Оқушылармен бірге жазылған сөздер қорытындыланады. -Бұл сөздердің адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне байланысты болуы мүмкін бе? Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады. Оқу мақсатын хабарлау: Шығармадағы іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалаймыз, шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжап, оның себебін түсіндіреміз. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. | Қосымша №1 Слайд №1-3 | |||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-12 минут 13-18 минут 19-25 минут 26-32 минут | 1-тапсырма (Ұ;Т) «Кейіпкерлер әлемі» әдісі қолданылады. «Көкпар» әңгімесін үш бөлімге бөліп, «Бірлескен оқылым» тәсілімен оқып сұрақ құрастыру ұсынылады. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ әңгіме мазмұныны бойынша оқиғаның басын, дамуын, соңына байланысты сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Оқушылардың сұраққа берген мәнді жауаптары бағаланады. Сұрақтар: 1-топ. Қазақ халқының жаз бойы дәстүрлері қандай еді? 2-топ. Әйгілі көкпаршы Дүйсебай Бектемісов қалай суреттелген екен? 3-топ. Көкпарда жеңіске жаткен баланың болашаққа деген көзқарасы қалай қалыптасты? Оқу мақсатына сәйкес кейіпкердің мінез-құлқын сипаттап, іс-әрекетіне баға беруде, сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамытылады. Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға бере отырып, оларға сипаттама бере отырып, үлкендерге құрмет көрсетуге тәрбиеленеді. Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, сұрақтарға әртүрлі жауап берулері күтіледі. Б: «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылардың сұраққа жауап берулері өзара бағаланады. 2-тапсырма (Ө, Ж, Т) «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы арқылы «Көкпар» әңгімесіндегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау ұсынылады. Оқушылар мәтіннің үзінділері бойынша кейіпкерлерді анықтап, кестеге жазады, олардың іс-әрекетіне қарап, мінездеме береді.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі кейіпкерге сипаттама беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. (Б) «Шаршылар» әдісі Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушыларға шаршының суреті таратылады. Егер мәтін түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса, сарымен, тақырыпты өте жақсы түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды. 3-тапсырма (МК, Ұ) «Төрт сөйлем» тәсілі «Көкпар» әңгімесіндегі тақырыбы мен қорытынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау тапсырылады. Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. (ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау. Дескрипторлар:
4-тапсырма (Т, МК) «Кластер» әдісі Оқушыларға мәтін мазмұнына сәйкес Көкпар ойыны туралы бейнеролик көрсетіледі. Оқылған мәтін мен көрсетілген бейнеролик негізінде әр топқа ойын түрін суреттеу ұсынылады. Әр топқа кластер суреті таратылады. Оқушылар бірлесіп талқылап отырып, ойынды суреттейді. Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қойыла отырып, қолдау көрсетіледі. (Б) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады. | Қосымша №2 Слайд №4 Қосыша №3 Слайд №5 Қосыша №4 Слайд №6 Қосыша №5 Слайд №7 Қазақтың ұлттық ойыны Көкпар туралы бейнеролик: | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 33-36 минут 37-40 минут | 5-тапсырма (Т) «Оқиға картасы» әдісі «Көкпар» әңгімесінің мазмұны бойынша оқиға желісін болжап, жалғастырып әңгімелеу тапсырылады. «Оқиға картасы» үлгісі:
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады. (Б) Топтар бірін бірі ауызша мадақтайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!». Рефлексия «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді. Тік көтерсе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алдым. Жанына туссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтауда қиналдым. Төмен түссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алмадым. Оқушылар өздерін бағалау арқылы азаматтық жауапкершілікке тәрбиеленеді. Үйге тапсырма ретінде басқа ұлттық ойындар туралы деректер қарастыру ұсынылады. | Қосыша №6 Слайд№8 Қосыша №4 Слайд №9 | |||||||||||||||||||
Саралау 1-тапсырма Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, сұрақтарға әртүрлі жауап берулері күтіледі. 2-тапсырма Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі кейіпкерге сипаттама беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі. 3-тапсырма «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады. 4-тапсырма Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қойыла отырып, қолдау көрсетіледі. 5-тапсырма «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады. | Дескрипторлар:
Бағалау әдістері: «Жапондық бағалау» әдісі, «Шаршылар» әдісі, «Бас бармақ» әдісі, ауызша мадақтау. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ-мен жұмыс жасау ережесін ескереді. | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?