М.Зверев, аударған. М.Әлімбаев «Мен қалай жазушы болдым?». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі Күні: Сынып: 4 | Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, Халықаралық мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Жанбосынова Н.С. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | 2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру М.Зверев, аударған М.Әлімбаев «Мен қалай жазушы болдым?» | ||||||
Оқу мақсаттары | 4.2.1.2 шығарманы іштей көз жүгіртіп, шолып, түртіп алып, сұрақтар қоя отырып, қажетті ақпаратты тауып, белгі қойып оқу, талдау жасап оқу, сын тұрғысынан бағалап оқу 4.2.2.1шығарманы қайта құруға, интерпретациялауға және бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру | ||||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қоя алады; Көптеген оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты анықтайды, қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап бере алады. Кейбір оқушылар: шығармадан қажетті ақпаратты тауып салыстырады, бағалауға негізделген сұрақтар қоя алады жауап бере алады, мысалдар келтіре өз ойын айтады. | ||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Мәтінге сәйкес бағалау сұрақтарын қоя алады, сұрақтарға байланысты қажетті ақпаратты тауып жауап бере алады. Пәнге тән лексика мен терминология: Сөздік жұмысын жүргізу.Шарапаты тию – қайырымды болу, көмегі тиюТәнті болу – риза болу, таң қалуҒалым - зоолог - жануарларды зерттеуші ғалымКүпшек, төлке – машинаның, механизмдер мен приборлардың білік немесе басқа бір бөлшек сұғылатындай өзектік тесігі бар әрі цилиндр немесе конус пішінді бөлшегі. Пішен маясы – үлкен үйілген шөп | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық құндылығы топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойына дарытылады. Жұптық жұмыс жасау кезінде ойын еркін айтқыза отырып, ашықтық құндылығына тәрбиеленеді. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруда қазақ тілі және туған жер туралы әңгімелей отырып дүниетану пәнімен байланыс орнатылады. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||
Бастапқы білім | Мәтінді дауыстап, түсініп оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын біледі, кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді. Шығарма құрылымын біледі. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-5 мин | Ширату жаттығуы Сабақтың басында ширату жаттығуы Оқушыларға ,,У,,, Ребус шешу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру. | Слайд №1-4 Қосымша 2 | |||||
Сабақтың ортасы 6-8 минут 9-15 минут 16-21 минут 22-29 мин 30-37 мин | Автор туралы қысқаша мәлімет беру. - Кез келген адам жазушы бола ала ма?- Автормен таныстыру 1- тапсырма Т;(Ө) Оқушыларға М.Зверев, аударған М.Әлімбаев «Мен қалай жазушы болдым?» мәтінін оқу ұсынылады. Мәтінді оқуға уақыт беріледі. 1.Мәтінді жеке өз бетімен оқиды. 2. Бірнеше оқушыға дауыстап оқыту. 3. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. - Автор нені армандады? -Өлеңге басқа қандай тақырып қоюға болады? Саралау: «Қарқын арқылы саралау». Мәтінді оқу кезінде кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды. Кейбір оқушыларға мәтінді оқуға қосымша уақыт беріледі. Б. Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды. Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету: Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым. Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды. Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті. 2-тапсырма «Әдеби үйірме»әдісін пайдалану. Қаптағы фасоль (Баяндауыш мәтіннің мазмұнын айтады) Серпілген сауал (Сұрақ қоюшы мәтін бойынша сұрақтар қояды) Детальдарын толықтыр (Ізденіш мәтінге байланысты тапсырмалар дайындайды) Автордың «Мен өзімнің әдебиеттегі даңғыл жолымды табиғат құшағынан таптым» деуінің себебі не? Табиғаттың адам баласына тигізер әсері қандай? Өздерің тұратын мекеннің табиғатын қалай суретке түсірер едіңдер? Ортада табиғаттың суретін салу және түсінік беру. Саралау. Саралаудың қорытынды тәсіліне сүйене отырып, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріп, сөздер құрастырғанда мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі жауаптары қабылданып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне қол жеткізуге қолдау көрсетіледі. Салған суреттеріне түсініктеме бергенде оларға қолдау көрсетіп, көтермелеп отырса. (ҚБ). Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!». 3-тапсырма (ЖЖ) «Сұрақты ұстап ал» әдісі
Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады. Б. «Бес саусақ» әдісі арқылы бір-бірін өзара бағалайды. 4-тапсырма (Т) Дұрыс және бұрыс
Саралау: «Қате, дұрыстығын саралау». Тапсырманы орындау кезінде мәтіндегі ақпараттарды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді. Б. Оқушылар өзін- өзі «Баспалдақ» әдісі бойынша бағалайды. 5-тапсырма (Ө) Мәтінге байланысты берілген сөйлемдерді аяқта (шағын топта) І нұсқа.
оны ________________ ___________,өлшей алмайсың.
арбаның лайсаң батпаққа күпшегінен кіріп келе жатқанын ұмытпаппын. ІІ нұсқа.
оқырмандарыммен сырласамын.
____________жазып, әкеме көрсеттім.
ІІІ нұсқа.
таптым.
Саралау: Қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді. (ҚБ) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады. 6-тапсырма «Жазушы болғым келеді…» дейтіндерге Шет ел жазушыларының жазушылыққа байланысты айтқан ой- пікірлерін мәтіннен тапқызу. Дескрипторлар:
- мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. |
Қосымша 1 Слайд №5 Қосымша 3 Слайд №6 Слайд №7 Қосымша 5 Қосымша 6 Слайд №8 Қосымша 4 | |||||
Сабақтың соңы 38-40 мин | Рефлексия. «Ұшақ» әдісі Оқушылар жазбаша кері байланыс береді. Ақ парақтан алдын-ала дайындалған ұшақтарды бір-біріне ұшырып, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Үйге: «Менің болашақтағы мамандығым» тақырыбына шағын ой- толғау жазу тапсырылады. | Слайд №9 Қосымша 4 | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау. 1-тапсырма «Қарқын арқылы саралау». Мәтінді оқу кезінде кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды. Кейбір оқушыларға мәтінді оқуға қосымша уақыт беріледі. 2-тапсырманы қорытынды тәсіліне сүйене отырып, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау беріп, сөздер құрастырғанда мүмкіндіктеріне қарай әртүрлі жауаптары қабылданып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне қол жеткізуге қолдау көрсетіледі. Салған суреттеріне түсініктеме бергенде оларға қолдау көрсетіп, көтермелеп отырса. 3-тапсырмада қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады. 4-тапсырма «Қате, дұрыстығын саралау». Тапсырманы орындау кезінде мәтіндегі ақпараттарды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді. 5-тапсырма қорытынды арқылы саралау. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың əрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек. Мұғалім тапсырма береді, бірақ жалғыз «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты жəне əлсіз тұстарына қарай жауап береді. 6-тапсырма | Өзіндік бағалау.«Бағдаршам» әдісі. Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өзін- өзі бағалауы», «Баспалдақ» әдісі, «Бас бармақ» әдісі Дескриптор
| ||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?