алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Шығарманың композициясын анықтау «Өнердің күші». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 Бөлім: Өнер

 

 Сабақ тақырыбы: 2.5 Шығарманың композициясын анықтау. «Өнердің күші» ертегі

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау

 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: ертегінің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, кейіпкерлердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін ертегіден дәлелдер келтіріп бағалау

 Көптеген оқушылар: кейіпкер іс-әрекетін тауып, оның өзгеру себебін салыстыра отырып бағалай алады.

 Кейбір оқушылар: ертегі мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар ұсына алады.

 

 Бағалау критерийлері

  • ертегіні түсініп оқиды;
  • ертегінің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды;
  • кейіпкерлердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін ертегіден дәлелдер келтіріп бағалау.

 

 Қажетті ресурстар: түрлі-түсті маркерлер, кесте, карточкалар

 

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы:

 Ширату тапсырмасы. Бастапқы білімді еске түсіру және сабақ мақсатын анықтау үшін жүргізіледі.

 Сыныптағы бір оқушыны ортаға шығарып, оған жеке нұсқау беріңіз ( мыс: отыр, сыртқа шық, жүгір т.б). Оқушы сол нұсқау бойынша іс-әрекетін өзгертіп отырады. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтаңыз. Ол үшін келесі сұрақтарға жауап алып көріңіз. Сыныптастарың қанадй іс-әрекет жасады?, Іс-әрекеті неге өзгерді?, Бұл жаттығудан қандай сабақ мақсатын анықтауға болады?

 Сабақ мақсаты: ертегінің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, кейіпкерлердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін ертегіден дәлелдер келтіріп бағалау. Бағалау критерийімен таныстыру.

 Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстырыңыз. Оқушылармен бағалау критерийін бірге құрастырып немесе таныстырыңыз.

 

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма

 Бұл тапсырма оқылатын шығарманың басталуын, дамуын және аяқталуын анықтауға негізделген. Бұл арқылы оқушылар өз оқығандары бойынша түсінгендерін қолдана алады.

Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 1.(МТ) «Өнердің күші» ертегісінің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап оқуды тапсырыңыз. Ол үшін оқушыларға түрлі-түсті «жапсырма қағаздар» таратыңыз. Ертегіні оқи отырып, басына, ортасына, аяғына «жапсырма қағаздардан» белгі қою керек екендігін түсіндіріңіз.

 2. (Ө) Оқушылар ертегіні іштей жеке оқиды. Оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескер отырып, әр балаға қолдау көрсетіңіз.

 3. Барлық оқушылар оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алуға жұмыс жүргізіледі, мысалы: түсініксіз сөздерді түсіндіріледі; диқан, сөз салып, қалпақ басуды, көңілі хош болсын.

 4. Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін ертегіні шолу тапсырылады;

 5. Қажеттілігіне қарай ертегі бойынша бірнеше сұрақтар қойылады:

  • Пташаның жалғыз ұлы Дүрияны алғаш қайда кездестірді?
  • Дүрия Ыдырыстан неге «Қандай өнерің бар еді? – деп сұрайды?
  • Ыдырыс қандай өнер түрін үйренді?

 Саралау: Диалог және қолдану тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында жан-жақты нақты көмек қажет ететін оқушыға ертегінің мазмұны бойынша жекелей сұрақ қоя отырып, қолдау көрсетіледі.

 Қ/Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

 2-тапсырма

 Тапсырма оқыған ертегінің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, кестені толтыруға беріледі. Бұл арқылы оқушылардың ертегі мазмұнын түсіндіре алу және жүйелеп жазу дағдыларын дамытуға негізделеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 «Оқиға шыңы» әдісі арқылы «Өнердің күші» ертегісіндегі негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтап, оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап кестені толтыруды тапсырыңыз.

 1. (Т) Оқушыларды топтарға бөліп, оқиға шыңы кестесі беріледі. Пирамиданың келесі бөлктеріне солдан оңға қарай шығарманың мазмұны бойынша оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды.

 

 

 2. Кестені толтырып болған соң, топтар бір-бірінің жұмыстарын қарап шығады. Жұмысты дұрыс деп санаса (жасыл), түзетулер қажет деп есептес (сары) стикер жабыстырады.

 3. Әр топ жұмыстарын қайта алып, басқа топтардың бағларымен келісетінін/келіспейтінін айтып, өз жұмыстарын қорғайды.

 Саралау: жіктеу тәсілі арқылы талаптары әр түрлі оқушылар біріктіріледі. Белсенді оқушы көмекті қажет ететін оқушыға өзара оқыту арқылы қолдау көрсетіледі.

 Б: «Жарайсың», «Тамаша», «Жақсы» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау.

 3-тапсырма

 Тапсырманы орындау арқылы оқушылар кейіпкерлердің іс-әрекетінің өзгеру себептерін ертегіден дәлелдер келтіріп бағалауды үйренеді.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Ж) «Салыстырмалы карта» әдісімен «Өнердің күші» ертегісіндегі бір кейіпкердің іс-әрекетін тауып, оның өзгеру себебін салыстыра отырып бағала беруді ұйымдастырыңыз.

 1. (ЖЖ) Оқушылар жұпқа бөлінеді. Оларға төмендегі кесте таратылады. Кестені жұппен талқылап, толырады.

 

Кейіпкер

Бастапқы

іс-әрекеті

Іс-әрекетінің өзгеруі

Өзгеру себебі

 2. (ЖЖ,Т) Толтырылған кестелер бойынша жұптар жұмыстарын, топта талқылайды.

 3. Кесте бойынша қаншалықты сәйкестік бар болғанын барлық топта анықтайды.

 3.Өз жұмыстарын қортындылап, өзіндік баға береді.

 Саралау: Қарқыны төмен, көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.

 ҚБ: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.

 Мен …………. туралы көп білдім.

 Мені …… таң қалдырды.

 Мен … сездім.

 Мен………… басқаша қарайтын болдым

 4-тапсырма

 Бұл тапсырмада оқушыларға ертегі мазмұны бойынша орны ауысқан оқиғаларды тауып, түзету тапсырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Әр жұпқа оқиға реті шатасып жазылған парақтар таратылады. Берілген парақшаларды жұптарымен бірлесе отырып, ойланады, түзетіп, ретімен қойып орналастырады, себебін түсіндіреді.

 

1

Ешқандай өнерім жоқ, – дейді Ыдырыс.

2

Он бес күннің ішінде Ыдырыс Тоқтыбайдан қалпақ басуды үйреніп шығады.

3

Хасен патша қол астындағы барлық шеберлерді шақыртып алып, осы балама бір өнер үйретіп бергендеріңе қанша уақыт керек? – деп сұрапты.

4

Мұның да жақсы өнер екен, енді екеуіміз ешкім білмейтін бір қосымша жасайық, – депті.

5

Қандай өнерің бар еді? – деп сұрайды.

 

 Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Қарқыны жылдам кейбір оқушыларға мазмұны бойынша қосымша кейіпкердің мінезіне баға беруді тапсыруға болады. Біршама уақытты талап ететін оқушыларға тапсырма терең түсіндіріледі.

 Б: «От шашу». Әр топ бірін-бірі тыңдай отырып бағаларын береді. Жарайсыңдар! Керемет! Мадақтау сөздерімен ауызша мадақталады.

 Сабақтың соңы.

 "Бес саусақ" әдісін пайдаланып меңгерген білімге рефлексия жасалады. Рефлексия парағын толтырады.

Бас бармақ – Не үйрендім ? Маған не ұнады?

Балан үйрек – Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім?

Ортан терек – Менің көңіл-күйім?

Шылдыр шүмек – Бүгін кімге көмектесе алдым? Кішкене бөбек – Қандай қиындық болды, оны жеңе алдым ба?

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырып бере алады.

 

[attachment=25917:nsauly-shyarmany-kompozicijasyn-anytau.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Елімізде жұмыссыз қалғандар 6 айға дейін бұрынғы жалақысының 45 пайызын алады 16.03.2023
» Сәбиін сатпақ болған 😱 04.03.2023
» Студенттердің стипендиясы өседі 👨‍🎓 02.03.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы