алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау. Көкпар. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

«Жақсы сөз»

Үлгі сөздер: ойын, спорт, күш, жігер, қуаныш.

Сұрақ:

-Бұл сөздердің адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне байланысты болуы мүмкін бе?

Қосымша №2

«Кейіпкерлер әлемі»

Көкпар

 Жыра – жықпылдың бәрі жер астынан қайнап шығатын көз- мөлдір бастаулы; сан алуан гүлі кілемнің түріндей құлпырған, саф ауалы көк жайлауға шыққанда халық бір бой жазып, сергіп қалатын. Жаз бойы қыз ұзатып, келінтүсіріп, сүндет той жасап, ат шауып, құнан жарыстырып, көкпар тартатын. Әсіресе көкпар дегенде жұрттың делегесі қозып, тайлы-таяғымен түк қопарыла аттанатын. Бірде әйелдер қылмойын аттап кеткен ешкілі бай той жасап, көкпарға көбдік лақ берді. Көкпаршылар мұны: «Додаға жарамайды, қырғызша тартып ойнап, жұртқа тамаша көрсетейік» ,- деп шешті. Сөйтті де тамашаға жиналған халық екіге бөлінді. Екі жақтан да екі-екіден жүйрік, белді аттарды сайлап мініп, әлекедей жалаңған төрт жігіт шықты. Лақты тайға мінген бір бала өнгеріп алып, далақтап, межелі жерге апарып тастап қайтты. Қарсылас екі жігіт түпке (лаққа) кетіп, екеуі жол тосып қалды. Түпке барған екі жігіттің біреуі әйгілі көкпаршы Дүйсебай Бектемісов еді. Өзі қаршығадай ғана қағылез, мығым жігіт. Астында Жүнісқан дегеннің мәпелеп, тақымына басып, мініп жүрген балық жон торала аты. Дүйсебайды көргенде-ақ қарсы жақ шу ете қалған.

Ол қарсылысын ығына алып, желе шоқытып барып, оң жағына еңкейіп, лақты іліп алды да, сол беті сүйрете жөнелді. Қарсыласы атының басын көкпар жаққа бұрып , оң жағына шыға бергенде, Дүйсебай лақты аттың алқымының астынан лып еткізіп, сол жағына ала қойды. Қарсыласы үстінен артыла келіп қолын созып еді, ол жерге сүйретіп жүріп отырды. Қарсыласының қолы лаққа жетпей көп әуреленді. Ақыры , ол ыза болып, Дүйсебайды өзіне қарай аудара тартып еді :

-Адамнан тартпа, адамнан тартпа! Ұстасаң, лақтан ұста! Өйтіп ойынның шартын бұзба! – деп былайғы жұрт шулап қоя берді.

 Сөйткенше болған жоқ, екеуі оп-оңай жол тосып тұрған серіктеріне де келіп жетті. Екеуі де тыпыршып әрең тұр еді, дереу килігіп кетті . дүйсебайдың серігі қарсыласын көкпарға жақындатпай, қақпайлап , бөгей берді. Сөйтіп екеуі көкпарды ортаға алды да, екі қарсыласын да сырт қалдырған бойы, көкпарды қарсы жақтың сөресіне апарып тастады.

 Бұдан соң басқа екі пар шықты. Олар да өстіп өз әлдерінше өнер көрсетті. Одан соң да сөйтіп, жұрт әбден қызығып алған болатын. Бұл жолы : «Көбдік лақ тақымға жарамаайды» ,- дегенге көнбей, ұзын сирақ Жұмақожа мен Әбдін дәу тақымдаса кетсін. Екеуі де қамшыларын алақанынан ауыздарына тістеп, көкпар жаққа ауыңқырап , салмағын сала орнығып отырып алған.

-Тарт аттың басын! – деп серіктеріне барлығыңқы дауыспен бұйыра айқайласты.

Екеуі екі жаққа жұлқа тартқанда, лақ ортасына қақ бөлінді. Кеудесі біреуінің, бөксесі біреуінің тақымында кетті.

Әрине, бұған көкпаршылардың құмары тарқамай қалған. Содан соң көкпарда жаңалаудың қамына кірісті. Жұрт ананы-мынаны айтып, гулесіп жатқан, Дүйсебайдың көзі астында бауырынан жараған жирен қасқа аты бар Нұрбектің он-он бірлерге жаңа толған жалғыз ұлына түсе кетті. Ол қолма-қол оған әлігін де Жұмақожаның тақымында келген лақтың бөксесін өңгерте салды да:

-Тарт, үйіне апарып таста! –деп, жирен қасқаны сауырдан қамшымен бір тартты да, дүркіретіп қуып берді. Жирен қасқа самсаған сан қолдан суырылып шыға жөнелді. Сол беті бала ешкімге шалдырмаған бойы барып, есігіне көкпар тастады. Артынан ентелей жеткен көкпаршылар:

-Міне, балаң жігіт болып, есігіңе көкпар әкеліп тастады. Той, той жаса! Көкпар бер! Кәне, жігіттер, «аумин» деңдер!

 Көкпаршылар шулап алақандарын жайды. Баласының аман-есен болуын, халқына қалаулы азамат болуын тілеп бата берісті. Езуі екі құлағына жете қуанған Нұрбек тайыншадай көк серкесін бауыздап төрт сирағын кесіп өте ауыр болғандықтан іші-қарнын атқарып тастап, қан-жынын тазалап жуып, терісін қайтадан кендір жіппен тігіп, мұздай суға бір малып алып, денесін салқындата берді. Енді бұл күні бойы қандай додаға салсаң да шыдайтыны анық еді.

-Уа, халайық, менің көк серкені көріп, жастық шағым есіме түсіп, делебем қозып келеді. Мен Ташкенде жүргенде көкпарға бұзау тартқанды көргенім бар.

 

Үлгі сұрақтар:

1-топ. Қазақ халқының жаз бойы дәстүрлері қандай еді?

2-топ. Әйгілі көкпаршы Дүйсебай Бектемісов қалай суреттелген екен?

3-топ. Көкпарда жеңіске жаткен баланың болашаққа деген көзқарасы қалай қалыптасты?

Қосымша №3

«Ойлан-жұптас-бөліс»

Мәтін үзінділері

Бұл қандай адам?

Өзі қаршығадай ғана қағылез, мығым жігіт. Астында Жүнісқан дегеннің мәпелеп, тақымына басып, мініп жүрген балық жон торала аты.

Жұрт ананы-мынаны айтып, гулесіп жатқан, Дүйсебайдың көзі астында бауырынан жараған жирен қасқа аты бар Нұрбектің он-он бірлерге жаңа толған жалғыз ұлына түсе кетті.

Езуі екі құлағына жете қуанған Нұрбек тайыншадай көк серкесін бауыздап төрт сирағын кесіп өте ауыр болғандықтан іші-қарнын атқарып тастап, қан-жынын тазалап жуып, терісін қайтадан кендір жіппен тігіп, мұздай суға бір малып алып, денесін салқындата берді.

Бағалау:

«Шаршылар» әдісі

Қосымша №4

«Төрт сөйлем» тәсілі.

1. пікір

Кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. дәлел

Мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып жазады

3. мысал

Мәтіндегі оқиғаларды өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтіреді.

4.қорытынды

Көкпаршылар шулап алақандарын жайып, Нұрбектің баласының аман-есен болуын, халқына қалаулы азамат болуын тілеп бата беріскені қорытынды жасайды.

Қосымша №5

«Кластер»

Бағалау:

Қосымша №6

«Оқиға картасы»

  • 1. Кейіпкердің мінез құлқы
  • 2. Кейіпкердің іс-әрекеті
  • 4.Сюжеттің дамуын болжау
  • 3.Оқиға барысы

Рефлексия

«Бас бармақ»

Тік көтерсе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алдым.

Жанына туссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтауда қиналдым.

Төмен түссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алмадым.

[attachment=26492:didakt_material_-kejipkerlerdi-is-reketin-baalau.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы