Шығарманың композициясын анықтау «Өнердің күші». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлімі: Өнер

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қ.

Мұғалімнің аты-жөні: Шадетова А.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.5 Шығарманың композициясын анықтау

«Өнердің күші» ертегі

Оқу мақсаттары

3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: ертегінің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, кейіпкерлердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін ертегіден дәлелдер келтіріп бағалау

Көптеген оқушылар: кейіпкер іс-әрекетін тауып, оның өзгеру себебін салыстыра отырып бағалай алады.

Кейбір оқушылар: ертегі мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар ұсына алады.

Бағалау критерийлері

  • ертегіні түсініп оқиды;
  • ертегінің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды;
  • кейіпкерлердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін ертегіден дәлелдер келтіріп бағалау.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология: диқан, сөз салып, қалпақ басуды, көңілі хош болсын.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

1.Пташаның жалғыз ұлы Дүрияны алғаш қайда кездестірді?

2. Дүрия Ыдырыстан неге «Қандай өнерің бар еді? – деп сұрайды?

3. Ыдырыс қандай өнер түрін үйренді?

Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыста бір-біріне деген құрмет, ынтымастық қарым-қатынас орнатылады.

Ашықтық – жұптық талқылауда өз ойын еркін айтуға дағдыланады.

Пәнаралық байланыстар

Ертегідегі оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтауда қазақ тілі пәнімен байланыс орнатылады, мәтіннің құрылымдық бөліктерін еске түсіреді.

АКТ қолдану дағдылары

Итербалсенді тақта

Бастапқы білім

көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтай алады, оқу түрлерін біледі (түсініп, бағалап, іштей, дауыстап)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Ширату жаттығуы. Мұғалім сыныптағы бір оқушыны ортаға шығарып, оған жеке нұсқау береді ( мыс: отыр, сыртқа шық, жүгір т.б). Оқушы сол нұсқау бойынша іс-әрекетін өзгертіп отырады. Осы тапсырманы орындау арқылы сабақ мақсаты анықталады

Сабақ мақсатын бірге анықтау: Сыныптасың қанадй іс-әрекет жасады?

Іс-әрекеті неге өзгерді?

Бұл жаттығудан қандай сабақ мақсатын анықтауға болады?

Сабақ мақсаты: ертегінің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, кейіпкерлердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін ертегіден дәлелдер келтіріп бағалау. Бағалау критерийімен таныстыру.

Слайд № 2

Сабақтың ортасы

6-12 минут

13-20 минут

21-30 минут

30-36 минут

1-тапсырма

(Ө) 1. «Өнердің күші» ертегісінің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап оқу тапсырылады.

1. Оқушыларға түрлі-түсті стикерлер таратылады. Ертегі оқи отырып, басына, ортасына, аяғына белгі қояды.

2. Барлық оқушылар оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алуға жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі; диқан, сөз салып, қалпақ басуды, көңілі хош болсын.

3. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін мәтінді шолу тапсырылады;

4. Қажеттілігіне қарай мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.

1.Пташаның жалғыз ұлы Дүрияны алғаш қайда кездестірді?

2. Дүрия Ыдырыстан неге «Қандай өнерің бар еді? – деп сұрайды?

3. Ыдырыс қандай өнер түрін үйренді?

Саралау: Диалог және қолдану тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында жан-жақты нақты көмек қажет ететін оқушыға ертегінің мазмұны бойынша жекелей сұрақ қоя отырып, қолдау көрсетіледі.

Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

2-тапсырма

(Т) «Оқиға шыңы» әдісі. «Өнердің күші» ертегісіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап, оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықта.

1. Оқушыларды топтарға бөліп, оқиға шыңы кестесі беріледі. Пирамиданың келесі бөлктеріне солдан оңға қарай шығарманың мазмұны бойынша оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды.

2. Кестені толтырып болған соң, топтар бір-бірінің жұмыстарын қарап шығады. Жұмысты дұрыс деп санаса (жасыл), түзетулер қажет деп есептес (сары) стикер жабыстырады.

3. Әр топ жұмыстарын қайта алып, басқа топтардың бағларымен келісетінін/келіспейтінін айтып, өз жұмыстарын қорғайды.

Саралау: жіктеу тәсілі арқылы талаптары әр түрлі оқушылар біріктіріледі. Белсенді оқушы көмекті қажет ететін оқушыға өзара оқыту арқылы қолдау көрсетіледі.

Б: «Жарайсың», «Тамаша», «Жақсы» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау.

3-тапсырма

Ж) «Салыстырмалы карта» әдісімен «Өнердің күші» ертегісіндегі бір кейіпкердің іс-әрекетін тауып, оның өзгеру себебін салыстыра отырып бағалай алады.

1. (ЖЖ) Оқушылар жұпқа бөлінеді. Оларға төмендегі кесте таратылады. Кестені жұппен талқылап, толырады.

Кейіпкер

Бастапқы

іс-әрекеті

Іс-әрекетінің өзгеруі

Өзгеру себебі

2. (ЖЖ,Т) Толтырылған кестелер бойынша жұптар жұмыстарын, топта талқылайды.

3. Кесте бойынша қаншалықты сәйкестік бар болғанын барлық топта анықтайды.

4.Өз жұмыстарын қортындылап, өзіндік баға береді.

Саралау: Қарқыны төмен, көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

 Б: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.

 Мен …………. туралы көп білдім.

 Мені …… таң қалдырды.

 Мен … сездім.

 Мен………… басқаша қарайтын болдым

4-тапсырма

(МК, Ө, Ж) «Шатасқан оқиғалар» әдісі

Оқушыларға ертегі мазмұны бойынша орыны ауысқан оқиғаларды тауып, түзету тапсырылады. Әр жұпқа оқиға реті шатасып жазылған парақтар таратылады. Берілген парақшаларды жұптарымен бірлесе отырып, ойланады, түзетіп, ретімен қойып орналастырады, себебін түсіндіреді.

Кесте үлгісі:

  • Ешқандай өнерім жоқ, – дейді Ыдырыс.
  • Он бес күннің ішінде Ыдырыс Тоқтыбайдан қалпақ басуды үйреніп шығады.
  • Хасен патша қол астындағы барлық шеберлерді шақыртып алып, осы балама бір өнер үйретіп бергендеріңе қанша уақыт керек? – деп сұрапты.
  • Мұның да жақсы өнер екен, енді екеуіміз ешкім білмейтін бір қосымша жасайық, – депті.
  • Қандай өнерің бар еді? – деп сұрайды.

Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Қарқыны жылдам кейбір оқушыларға мазмұны бойынша қосымша кейіпкердің мінезіне баға беруді тапсыруға болады. Біршама уақытты талап ететін оқушыларға тапсырма терең түсіндіріледі.

Б: «От шашу». Әр топ бірін-бірі тыңдай отырып бағаларын береді. Жарайсыңдар! Керемет! Мадақтау сөздерімен ауызша мадақталады.

Слайд № 1

Қосымша № 1

Түрлі-түсті стикерлер

Слайд № 5

Слайд № 6

Қосымша № 2

Слайд № 7

Қосымша № 3

Слайд № 8

Қосымша № 4

Сабақтың соңы

37-40 мин

"Бес саусақ" әдісін пайдаланып меңгерген білімге рефлексия жасалады. Рефлексия парағын толтырады.

Бас бармақ – Не үйрендім ? Маған не ұнады?

Балан үйрек – Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім?

Ортан терек – Менің көңіл-күйім?

Шылдыр шүмек – Бүгін кімге көмектесе алдым? Кішкене бөбек – Қандай қиындық болды, оны жеңе алдым ба?

Слайд № 9

Қосымша № 5

Алақан сызбасы түріндегі рефлексия парағы

Саралау. 2-тапсырмада Диалог және қолдану тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында жан-жақты нақты көмек қажет ететін оқушыға ертегінің мазмұны бойынша жекелей сұрақ қоя отырып, қолдау көрсетіледі.

2-тапсырмада жіктеу тәсілі арқылы талаптары әр түрлі оқушылар біріктіріледі. Белсенді оқушы көмекті қажет ететін оқушыға өзара оқыту арқылы қолдау көрсетіледі.

3-тапсырманыа орындауда қарқыны төмен, көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

4-тапсырмада Қарқын тәсілі арқылы. Қарқыны жылдам кейбір оқушыларға мазмұны бойынша қосымша кейіпкердің мінезіне баға беруді тапсыруға болады. Біршама уақытты талап ететін оқушыларға тапсырма терең түсіндіріледі.

Дескриптор:

  • Ертегіні түсініп оқиды;
  • Ертегінің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды;
  • Кейіпке рлердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін ертегіден дәлелдер келтіріп бағалап, кесте толтырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға. Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу