Судың қасиеті. «Тырнаның ақылы» Пошшо Қожа. Аударған Әбдімәлік Жұмабаев. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Ещанова Б.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Судың қасиеті. «Тырнаның ақылы» Пошшо Қожа. Аударған Әбдімәлік Жұмабаев.

Оқу мақсаттары

3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, тыйым сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану;

Сабақ мақсаттары

  • Мәтінді оқып, мазмұнын «Фишбоун» сызбасы арқылы талдайды;
  • Суға қатысты тыйым сөздерді жалғастырып, жазады;
  • Постер қорғауда мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді қолданады;

Бағалау критерийлері

- шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

- өз ойын жеткізуде тыйым сөздерді, мақал-мәтелдерді қолданады;

- сөйлеу барысында суреттерді қолданады.

Тірек сөздер

Мәтін мазмұны бойынша киелі, күллі, ұзын сирақ, байбаламын, азғырып, көнекөз (көпті көрген), кемелім (ақылдым). «Шелектегі суға аузыңды салма. Суға дәрет сындырма. Су шашып ойнама. Түнде суға барма» тыйым сөздерін қолданылады.

Құндылықтарды дарыту

Табиғат байлықтарын ортақ қолдану және оны сақтау, қорғау жайлы насихаттау.

Пәнаралық байланыстар

Судың адам өміріндегі маңызы талдау барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдануды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

Ширату тапсырмасы

«Пікір білдір» тапсырмасы. Оқулықтағы 86 беттегі өлеңді оқиды.

-Неліктен Сүлейменді судың иесі деп атаған?

Мұғалім оқушылардың пікірін тыңдап, қосымшада көрсетілген оқу материалын әңгімелеп, айтып береді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Бағалау критерийлері оқушылармен бірлесе құрастырылады немесе таныстырады.

Топтасу Оқушыларды жануарлар атауы бойынша топқа біріктіру. Өздеріне ұнайтын жануарды таңдап, топқа бірігеді.

1 топ- «Ит- жеті қазынаның бірі»

2 топ- «Сүйкімді мысық»

3 топ- «Момақан қозы»

4 топ- «Еркелеген құлыншақ»

5 топ- «Ботакөзді ботақан»

Слайд №1-4

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

6-8 минут

9-19 минут

20-25 мин

26-37 мин

1-тапсырма

) «Тырнаның ақылы» Пошшо Қожа мәтінін түсініп оқиды. «Фишбоун» әдісі (балық қаңқасы) бойынша оқушылар мәтін мазмұнын талдайды

басы-тақырыпқа сай сұрақ,

құйрығы- сұраққа жауап немесе қорытынды, жоғарғы жақ сүйектері- сұрақтардың туу себептері, төменгі жақ сүйектері- себептердің салдары

Үлгі:

Басы- Сүлеймен патша киелі суды ішуден неге бас тартты?

Құйрығы-Көкқұтанның айтқан ақылын тыңдады, яғни жалғыз қалудан қорықты.

Жоғарғы жақ сүйектері-

1) Сиқыршы мәңгі өмір сыйлайтын суды сыйлады.

2) Жануарлардың бас қосуы.

3) Көкқұтанның ақылы.

Төменгі жақ сүйектері-

1) Сүлеймен сыйға тартқан суды ішкен жоқ.

2) Бас қосуда көкқұтанның жоқтығы анықталды.

3) Көкқұтанның ақылы Сүлейменге дұрыс шешім қабылдауға көмектесті.

Саралау: топтарға қажет болған жағдайда мұғалімнің қолдауы көрсетіледі.

(Б) «Галереяны шарлау» әдісі арқылы, «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағаланады.

2-тапсырма

(ЖЖ) Оқушылар жұпта ақылдасып берілген тыйым сөздердің жалғасын табады.

Шелектегі суға аузыңды ...

Суға дәрет ... 

Су шашып ....

Түнде суға ...

Түнде су ...

(Шелектегі суға аузыңды салма. Суға дәрет сындырма. Су шашып ойнама. Түнде суға барма. Түнде су төкпе)

(Б) Тақтадағы дұрыс жауаптармен өз жауаптарын салыстырып, әр дұрыс жауапқа 1 балмен бағалайды.

3- тапсырма

(Т) «Суды үнемдеу» тақырыбына постер жасау.Сынып алдында қорғайды.

Саралау: үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі

(Б) дескрипторы:

- шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

- өз ойын жеткізуде тыйым сөздерді, мақал-мәтелдерді қолданады;

- сөйлеу барысында суреттерді қолданады.

Оқулық, 86-87 беттер

Слайд №5

Қосымша 2

Слайд №6-7

Қосымша 3

Слайд №8

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?

Слайд №9

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1-2 тапсырмаларда саралау жүргізіледі. тапсырмаларда «Тапсырма бойынша саралау» жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

«Галереяны шарлау» әдісі арқылы, «Екі жұлдыз бір тілек» арқылы бағаланады, Тақтадағы дұрыс жауаптармен өз жауаптарын салыстырып, әр дұрыс жауапқа 1 балмен бағалайды.

(Б) дескрипторы:

- шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

- өз ойын жеткізуде тыйым сөздерді, мақал-мәтелдерді қолданады;

- сөйлеу барысында суреттерді қолданады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу