👈 қаріп өлшемі 👉

Шығарманың композициясын анықтау. Серік Нұғыман «Сәлемдеме». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.5 Шығарманың композициясын анықтау

Серік Нұғыман «Сәлемдеме»

Оқу мақсаттары

4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғаларадың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру

4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау

4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен шығармадағы маңызды тұстарды анықтайды, композициялық құрылымын өрсете алады, оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтай алады;

Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда ашық сұрақтар құрастырады, шығарманың композициялық құрылымын сұрақтар арқылы анықтай алады, оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөле алады;

Кейбір оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтайды, сұрақтар арқылы талдайды, салыстырады, шығарманың композициялық құрылымын өздігінен анықтай алады, оқылған шығарманы бөліктерге бөліп ат қояды.

Бағалау критерийлері

  • оқиға барысында болған өзгерістерді талдайды және салыстырады;
  • шығарманың композициялық құрылымын ажыратады;
  • шығарманың құрылымдық бөліктерін ажыратады;
  • шәтін бөліктеріне тақырып қойып, жоспар құрады.

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер

Оқушылар:

Бөлім тақырыбына байланысты уақыттың қазақтың салт-дәстүрлері туралы өз ойын айта алады. Өзінің отбасындағы дәстүрлер туралы әңгімелейді, басқа балалардың пікірлерімен ойын салыстыра алады. Суретке қарап сұрақ құрап жаза алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Дәстүр, сәлемдеме, базарлық.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

-Бейнероликтегі сәлемдеменің ерекшелігі қандай?

Құндылықтарды дарыту

Өз ісіне жауапкершілікпен қарау, бір-біріне өзара көмек, ынтымақ, ашықтық, еңбексүйгіштік қасиеттерді насихаттау

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын, қосымшаларды дұрыс қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, үнтаспа.

Бастапқы білім

Шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтар қояды және оған жауап береді, шығарманы сурет немесе басқа нұсқасымен салыстыра алады.

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

6-15 минут

Ширату тапсырмасы.

(Ұ) «Ассоциативті қатар»ойыны.

 Тақтаға бөлім тақырыбына байланысты «Сәлемдеме» сөзі жазылады. Оқушыларға парақ таратылады. Бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынылады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Жазған сөздерді қатармен бірігіп оқуға ұсынуға болады. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: сыйлық, қорап, амандасу, дорба, хат, жыл және т.б.

Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындыланады. Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.

1-тапсырма. Көрейік.

(Ұ) «Сәлемдеме» әзіл-ысқақ бейнеролигін көру.

«Бір қадам алға...» ойыны.

Тақтадан столға дейін жол белгілеп тыңдалған өлеңге байланысты сұрақтарды мұғалім қояды. Жауап дұрыс болса, мұғалім бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Осылай столға жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырылады.

Сұрақтар:

  • Бейнероликтегі сәледеме туралы не ойлайсыңдар?
  • Сәлемдеме деген не?
  • Сәлемдеме кімдерге беріледі екен?
  • Бейнероликтегі сәлемдеменің ерекшелігі қандай?

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойын еркін айтуға үйренеді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.

Сәлемдеме берудегі даритын құндылықтар атауларына байланысты «Сыйластық», «Құрмет», «Достық» сөздері арқылы сыныптағы оқушылардың санына байланысты топтарға бөлу.

Сөздер жазылған парақтар,

Слайд №1

«Ұшқалақ» әзіл-ысқақ тележурналы:

https://www.youtube.com/watch?v=omG-OVehrLg

Слайд №2

Слайд №3

Қосымша №1

Сабақтың ортасы

16-22 минут

23-28 минут

29-30 минут

31-34 минут

2-тапсырма

(МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісі

Оқушыларға «Сәлемдеме» әңгімесін оқу ұсынылады. Бұл әдісте мұғалім әңгімені өзі бастап мәнерлеп оқу моделін көрсетеді, оқушылар жалғастырып оқиды. Мәтінді оқып болған соң талқылау жүргізіледі.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Жарасты әрі әдемі дәстүрдің бірі осы сәлемдеме. Ол адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тағамы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат, бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме әкелген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады. Үлкендер мұндайда көзіне жас алып, оны көрші-көлемдеріне, балаларына айтып мақтанады, сол адамды еске алады. Сәлемдеме – адамды адамның ұмытпай жүруінің, берік достығының, адал көңілінің алтын кілті. «Сәлем берген саулық береді» дейді халық. Ал сәлемдеме берудің мән мағынасы одан да биік.

Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы мәтін мазмұны бойынша бірлесіп, тізбектеп оқуға ілесуде қиналған оқушыларға сөзбен ынтылындыру сөздері арқылы қолдау көрсетіледі.

(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы талқылау барысында оқушылардың жауабы ұжымда өзара бағалау ұсынылады.

3-тапсырма

(Т) (МК) «Идея туралы ойлар» стратегиясы

Оқушыларға топтасып оқылған әңгіменің мазмұны бойынша түсінгеніне қарай сұрақтар құрастырып, ойларын айту ұсынылады. Әрбір топ ұсынылған «құрт, көрші, жақсы көршіміз, жақсы адамдар, қазақтың ас-тамағы, елдің дәмі» сөздері мен тіркестерінің мағынасын ашуға тырысады. Ойларына талдау жасап, пікірлерін салыстырады.

Сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы өзгелердің ойларын сұрау жолымен ойлау логикасын ашып, сыни ойлау дағдысын дамыту керек.

Мысалы: «_...идея туралы қалғандары не ойлайды?

Әңгіменің мазмұны бойынша оқушылар сұрақтарды жеке құрастыртуға болады. Сұрақ құрастыруға уақыт беріледі. Жұпта, топта талқылайды. Ортақ қорытындыға келіп топтан 4-5 сұрақ ортаға шығарады, өз ойларымен бөліседі.

Топ кеңесе отырып, өз ойын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен топ басшысы берілген уақыт ішінде (5мин) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топтың ойын жеткізеді.

Жаңа тақырыпты меңгерту кезінде тура нұсқау беру мен қолдау көрсетуге көбірек көңіл бөлінеді. Тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастырылады. Оқушылар сыныптағы басқа оқушыларға өз пайымдауларын түсіндіруге ынталандырылады.

Саралау: «Қорытынды» тәсілі. Әр топ жаңа сөздерді әртүрлі идеялар ұсынуы мүмкін деп болжанады. Идеяларды талдау және салыстыру барысында ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) Тыңдалым-айтылым және оқылым дағдыларының мақсаттарына сәйкес «От шашу» әдісі арқылы әр топтың жаңа сөздерге берген идеялары бағаланады.

4-тапсырма

(ОТ, МК, Т,Ө) «Оқиға картасы»

Әр топқа оқылған әңгіме мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын анықтау ұсынылады.

Әр топқа картаның үлгісі таратылады. Оқылған мәтін мазмұнын топтасып талқылап, оқушылар әр оқушы өздігінен берілген критерийлер бойынша картаны толытырады. Әңгімеден мыналар анықталады: сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі

  • 1.басталуы
  • 2.дамуы

3.шиеленісуі

5.шешімі

4.шарықтау шегі

Картаны өздігінен толтыру арқылы оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуы маңызды екенін ескере отырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады.

Саралау: «Қорытынды» тәсілі

Оқушылар шығарманың композициялық құрылымын анықтауда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.

ҚБ: Дескрипторлар бойынша бағалау.

- шығармада оқиғаның басталуы мен дамуын белгілейді;

- оқиғаның шиеленісуін көрсете алады

- оқиғаның шарықтау шегі мен шешімін көрсете алады.

Көркем шығарманың композициялық құрылымын анықтап, парактарына белгіленген жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады.

Қосымша №2

Слайд №4

«Сәлемдеме»

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D3%99%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B4%D0%B5%D0%BC%D0%B5

қабырғаға ілінген ватман, түрлі-түсті маркер

Слайд №5

Қосымша №3

Түсіндірме сөздік

Слайд №6

Қосымша№4

Сабақтың соңы

35-40 минут

Қорытынды.

5 тапсырма.

(МК; Т) «Мозайка» әдісі

Әр топқа оқиға картасына сүйене отырып, оқыған шығарманы бөліктерге бөліп, ат қойып, жоспар құру тапсырылады. Талқылау барысында әр топта бір оқушы сарапшыға рөлінде болады. Топтасып жоспар құрады, кейін сарапшы басқа топтағы оқушылармен жоспарды талқылайды. Әр топтың сарапшылары бір топ болып ортақ жоспар ұсынады.

Әңгіме түріндегі шығармалардың жоспарының сызбасы оқушыларға беріледі:

I. Кіріспе

II.Негізгі бөлім:

а) оқиғаның байланысы

ә) оқиға шиеленісінің жеткен жері

б) шешілуі

III. Қорытынды

Саралау. Қорытынды тәсіл бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма бірдей ұсынылғанымен жоспар құруды әр топтан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мазмұндау кезінде кейбір оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) Оқушылардың топтасып жоспар құра алуына назар аударылады. Бірлескен жұмыстары «смайл» әдісі арқылы өзара бағаланады.

Рефлексия:

«Қол белгісі»

Оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрауға болады.

«Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» дегендер қолдың бас бармағын жоғары бағыттайды.

«Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады.

«Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды. Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамытады. Осы белгілерге сүйеніп, сабақтың қай деңгейде өткенін білуге болады.

Кері байланыс (нақты тақырып бойынша үлгі сұрақтар):

-Нені үйренгендерін жазғызу.

-Белгілі бір оқу іс-әрекетін ұнатты ма?

-Олардың үйренуіне не көмектесті?

-Не кедергі болды?

-Келесі жолы оларға не көмектесуі мүмкін?

Үйге тапсырма ретінде құрастырған жоспар бойынша шығарманың маңызды тұстарын белгілеп, мазмұндау ұсынылады. Сонымен қатар сәлемдеме беру туралы өз отбасыларынан деректер жинақтау тапсырылады.

Слайд №7

Қосымша№5

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2-тапсырма. Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы мәтін мазмұны бойынша бірлесіп, тізбектеп оқуға ілесуде қиналған оқушыларға сөзбен ынтылындыру сөздері арқылы қолдау көрсетіледі.

3-тапсырма: «Қорытынды» тәсілі. Әр топ жаңа сөздерді әртүрлі идеялар ұсынуы мүмкін деп болжанады. Идеяларды талдау және салыстыру барысында ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіледі.

4-тапсырма: «Қорытынды» тәсілі. Оқушылар шығарманың композициялық құрылымын анықтауда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.

5-тапсырма: Қорытынды тәсіл бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма бірдей ұсынылғанымен жоспар құруды әр топтан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мазмұндау кезінде кейбір оқушыларға сөзбен қолдау көрсетіледі.

Дескрипторлар:

- шығармада оқиғаның басталуы мен дамуын белгілейді;

- оқиғаның шиеленісуін көрсете алады

- оқиғаның шарықтау шегі мен шешімін көрсете алады.

«Басбармақ» әдісі арқылы талқылау барысында оқушылардың жауабы ұжымда өзара бағалау ұсынылады.

Тыңдалым-айтылым және оқылым дағдыларының мақсаттарына сәйкес «От шашу» әдісі арқылы әр топтың жаңа сөздерге берген идеялары бағаланады.

Шығарманың композициялық құрылымын анықтап, парактарына белгіленген жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады.

Оқушылардың топтасып жоспар құра алуына назар аударылады. Бірлескен жұмыстары «смайл» әдісі арқылы өзара бағаланады.

Сыныптағы оқушы үстелдері топпен жұмыс жасауға ыңғайланып қойылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы