Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну. Өтепберген Ақылбекұлы «Мен таңдайтын мамандық...». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Мен таңдайтын мамандық...

Ай-Һой, ғажап қандай бұл!

Ал, қане, кәсіп таңдай біл:

Аламын қандай мамандық,

Алдымда толған таңдау тұр.

Әлемге ән боп жалғанар,

Әйгілі небір тарландар.

Әуелей ұшқан аққудың

Әсерлі үнін салған дәл

Әміре мен Күләштай,

Әнші болсам, не арман бар?

Кәсіпкер болсам егер де,

Бар әлемді кезем де:

Бар пайданы ойламай,

Барымды берем мен елге.

Велосипед мініп, одан да

Велоспортшы болам ба?

Веложарыс жолында

Великпен желден озам да.

Геолог болып тегі мен,

Гүл жайнаған өңірден:

Гуілдеп күн- түн тынбайтын,

Газдың ашам кенін мен.

Ғалымның жолы- ғажайып!

Ғибрат сабақ алайық.

Ғұмыр бойы ізденіп,

Ғанибет – ашу жаңалық.

Ғылымға құмар қалпыммен,

Ғарышкер болам, бәлкім, мен:

Ғұмырлы қазақ елінің

Ғарышқа жаяр салтын кең ...

Ес көретін өз елі,

Ер мінезді, беделді:

Ел мен елді дос етер,

Елші болғым келеді...

Өтепберген Ақылбекұлы

Қосымша 2

Қосымша 3

1.Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Мұғалім)

2.Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол. (Аспазшы)

3.Түнде де күндіз де тілдесем жұлдызбен,

Күндіз де тексеріп күнделік жүргізем. (Астроном)

4.Маңдайға жағып шырақты,

Лавалардан тұрақты.

Ағызып отын өзенін,

Жылытқан кім өз елін? (Шахтёр)

5.Өрнектеп, сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігеді? (Тігінші)

6.Іш ауырса, тіс ауырса,

Маған дәрі береді.

Барлық бала, барлық ана,

Оны жақсы көреді. дәрігер

7.Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

8.Күміс қанат, сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)

Алатаяқ ұстағанЖол тәртiбiн нұқаған.Өмiрiңдi күзеткенЫсқырығы күштi адам. (Полиция)

Дабылға тез жететiнЖалынға сүңгiп кететiн.Қақалса да түтiнге,

Тайсалмайтын батыл кiм,

Жасқанбайтын батыр кiм? (Өрт сөндiрушi)

Қосымша 4

[attachment=26533:did_-material_-shyarmashyly-zhmytardy-trli-formada-synu.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу