Шығарманың композициясын анықтау «Өнердің күші». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.
ҚОСЫМША 1
Өнердің күші (ертегі)
Бұрынғы өткен заманда Хасен деген патшаның жалғыз ұлы болыпты. Баласы Ыдырыс ел аралап жүріп, Сәтбай деген бір диқанның сұлу қызына ғашық болған екен. Қыздың аты Дүрия екен. Бір күні Ыдырыс қыздың әкесіне сөз салып, кісі жіберіпті. Сәтбай:
— Қызым барса да, бармаса да өзі біледі депті.
Сонан соң Ыдырыс Сәтбай қарттың үйіне өзі келіп, Дүрия қызға өзінің ойын айтыпты. Сонда Дүрия:
— Сен болсаң патшаның ұлысың, мен болсам диқанның қызымын, оны ойладың ба? – депті.
— Неге ойланбайын, Дүрия, ойландым. Он ойланып, жүз толғанып келіп отырмын алдыңа,– дейді Ыдырыс.
Дүрия ойланып:
— Қандай өнерің бар еді? – деп сұрайды.
— Ешқандай өнерім жоқ, – дейді Ыдырыс.
— Өнерсізге үміт арту қиын, үмітіңді үз де, жолыңды тап, жігітім, – депті. Сонда Ыдырыс тұрып:
— Дүрияжан, неге олай дейсің, мен жақында патша боламын ғой, патша болған адамға өнердің қанша керегі бар?! – дейді.
— Жоқ, жігітім, олай деме, бүгін патшасың, ертең кім боларыңа көзің жете ме? Өнерсіздің өкініші - көп, өнерлі өрмелеп өрге шығады, өнерсіздік ойға опық, бойға қорлық емес пе?
Қыз сөзіне намыстанған Ыдырыс патша сарайына келіп, әкесіне болған жайды айтады. Хасен патша қол астындағы барлық шеберлерді шақыртып алып, осы балама бір өнер үйретіп бергендеріңе қанша уақыт керек? – деп сұрапты. Өнершілердің әрқайсысы әр түрлі жауап беріпті. Біреулері бір жыл керек, енді біреулері алты ай керек, үш ай керек деп шуласып тұрғанда, басына жүннен қалпақ киген Тоқтыбай деген бір өнерші шал:
— Балаға он бес күнде өнер үйретіп шығаруға болады, – дейді. Патша баласын Тоқтыбайға тапсырады. Он бес күннің ішінде Ыдырыс Тоқтыбайдан қалпақ басуды үйреніп шығады. Хасен патша баласына:
— Қасыңа бірнеше кісі ертіп, Сәтбай қарттың үйіне барып, құда түсіп, қызға өнеріңді көрсетіп қайт, көңілі хош болсын, – дейді. Ыдырыс диқан Сәтбай қартқа барып, келісіп, қызы Дүрияны алып, үлкен той жасайды. Дүрия сұлу да, зейінді еді. Патшаның үйіне келін болып түскен соң, Ыдырысқа:
— Енді өнеріңді көрсет? – дейді. Ыдырыс сайман-әбзелдерін тауып алып, жүннен бір жақсы қалпақ басып, Дүрияға әкеп көрсетеді.
— Мұның да жақсы өнер екен, енді екеуіміз ешкім білмейтін бір қосымша жасайық, – депті.
Сонда Ыдырыс:
— Ол не қосымша? – деп сұрайды.
— Қалпақты басқанда жиегіне басқа жүннен әріпке ұксас өрнектер шегеміз, бір әріп бір сөздің балауы болсын, оны екеумізден басқа ешбір жан білмейтін болсын, «Сақтықта қорлық жоқ» деген, түбі – бұл бізге керек оқу, – дейді Дүрия. Сөйтіп, олар екеуіне ортақ өнер тапты...
ҚОСЫМША 2
ҚОСЫМША 3
Кейіпкер | Бастапқы іс-әрекеті | Іс-әрекетінің өзгеруі | Өзгеру себебі |
|
|
|
|
ҚОСЫМША 4
1. Он бес күннің ішінде Ыдырыс Тоқтыбайдан қалпақ басуды үйреніп шығады. |
2. Хасен патша қол астындағы барлық шеберлерді шақыртып алып, осы балама бір өнер үйретіп бергендеріңе қанша уақыт керек? – деп сұрапты. |
3. Мұның да жақсы өнер екен, енді екеуіміз ешкім білмейтін бір қосымша жасайық, – депті. |
4. Қандай өнерің бар еді? – деп сұрайды. |
5. Ешқандай өнерім жоқ, – дейді Ыдырыс. |
ҚОСЫМША 5
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?