Шығарманың композициясын анықтау. «Айға алғашқы сапар» Р.Э.Распе, аударған О. Әубәкіров. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа саяхат

Күні:

Сынып: 4

 Мектеп:

 Мұғалімнің аты-жөні:

 Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.5 Шығарманың композициясын анықтау

«Айға алғашқы сапар»Р.Э.Распе, аударған О. Әубәкіров

Оқу мақсаттары

4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау

4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғаларадың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен шығармадағы маңызды тұстарды анықтайды, композициялық құрылымын өрсете алады, оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтай алады;

Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда ашық сұрақтар құрастырады, шығарманың композициялық құрылымын сұрақтар арқылы анықтай алады, оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөле алады;

Кейбір оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтайды, сұрақтар арқылы талдайды, салыстырады, шығарманың композициялық құрылымын өздігінен анықтай алады, оқылған шығарманы бөліктерге бөліп ат қояды

Бағалау критерийлері

  • оқиға барысында болған өзгерістерді талдайды және салыстырады;
  • шығарманың композициялық құрылымын ажыратады;
  • шығарманың құрылымдық бөліктерін ажыратады;
  • мәтін бөліктеріне тақырып қойып, жоспар құрады.

Тірек сөздер

Жүрегі тас төбесіне шықты, ит өлген жерде,

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық құндылықты дарыту Ашықтық құндылығы топта, жұпта жұмыс жасау кезінде ойын еркін айтуға жетелеу.

Пәнаралық байланыстар

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

интербелсенді тақтада

Бастапқы білім

Мәтіннің тақырыбына сүйеніп, сюжеттің дамуын болжай алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ширату жаттығуы:

) «Кoмплимeнттepдiң бұpқacыны» әдici

Oқyшылap бepiлгeн yaқыт iшiндe (1-1,5 минyт) бip пapaқ қaғaзғa өздepiнiң cүйiктi aдaмдapынaн ecтiгici кeлгeн кoмплимeнттi жaзaды. Жaзып бoлғaн coң oқyшылap бұл пapaқтapды дoмaлaқтaп, дoмaлaқ қapмeн aтысқан сияқты бip-бipiнe лaқтыpyы кepeк. Oқyшылapғa бip-бipдeн «қap дoмaлaғын» aшып, ішіндегі сөзді oқиды. Кoмплимeнттepдi бapлық oқyшылapдың кeзeктeciп oқyынa дa бoлaды.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.

Слайд № 4

Слайд № 1-3

Сабақтың ортасы

1-тапсырма.

(Ұ; Т; МК) «Белгіле» әдісі. «Айға алғашқы сапар» әңгімесін оқу ұсынылады.

1. (Ө). Өз бетінше оқуға 5-7 минут уақыт аралығы беріледі. Оқи отырып түсініксіз немесе көркем-бейнелі сөздерді белгілейді.

2. (МТ). Оқу алдында мұғалім мәтінде кездесетін түсініксіз немесе көркем-бейнелі сөздердің 1-2 талдау жасайды. Сөздер тақтаға жазылып іліп қойылады: «зындан, ит өлген жер, жүрегі тас төбесіне шығу, күнұзақ дәм татпай»

Саралау: Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

Б: «Бағдаршам» әдісі арқылы өзіндік бағалау жүргізіледі.

2-тапсырма.

(Ұ; Т; МК) «Болжа» әдісі.

Әңгіменің қортынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжа, оның себебін түсіндір.

«Бір кезде, өлді деген осы да, арқаным бырт етіп үзілді де кетті. Соншама екпін, соншама салмақпен гүрс ете түскенімде, жерге жарты шақырым кіріп кетіппін....»

1. Интербелсенді тақтадан әігіменің қортынды бөлімі көрсетіледі.

2. (Т) Оқушылар топта бөлім бойынша ойларын ортаға салып талқылайды. Соңын болжайды. Болжамдарын жазады.

3. Барлық топтар жұмыстарын аяқтап болған соң, жазғандарын таныстырады. Әр топ өздерінің жасаған болжамдарының себебін түсіндіреді.

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

Б: «Бес саусақ» әдісі арқылы бір-бірін өзара бағалайды.

(ОТ, МК, Т,Ө) «Оқиға картасы»

Әр топқа оқылған әңгіме мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын анықтау ұсынылады.

Әр топқа картаның үлгісі таратылады. Оқылған мәтін мазмұнын топтасып талқылап, оқушылар әр оқушы өздігінен берілген критерийлер бойынша картаны толытырады. Әңгімеден мыналар анықталады: сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі

1.басталуы

2.дамуы

3.шиеленісуі

5.шешімі

4.шарықтау шегі

Картаны өздігінен толтыру арқылы оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуы маңызды екенін ескере отырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады.

Саралау: «Қорытынды» тәсілі

Оқушылар шығарманың композициялық құрылымын анықтауда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.

Б: Дескрипторлар бойынша бағалау.

- шығармада оқиғаның басталуы мен дамуын белгілейді;

- оқиғаның шиеленісуін көрсете алады

- оқиғаның шарықтау шегі мен шешімін көрсете алады.

Көркем шығарманың композициялық құрылымын анықтап, парактарына белгіленген жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады.

4-тапсырма

(Ұ; Т; МК) «Төрт сөйлем» әдісі. Әңгімедегі оқиға өмірде кездесе ме? Өз ойыңды жеткіз.

Пікір: Сенің пікірің (бір сөйлем).

Дәлел: Ертегіден дәлел келтіріп жаз (бір сөйлем).

Мысал: Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтір (бір сөйлем).

Қорытынды. Оларға қандай баға бердіңдер? Қандай қорытынды шығардыңдар (бір сөйлем).

Топта оқушылар ақылдасын 4 сөйлем жазады. Жазған сөйлемдерін оқып, өз ойларын жеткізеді.

Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша саралау, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін.Б: Топтар бір-бірін бағалайды.

Слайд № 5

Қосымша № 2

Түрлі-түсті стикерлер

Слайд № 6

1-қосымша

Слайд № 7

2-қосымша

Слайд № 8

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылауда «Менің сөзім...» кестесін толтыру арқылы өздері оқып-үйренгендеріне талдау жасай отырып, өзін-өзі бағалайды.

1.

Мен сабақта жұмысты былайша жасадым.

Активті/пассивті

2.

Сабақтағы жұмысыма менің

Көңілім толады/көңілім толмайды

3.

Сабақ маған мынадай көрінді

Тез өтіп кетті/ұзақ бітпестей көрінді

4.

Сабақ барысында мен

Шаршаған жоқпын/шаршап кеттім

5.

Менің көңіл-күйім

көтеріңкі болды,түсіп кетті

6.

Сабақ материалдары маған

түсінікті, түсініксіз

пайдалы/ пайдасыз

қызықты/жалықтырып жібереді

Слайд № 9

3-қосымша

Саралау.

1 тапсырма – Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

2 тапсырма – Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескеріліп, өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

3 тапсырма – «Қорытынды» тәсілі бойынша өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін.

4 тапсырма – «Қорытынды» тәсілі бойынша әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.

Дескриптор:

- шығармада оқиғаның басталуы мен дамуын белгілейді;

- оқиғаның шиеленісуін көрсете алады

- оқиғаның шарықтау шегі мен шешімін көрсете алады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу