Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау ҚМЖ. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Сәулет өнері

Күні:

Сынып:

Мектеп: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Аханова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.6. Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау

Жер астында қала бар . Алтын мүйізді киік.

Оқу мақсаты

3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: сурет бойынша тақырыпты болжайды, ертегіні түсініп оқиды, кейіпкерлердің портретін сипаттап, мінездеме береді.

Көптеген оқушылар: ертегіні түсінеді, сурет бойынша кейіпкердің мінез- құлықын, іс- әрекетін болжайды, тақырыпқа сәйкес сұрақтарға жауап береді.

Кейбір оқушылар: ертегі кейіпкерінің мінез- құлық ерекшелігіне іс- әрекетіне қарап баға береді, оқиғаның басталуын, дамуын анықтайды және аяқталуын болжайды.

Бағалау критерийлері

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады.
  • Кейіпкерге мінездеме береді.

Тірек сөздер

Портрет, мінездеу, киік, мерген.

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұптық жұмыстарды жасату арқылы оқушылардың арасында құрмет, ынтымақтастық құндылықтарын қалыптастыру. Еңбек пен шығармашылық, өмір бойы білім алуға үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Ертегі мазмұнын әңгімелеу, өз ойын жүйелі жеткізу , сөйлемдегі сөздердің байланысы, сөйлем түрлерін орынды қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сұрақтарға жауап береді, мәтіннің құрылымдық бөліктерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

Ширату тапсырмасы

1- тапсырма

-

(МК, Ө) Оқушыларға сурет бойынша әңгіменің тақырыбын анықтауға тапсырма беріледі. Тапсырманы ауызша орындауға болады. Ойлануға уақыт беріледі.

Уақыт аяқталған соң оқушылар өз ойларын айтып, тақырыптарын ұсынады. Мұғалім тақтаға жазып тұрады. Соңынан тақырыптарды топтап, негізгілерін анықтау қажет. Сонан соң оқулықтағы тақырыппен салыстырып, сәйкестігін айту керек.

Сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бірлесе бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Слайд №1-4

Сабақтың ортасы

6-9 минут

10-16 минут

17-21 минут

22-27 минут

27-29 минут

30-36 минут

2- тапсырма Ж) «Кестені толтыр»

Сурет бойынша сипаттап, мінездеме бер.

Мерген

қандай?

Ертегі бойынша сипаттап, мінездеме бер.

________________________________________________________________

Суретке қарай отырып, мергенді сипаттау ұсынылады.

Ертегі оқығаннан кейін кейіпкерді сипаттап мінездеме береді және салыстырады.

Саралау: Оқушылар қабілеті боынша тапсырманы орындайды, бір – біріне көмектеседі. Қабілеті жоғары оқушы көркем бейнелі сөздерді қолданып өз ойын жеткізеді.

3- тапсырма

«Алтын мүйізді киік» ертегісі

Мұғалім оқушылардың назарын оқулықта берілген ертегіге аударту; Ертегіні оқуға уақыт беру.

Оқудың алдында оқушыларға оқылымның критерийлерімен таныстыру:

  • Әрбір кейіпкердің не айтқанын, олардың іс- әрекетін есте сақтау;
  • Рөлге ене отырып, дауыс ырғағын келтіріп оқу;
  • Ертегіні түсініп оқу.

Егер критерийлері дұрыс орындалған жағдайда тапсырмаларды орындауда жеңіл болатынын ескерту қажет.

(ТЖ) «Ашық микрофон» ойыны. Әр топтан 1 тілші болады. Төмендегі сұрақтарды топ мүшелеріне қойып талқылайды.

  • Ертегідегі басты кейіпкерлерді ата.
  • Бұлдырмерген неге таңқалды?
  • Алтын мүйізді ақсақал Бұлдырмергенді не үшін іздеді деп ойлайсың?
  • Жерасты елінің мекені қандай деп ойлайсың?

Ж) «Салыстырайық»

Ертегіге сүйене отырып, кестені жалғастырып толтырады.

Сурет бойынша сипаттап мінездеме беру

Мерген

қандай?

Ертегі бойынша сипаттау, мінездеме беру.

________________________________________________________________

_________________________________________________________________

Берілген мінездемені салыстыр, болжам қаншалықты сәйкес келеді? Бұлдырмергенді қандай кейіпкер санайсың?

(ҚБ) Дескриптор:

- ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді;

- кейіпкерге мінездеме береді.

Саралау: Оқушылар қабілеті боынша тапсырманы орындайды, бір – біріне көмектеседі. Қабілеті жоғары оқушы көркем бейнелі сөздерді қолданып өз ойын жеткізеді.

Кестемен бірге «Жетістік баспалдағы» бағалауы беріледі. Оқушы өздерінің қай деңгейде тапсырма орындағанын көрсетеді.

Сергіту сәті «Бала, бала, балапан»

Бейнекөрсетілім бойынша қимылын қайталау.

4- тапсырма

Тыңдалым

 Оқушыларға қайта шолу ретінде ертегіні тыңдату. Ертегінің қалай басталды, оқиға қалай дамыды, оқиға немен аяқталғанын сұрай отырып, ертегі мазмұны еске түсіріледі. Тапсырманы «Әңгіме тауы» әдісі арқылы орындайды. Оқушылар параққа тау сияқты салынған кесте сызып, осы кестеге әңгіменің басында, ортасында, соңында болған оқиғаларды ретімен жазу ұсынылады. Оқиға соңын болжау тапсырылады. Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма оқушылардың барлығына ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау

  • мәтінді құрылымдық бөліктерге бөледі;
  • мәтін соңын болжайды.

Слайд №5

интербелсенді тақта

Оқулық, интербелсенді тақта

Микрофон

Сұрақтар жазылған қағаз.

Слайд №7

Әрбір жұпқа кестелер

Жетістік баспалдағы

Сергіту сәті бейнекөрсетілім.

https://www.youtube.com/watch?v=744V_ESD7-Y

Аудиоертегі «Алтын мүйізді киік». https://www.youtube.com/watch?v=hVgyndO7Ndk&list=PLvCAm67C_OKMWny1fz3ddjkMnK3_CegvG&index=34

Слайд №9

«Әңгіме тауы» сызбасы.

Сабақтың соңы

37-40 минут

«Бір қадам алға...» әдісі

Мұғалім бүгінгі материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтайды.

Саралау

Төмендегі саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1, 2 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Болжайық», «Оқиық» айдарындағы, «Кестені толтыр» тапсырмалар орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

4 -тапсырма – «Нәтиже арқылы саралау» негізінде «Анықтайық» айдарындағы тапсырма орындалады. Қабілеті жоғары оқушының және мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға қолдау беріледі.

«Жетістік баспалдағы», арқылы өзін- өзі бағалайды.

Дескриптор

- ертегі бойынша сұрақтарға жауап береді;

- кейіпкерге мінездеме береді.

-мәтінді құрылымдық бөліктерге бөледі;

-мәтін соңын болжайды.

Сегіту сәті

«Бала- бала- балапан» биі. Бейнекөрсетілім бойынша қимылдарды қайталау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу