👈 қаріп өлшемі 👉

Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну. Өтепберген Ақылбекұлы «Мен таңдайтын мамандық...». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну Өтепберген Ақылбекұлы «Мен таңдайтын мамандық...»

Оқу мақсаттары

4.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, өлең жолдарын, нақыл сөздерді, шешендік сөздерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану

4.3.3.1 шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, презентация түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: өлеңді түсініп оқиды, сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілідк құралдарды қолданады.

Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында мақал – мәтелдерді, нақыл сөздерді , вербалды емес тілідк құралдарды қолданады, шығармашылық жұмыысын сызба түрінде ұсынады.

Кейбір оқушылар: мақал- мәтелдер, нақыл сөздер қолданып, дәлелдер келтіре отыры өз ойын білдіреді, шығармашылық жұмысын презентация түрінді ұсынады.

Бағалау критерийлері

-өлеңді түсініп оқиды;

-сөйлеу барысында мақал – мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;

-шығармашылық жұмысын презентация түрінде ұсынады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Бөлім тақырыбына байланысты мамандықтар туралы әңгімелеп, жұмбақтар шешіп, ашық сұрақтар құрастырып, айта алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: тарландар, әуелей, ғибрат, ғанибет

Сөздікпен жұмыс

Ғұмыр- өмір

Жалгер-жалданып жұмыс істейтіндер

Ғанибет – игілікті іс

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

- мамандық дегеніміз не?

- мамандықты не үшін таңдаймын?

Құндылықтарды дарыту

Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады. Жеке жұмыс жасау барысында қызығушылық, бейімділік, қабілет деген не, олар қалай пайда болады, осы сөздерді қалай түсінесіңдер деген осы қасиеттер төңірегінде шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Сөйлемдегі сөздердің байланысын біледі, қосымшаларды дұрыс қолдануда қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, https://www.youtube.com/watch?v=valQ1OUl35E

Бастапқы білім

Өлеңді дауыстап, түсініп оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын біледі, кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді. Шығарма құрылымын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ширату жаттығуы

Сабақтың басында оқушыларға сілтеме бойынша мамандық туралы үзінді көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=valQ1OUl35E . Оқушылар сурет бойынша өз пікірлері айтады.

Әнші — әнді нақышына келтіріп, шебер орындайтын адам. Әнші - халық қалаулысы, онсыз ешбір ортаның сәні келмейді. Әнші-өз жанынан ән шығармалық бірақ халықтық халық композиторларының ән шығармашылығын жұртшылық арасында кеңінен насихаттайтын кәсіби орындаушы.

Кәсіпкер [1] – кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, кәсіпорын құру үшін қаражат іздеп табатын және сол тапқан қаражатымен кәсіпкерлік тәуекелдікке бас тігетін адам. Ол мемлекет тіркеуден өтіп, тіркеу туралы куәлік алады.

Велосипед спорты — жарыс велосипеді арқылы өте қысқа мерзімде белгілі бір жерге бірінші болып жету, сонымен қатар велосипед көлік ретінде немесе демалу және спортпен шұғылдану үшін қолданылады.

Геолог — жер қыртысының құрамы мен құрылысын және оның терең қойнауында жүріп жатқан эндогендік процестердің өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып, жердің өткен тарихын қалпына келтіру (реконструкция) арқылы, оның даму заңдылықтарын анықтайды Қысқаша айтқанда, геология жердің жаратылысын, құрылысын, құрамын және оның эволюциялық дамуын зерттейді.

Ғарышкерастронавт (Батыс елдеріндегі баламасы: астро... және nбutēs – теңізде жүзуші).),

– ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам; адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық. Алғашқы ғарышкерлер әскери ұшқыштар мен ұшқыш-сынақшылар қатарынан таңдалып алынды.

Елші (ағылш. ambassador) – бір мемлекеттің екінші бір мемлекеттегі өкілетті дипломатиялық өкілдігінің басшысы. Елшіге, әдетте, жоғары дәрежелі диплом. қызметкер тағайындалады. Төтенше және өкілетті елші, төтенше және өкілетті уәкіл, уақытша сеніп тапсырылған өкіл болып бөлінеді.

Сабақ мақсатымен таныстыру. Бағалау критериийімен таныстырады немесе бірлесе құрастырады.

https://www.youtube.com/watch?v=valQ1OUl35E

Слайд №1-3

Қосымша 4

Сабақтың ортасы

1- тапсырма

(МК, Ө, Ж) «Уақыт машинасы» стратегиясы

Өтепберген Ақыпбекұлы «Мен таңдайтын мамандық...» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға беріледі. Таңдауына қарай уақыт машинасы ұғымын қызықты етіп таныстыру және әрекетті жүргізу үшін белгі тірек сөздер пайдалану ұсынылады. Шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтар қою тапсырылады. Жауаптарды тақтаға жазуды ұсынуға болады.

Сұрақтар үлгісі:

1.Мамандық дегеніміз не?

2.Мамандықты не үшін таңдаймын?

Сынып оқушылары тапсырманы жұппен орындайды. Орындауға 5-7 минут уақыт беріледі.

Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай сұрақтарды құрастырып, баяндау әртүрлі болатыны күтіледі.

Б.Бағдаршам көздері арқылы бағалау.

қызыл = түсінген жоқпын

сары = әлі де дайындық қажет

жасыл = барлығы түсінікті

2-тапсырма

(Т, МК) «Сұрақтар аялдамасы»

Өлеңдегі ақпаратты сызба түрінде беру мақсатына өлең бойынша үш ашық сұрақ құрастырып жазу тапсырылады.

«Мен таңдайтын мамандық...» өлеңінің мазмұны бойынша үш аялдамаға «Неге? Неліктен? Қалай?» сұрақтар жазылған парақтар ілінеді. Топ ішінен бір оқушыға парақты алып сол сұрақтың қай аялдамасына барса, соны қатыстырып, мәтін мазмұнына сәйкес ашық сұрақ құрастыру ұсынылады.

Реті:

  • Сұрақ аялдамасын таңдайды.
  • Сұрақ жазылған парақшаның артына топтаса отырып, бір немесе бірнеше сұрақ қатыстырып жазады.
  • Бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

Оқушылардың ақпараттар және идеялармен алмасу үшін бірлесіп әрекет ету, жабдықтар мен қосымшаларды кең ауқымда қолдану дағдыларын дамыту көзделеді.

Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішінде сұрақтар құрастыруда немесе жауап беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

Б. Мұғалімнің бағалауы.

3-тапсырма

(МК, ЖЖ) «Үштік» әдісіне сүйеніп оқушылар берілген пікірге мән беріп, пікір дұрыстығын дәлелдейді.

Әуелей ұшқан аққудың,

Әсерлі үнін салған дәл

Күләш Бәйсейтова мен Әміре Қашаубаевтай боламын. Өйткені, ...

1.

2.

3.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Б. Оқушылар бірін – бірі бағалайды.

 

4-тапсырма

(Ө;Т) Оқушыларға «Мен таңдаған мамандық» тақырыбында сызба, презентация дайындау ұсынылады. Түрлі дереккөздерден таңдаған мамандыққа қатысты ақпараттар қарастыру тапсырылады. Дереккөздерден алынған ақпараттары бойынша тұжырым жасап, презентация жасау ұсынылады.

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсіліне сүйене отырып, қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

Слайд №5

Қосымша 1

Слайд № 6

Қосымша 2

Слайд №4

Сабақтың соңы

5 - тапсырма

  • (Т) «Жұмбақ шешу»

1.Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді. (Мұғалім)

2.Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрігер емес, бірақ ол. (Аспазшы)

3.Түнде де күндіз де тілдесем жұлдызбен,

Күндіз де тексеріп күнделік жүргізем. (Астроном)

4.Маңдайға жағып шырақты,

Лавалардан тұрақты.

Ағызып отын өзенін,

Жылытқан кім өз елін? (Шахтёр)

5.Өрнектеп, сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігеді? (Тігінші)

6.Іш ауырса, тіс ауырса,

Маған дәрі береді.

Барлық бала, барлық ана,

Оны жақсы көреді. дәрігер

7.Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)

8.Күміс қанат, сұңқары,

Көкке еркін сүңгиді.

Бұлттан да тым әрі,

Кеткен жанды кім дейді? (Ұшқыш)

Алатаяқ ұстағанЖол тәртiбiн нұқаған.Өмiрiңдi күзеткенЫсқырығы күштi адам. (Полиция)Дабылға тез жететiнЖалынға сүңгiп кететiн.Қақалса да түтiнге,

Тайсалмайтын батыл кiм,

Жасқанбайтын батыр кiм? (Өрт сөндiрушi)

Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.

 Б: Әр топтың өзін – өзі бағалауы.

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлем» әдісімен

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
  • бүгін сабақта қуантқаны.....
  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.
  • маған ерекше ұнағаны.....
  • қызықты болғаны.....
  • ......қиындық тудырды.
  • менің түсінгенім.....

Қосымша 3

Слайд №7

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау. 1-тапсырманы орындау қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай сұрақтарды құрастырып, баяндау әртүрлі болатыны күтіледі.

2-тапсырманы орындауда диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішінде сұрақтар құрастыруда немесе жауап беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

3-тапсырманы орындауда тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

4-тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Өлең құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

5-тапсырма Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.

«Бағдаршам көздері арқылы бағалау» әдісі. «Бас бармақ» «Бірін- бірі смайлик арқылы», «Кестеге бағалау». «Бес саусақ» әдісі

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы