Шығарманың композициясын анықтау. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Табиғат құбылыстары

Сынып: 4

Сабақ тақырыбы:2.5 Шығарманың композициясын анықтау

Оқу мақсаттары:

4.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау;

4.2.6.1 кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: мәтіннің мазмұнын түсінеді, құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады;

Көпшілік оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды, кейіпкерлерге мінездеме бере алады;

Кейбір оқушылар: кейіпкердің іс- әрекетінің, мінез-құлқының өзгеру себептерін анықтайды, дәлелдер келтіріп бағалайды, өз ойын айтып, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері:

мәтінді түсініп оқиды;

мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады;

мәтіннен негізгі ойды білдіретін бөлікті анықтайды;

кейіпкердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына баға береді.

Тірек сөздер: Теріскей жақ, сансыз меруерт, үшкіл жапырақтар, шық тамшылары, тамшылар домалап, шыбынды айлар, қарлы жота.

Сабақ барысы

І. Сабақтың басы

Ширату

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек.

Топқа бөлу: «Түс таңдау» әдісі

Сары, көк, жасыл, қызыл - 4 топ құру

Сурет бойынша болжам жаса

Тақырыпқа болжам жасайды.

Мәтінмен жұмыс - Тірек сөздер құру 3 мин

Мәтінді орындамас бұрын сурет бойынша өтетін сабаққа болжам жасайды. Суретке қарап өз ойларын айтады

Сабақтың тақырыбын анықтайды. Оқу мақсаттары, бағалау критерийімен таныстыру.

ІІ.Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(Т,Ұ) «Әдеби шеңбер» әдісі

1-топ Белгілеуші

Мәтінге көз жүгіртіп, әңгіменің жалпы тақырыбы мен маңызына қатысты 3 немесе 4 маңызды бөліктерін белгілейді. Олар қызықты, ой тудырарлық болуы мүмкін. Бөліктерді өз топтарында дауыстап оқиды және олардың маңыздылығын талқылайды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

Оқиғаның басталуы:

Жалғасуы:

Аяқталуы:

2-топ Байланыстырушы

Мәтін мен шынайы өмір арасындағы 2 немесе 3 байланысты анықтайды. Бұл оқиғаларға өзінің жеке өмірінен, мектепте болып жатқан іс-шаралардан, басқа адамдар өмірінен, күнделікті жаңалық тақырыптарынан немесе тіпті теледидар бағдарламаларынан алынған оқиғалар жатуы мүмкін. Оларды тізіп жазады, тобымен пікір алмасады және сынып алдында жұмысын қорғайды.

3-топ Қорытындылаушы

Мәтіннің мазмұнын қорытындылайды, шығарма композициясына тоқталады және шығарманың маңызды жерлерін атап өтеді.

4-топ Суреттеуші

Мәтінге қатысты нақты немесе абстрактілі сурет салады. Сурет салу қабілеті бұл жерде басты емес; мәтіннің басты оқиғасын немесе кейіпкерін суреттеп жеткізе алуы маңызды. Мультфильм бейнелерін, диаграмма,сызбанұсқа, кесте арқылы беруге де болады.

Саралау: Топта ой бөлісіп, ойларын ортаға салып, ортақ шешімге келеді. Көмек қажет ететін оқушыларға қосымша уақыт беріледі

Б: «Бір- бірін бағалау»

Топтар бір -бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды

2-тапсырма

(Т,ЖЖ) Ой қозғау” әдiсi:

Топтарға:

1. Шық дегеніміз не?

2. «Шыбынсыз жаз» дегенді қалай түсіндің?

3. Шықты қай кезде көруге болады?

4. Шыбынды айларды атап бер

Саралау:Баланың тәжiрибесiне сүйене отырып, жеке, топтық және ұжымдық талқылау арқылы берiлген тақырып мазмұнымен өз бетiнше жұмыс жасауына бағыттап, қызығушылықты ояту

Б: «Екі жұлдыз,бір тілек»

3-тапсырма

(Т,Ұ) “Вен диаграммасы” әдiсi

«Таңғы шық» пен «Шыбынсыз жаз» мәтіндегі жаз мезгілінің сипатын салыстыру

Б: «Бас бармақ»

Оқушылар мәтінді оқып болған соң, қаншалықты түсінгендерін бағалау.

4-тапсырма

(ЖЖ,Т) «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі.

-Суретті пайдаланып, дәл жазушыдай толғанып, көңіл-күйіңді сөзбен жеткіз. (мәтіндегі 2 азат жолды пайдалан)

Саралау: Сұрақтарға толық, нақты жауап беруіне көңіл бөлінеді. Кейбір оқушыларға жетекші сұрақтар қойылады.

Б: «Қол шапалақтау» әдісі

ІІІ. Сабақтың соңы

“Пайымдау сұрақтары” әдісі:

Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды: Сабақта не маңызды болды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер т.с.с. Бір сұраққа бірнеше оқушы жауап беруі мүмкін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу