Шығарманың композициясын анықтау. «Дарабоз» Қ.Жұмаділов. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлімі: Атақты тұлғалар

Сынып: 3

Сабақ тақырыбы: 2.5 Шығарманың композициясын анықтау

«Дарабоз» Қ.Жұмаділов

Оқу мақсаттары:

3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

Бағалау критерийі:

  • әңгімені түсініп оқиды;
  • әңгіменің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды;
  • кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалайды.

Қажетті ресурстар: мәтін, кесте, маркер, қағаз А3

І.Сабақтың басы

Ширату жаттығуы. Мұғалім сыныптағы бір оқушыны ортаға шығарып, оған жеке нұсқау береді ( мыс: отыр, сыртқа шық, жүгір т.б). Оқушы сол нұсқау бойынша іс-әрекетін өзгертіп отырады. Осы тапсырманы орындау арқылы сабақ мақсаты анықталады

Сабақ мақсатын бірге анықтау: Сыныптасың қанадй іс-әрекет жасады?

Іс-әрекеті неге өзгерді?

Бұл жаттығудан қандай сабақ мақсатын анықтауға болады?

Сабақ мақсаты: Әңгіменің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, кейіпкерлердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін ертегіден дәлелдер келтіріп бағалау. Бағалау критерийімен таныстыру.

ІІ. Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(Ө) 1. «Дарабоз» әңгімесінің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап оқу тапсырылады.

1. Оқушыларға түрлі-түсті стикерлер таратылады. Әңгімені оқи отырып, басына, ортасына, аяғына белгі қояды.

2. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

3. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін мәтінді шолу тапсырылады;

4. Мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.

1.Неліктен Ерасылды жеңгелері «Нар бала» деп атады?

2.Неге жездесі Бердәулет қатты қуанды?

3.Неліктен Абылайхан батырдың ерлігіне риза болды?

Саралау: Диалог және қолдану тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында жан-жақты нақты көмек қажет ететін оқушыға ертегінің мазмұны бойынша жекелей сұрақ қоя отырып, қолдау көрсетіледі.

Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

2-тапсырма

(Т) «Оқиға шыңы» әдісі. «Дарабоз» әңгімесінің негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап, оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықта.

1. Оқушыларды топтарға бөліп, оқиға шыңы кестесі беріледі. Пирамиданың келесі бөлктеріне солдан оңға қарай шығарманың мазмұны бойынша оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды.

2. Кестені толтырып болған соң, топтар бір-бірінің жұмыстарын қарап шығады. Жұмысты дұрыс деп санаса (жасыл), түзетулер қажет деп есептес (сары) стикер жабыстырады.

3. Әр топ жұмыстарын қайта алып, басқа топтардың бағларымен келісетінін/келіспейтінін айтып, өз жұмыстарын қорғайды.

Саралау: жіктеу тәсілі арқылы талаптары әр түрлі оқушылар біріктіріледі. Белсенді оқушы көмекті қажет ететін оқушыға өзара оқыту арқылы қолдау көрсетіледі.

Б: «Жарайсың», «Тамаша», «Жақсы» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау.

3-тапсырма

Ж) «Салыстырмалы карта» әдісімен «Дарабоз» әңгімесіндегі бір кейіпкердің іс-әрекетін тауып, оның өзгеру себебін салыстыра отырып бағалай алады.

1. (ЖЖ) Оқушылар жұпқа бөлінеді. Оларға төмендегі кесте таратылады. Кестені жұппен талқылап, толырады.

Кейіпкер

Бастапқы

іс-әрекеті

Іс-әрекетінің өзгеруі

Өзгеру себебі

2. (ЖЖ,Т) Толтырылған кестелер бойынша жұптар жұмыстарын, топта талқылайды.

3. Кесте бойынша қаншалықты сәйкестік бар болғанын барлық топта анықтайды.

4.Өз жұмыстарын қортындылап, өзіндік баға береді.

Саралау: Қарқыны төмен, көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

 Б: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.

 Мен …………. туралы көп білдім.

 Мені …… таң қалдырды.

 Мен … сездім.

 Мен………… басқаша қарайтын болдым

4-тапсырма

(Т) «Пирамидалық талқылау» әдісі бойынша мәтінді бөліктерге бөлу. Оқушылардан мәтінді неше бөлікке бөлуге болатыны сұралады. Мәтінді логикалық бөліктерге бөліп, ат қою, жоспар құрастыру. Әр топ өз жоспарымен таныстырады. Жоспар бойынша әңгіменің мазмұнын айтады.

Жоспар үлгісі:

  • Ат қою
  • Ер жету
  • Аңға шығу
  • Жорыққа аттану
  • Риза болған Абылай

Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Қарқыны жылдам кейбір оқушыларға мазмұны бойынша қосымша кейіпкердің мінезіне баға беруді тапсыруға болады. Біршама уақытты талап ететін оқушыларға тапсырма терең түсіндіріледі.

Б: Топ оқушыларының бірін – бірі бағалауы.

ІІІ. Сабақтың соңы

"Бес саусақ" әдісін пайдаланып меңгерген білімге рефлексия жасалады. Рефлексия парағын толтырады.

Бас бармақ – Не үйрендім ? Маған не ұнады?

Балан үйрек – Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім?

Ортан терек – Менің көңіл-күйім?

Шылдыр шүмек – Бүгін кімге көмектесе алдым? Кішкене бөбек – Қандай қиындық болды, оны жеңе алдым ба?

[attachment=26051:nsauly-shyarmany-kompozicijasyn-anytau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу