Шығарманың композициясын анықтау. «Дарабоз» Қ.Жұмаділов. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Дарабоз

 Ата – анасының бесікке саларда азан шықырып қойған аты- Қабанбай да, Дарабоз да емес, Ерасыл болатын. Ең алдымен бұған ат қоюды ауылдағы жеңгелері бастады. Салт бойынша қайнысына ат беру қажет болғанда, «Нар бала» дегенді ойлап тапқан – солар. Құдай бұған қара күш пен денені о бастан –ақ аямай берген ғой. Он үш жасар кезінде – ақ бойы белін қайыстырып, екі тізесі күліктің мойнын қағып жүретін-ді. Осыны көрген жеңгелер аясын ба, мұның сорайған бойына қарап, «Нар бала» деген айдарды тақты да жіберді.

 Тұла бойға сыймай қабындап тұратын күшті қайда жұмсарын білмей еріккендіктен, желі басындағы асау құлындарды тырп еткізбей, құйрығынан ұстап тұрып тұра қалғанды қызық көруші еді. Бертін келе көктемде жылқы таңбалағанда, құлағына қол апартпайтын небір шу асау дөнен-бестілер Ерасылдың қолына түскенде жыны қағылып, қалш-қалш етіп тұрып қалатын-ды.

Тек қара күш емес, соғыс өнеріне де тез жетілді. Жеті жасынан жақ тартуды үйренген. Анау – мынау жігіт икемге келтіріп ие алмайтын, әкесі Қожағұлдан қалған қара садақты бұл он үш жасында адырнасын аңыратып еркін тартатын болды. Ат үстінде шауып келе жатып, жердегі түйенің құмалағын найзамен іліп кете беретін.

Бір күні Зайсан көлі жағасында жылқы қайырып жүріп, ойда жоқта бір тобыр жабайы шошқаға тап болғаны бар...

Мұның қасында жүрген өзі құралпы балаң жігіт мана қабанның қарасын көрісімен – ақ ауылға қарай тұра шапқан екен, сол барып бүкіл елді дүрліктіріпті. Ауыл адамдары шапқылап жеткенде, Ерасыл бір тастың үстінде демалып отырған – ды.Екі жерде екі қабан жатыр теңкейіп. Ерасылдың аман отырғанын көргенде, Бердәулет жездесінің қуанғанын айтпа! Балдызын қапсыра құшақтап, екі бетінен алма- кезек сүйе берген.

  • Өй, сен өзің жігіт екенсің ғой! Батыр деп мына сені айт!- дей береді әлсін –әлі. –Өңкиген бойы ғана ма десем... батыр болғанда, нағыз қабанның өзі екенсің! Уа, жарандар, мұның атын бүгіннен бастап «Қабан батыр» деп атайық!- демесі бар ма.

Жездесінің аузы мұндай дуалы болар ма, қуаныш үстінде әзілмен айтылған бір ауыз сөз кешікпей төңіректегі елге тарап, бұл аяқ астынан «Қабан батыр» атанды да кетті.

Қабанбайдың «Дарабоз» атануына себепші болған ақбоз аты. Неше күн бойы алдырмаған шағандағы жау бекінісіне қарсы қалың қолды бастап тұра қашпағанда, ақбозбен оқ бойы алға шығып кеткенін батырдың өзі де аңғармапты ғой. Сонда төбе басында ту ұстап, ұрыс алаңын көзбен шолып тұрған Абылай:

  • Ау, мана дара бозың кім? Өзі тым алға шығып кетті ғой... Көзсіз батыр мерт болмас игі еді!-деп, әрі сүйсініп, әрі қатты алаңдаған екен.

Кейін ойрат қолын ойсырата жеңіп, Шаған шатқалынан айдап шыққанада, мана ақбозға мініп дара шапқан батырдың Қабанбай екеніні біліп, Абылай қатты риза болаған-ды.

Қайраусыз өтер қара қылышым – ай! Даңққа жеткізген дара бозым екенсің ғой! Егер биікке бекініп алған жау қамалына қалың қолды көтеріп сен шаппағанда, бүгінгі шайқастың немен бітері неғайбыл еді. Бүгіннен бастап Қабанбай атың хан ұранына айналып, жорықтағы есімің Дарабоз болсын! – деп құшағына алып, үстіне алтын зерделі тонын жапқан.

- «Дарабоз» дедің бе, хан ием? Апырай, онсыз да менің жұрт қойған атым аз емес еді! – деген қабанбай қарқ- қарқ күліп.

- Білем. Сен екеуіміз азан шақырып қойған өз атымызды ұмытқалы қашан! Бірақ сенің бүгінгі ерлігің өз алдында бір ат қоюға татиды,- деп, сол күні анау- мынауға желп етпейтін Абылай, масайраған қуаныш үстінде өз байламын көпшілік алдында жариялап жіберген.

Қабдеш Жұмаділов

Қосымша 2

Қосымша 3

Кейіпкері

Басты іс - әрекеті

Іс – әрекетінің өзгеруі

Өзгеру себебі

Қосымша 4

Жоспар үлгісі:

  • Ат қою
  • Ер жету
  • Аңға шығу
  • Жорыққа аттану
  • Риза болған Абылай
[attachment=26050:did_mat-shyarmany-kompozicijasyn-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу