Шығарманы мазмұндау. Жюль Верн «Он бес жасар капитан», аударған С.Есжанов «Дик Сэнд». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мамандықтар әлемі

Күні:

Сынып: 4

Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Жанбосынова Н.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.2 Шығарманы мазмұндау

Жюль Верн «Он бес жасар капитан»,

аударған С.Есжанов «Дик Сэнд»

Оқу мақсаттары

4.1.2.1 шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы қысқаша, толық, ішінара мазмұндау

4.2.6.1 кейіпкердің, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, салыстырып бағалау

Сабақ мақсаттары

  • мәтінді түсініп оқиды;
  • түрлі баяндау тәсілдерін қолданып, шығарманың мазмұнын қысқаша айтады;
  • негізгі ойды анықтайды;
  • кейіпкердің іс - әрекетін мәтіннен табады;
  • кейіпкерді сипаттап, салыстырып бағалайды

Бағалау критерийлері

  • мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
  • түрлі баяндау тәсілдерін қоланып, шығарманы мазмұндап айтады;
  • сұрақтарға жауап береді;
  • кейіпкерлердің мінез- құлқын сипаттайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Мәтін мазмұны бойынша кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетін сипаттай алады.

Құндылықтарды дарыту

Жұппен жұмыс барысында оқушылардың арасында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасады. Жеке жұмыс жасау барысында еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын жеткізуде сөйлемдердің байланысын сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтай алады.

Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Ширату жаттығуы «Бұл кім?» ойыны. Мұғалім сыныптағы бір оқушыны сипаттап айтады: оның бет әлпетін, сыртқы пішінін, киімін, сөйлеу мәнерін, әдеттерін, мінез-құлқын келтіреді. Әрине, ол оқушының есімін атауға болмайды және де сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы керек, мұнда оқушыны мақтаған дұрыс.

Бір-екі сипаттан кейін оқушылардан: «Бұл кім?

Сіздер таптыңыздар ма?» деп сұрап, олардың жауаптары тыңдалады. Оқушылар таппаса, сипаттау әрі қарай жалғастырылады. Мысалы, «Бұл оқушының күлкісі өте әдемі. Ол

ақ жейде киген... Ол кім?... Бұл оқушыны жолдастары сыйлайды. Оның қолында қалам бар... Ол кім?...».

Бұл ойсергек оқушылардың бір-біріне деген ынта-ықыластарын арттыруға бағытталған: оқушылар өздері және өзге жолдастары туралы әңгімелерді өте ұнатады.

Сабақ мақсатын бірге анықтау: Қандай іс-әрекет жасадық?

Сұрақтар қандай болады?

Балалар, ендеше бүгін біз сендермен кейіпкерлердің портретін сипаттап, мінез-құлқын анықтаймыз, шығарманың мазмұнын айтамыз.

 

Слайд №1-2

http://bilim-all.kz/article/7309

Сабақтың ортасы

6-8 минут

9-15 минут

16-21 минут

22-29 мин

30-37 мин

Автор туралы қысқаша мәлімет беру.

  • тапсырма

1. Жюль Верннің «Дик Сэнд» мәтінін оқушыларға теріп оқи отырып, ақпаратты белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.

2. Мәтіннен қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды.

3. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады.

Саралау. Қабілеті жоғары 1-2 оқушыға дауыстап оқытуға болады. Оқушылардың мүмкіндіктері ескеріледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Б: Өзіндік бағалау. «Смайликтер».

2- тапсырма

(ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.

1.Мұғалім жұмыстың орындалуын түсіндіреді. Жұппен жұмыс жасап, ақпараттармен бөлісу, таныс емес сөздермен жұмыс жасау.

2. Оқушылар өзінің мәтіннен стикермен белгілеп жинаған мәліметтерін көршісімен бөліседі.

3.Оқушылар көршісімен бұрыннан білетін, түсініксіз болған, жаңа ақпарат болған, таңқалдырған мәліметтерді айтып, сол мәліметтерді бір - біріне талқылайды.

Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар 1-2 сұрақ құрастыруы мүмкін.

Б: «Күншуақ» оқушылар бірін – бірі бағалайды.

3-тапсырма

(Ж)"Оқиға шыңы" әдісі

Пайдаланатын мақсаты: шығарма кейіпкеріне талдау жасауға, мінездеме беруге арналған.

Орындау барысы: Әр оқушының дәптерінде шыңырауға апаратын жолаяғы бар Биік Шыңның суреті салынады. Шыңырау – жаман адам/кейіпкер, ал Биік шың – мінсіз адам/кейіпкер болып табылады. Өтіліп жатқан шығарманың кейіпкерінің орнын осы суретте нүкте арқылы белгілеу керек. Дәптерге тапсырманы орындайды. Шығармадағы кейіпкердің алатын орны, маңыздылығына қарай шың басына не шыңырауға орналастыруға болады. Сонымен қатар, осы шыңдағы өздерінің орындарын көрсетуді сұрауға да болады.

Саралау: Шығармадағы кейіпкердің алатын орны, маңыздылығына қарай орналастыру жұмысында барлық оқушыға бағытталған нұсқау бере отырып, не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу.

Б: «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

4-тапсырма.

(Т) «Оқиғалар желісі» әдісі.

1. Мұғалім әр топқа оқиға желісі көрсетілген сөздер қиындыларын беріп, желкендерге ретімен орналастыруды тапсырады.

2 Оқушылар оқиға желісін еске түсіре отырып, сөздерді ретімен орналастырады. Түрлі баяндау тәсілдерін қолданып, шығарманың мазмұнын қысқаша баяндайды.

3.. Мұғалім интербелсенді тақтадан дұрыс орналасқан оқиға желісін көрсетеді

ҚБ. Дескриптор бойынша бағалау:

  • әңгіменің мазмұнын түсінеді;
  • әңгіменің негізгі ойын анықтайды;
  • кейіпкерлерін анықтайды және оларды сипаттайды;
  • түрлі баяндау түрін қолданып, шығарманы қысқаша мазмұндайды.

Б: «Бағдаршам». Оқушыларда қызыл, жасыл, сары түсті карточкаларды өз парталарына қояды немесе жоғары көтере отырып (қызыл түсті-түсінбедім, жасыл-түсіндім, сары түсті-толық түсінбедім) топ бірін-бірі бағалайды.

5-тапсырма

Мазмұндайық. Оқушыларға мәтін мазмұны бойынша өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау тапсырылады.

Оқушылар әңгімені келесі критерий бойынша мазмұндайды.

Зерттеңіз: кейіпкердің біреуін таңдап, шығарма ішінен суреттеген жерді айтады.

Дәлелдеңіз: кейіпкерлердің кім болғанын мазмұндап, шығарма ішінен дәлел келтіріп айтады.

Талқылаңыз: кейіпкерлердің іс-әрекеті жайлы мазмұндап, мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалайды.

4. Оқушылардың өз еріктері бойынша әңгіменің мазмұнын сұраңыз.

5. Оқушылардың жауаптарын бағалаңыз.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мұғалім қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетеді. Мазмұндауға қосымша уақыт берілуін ескереді.

Б. «Екі жұлдыз, бір тілек»

Слайд №3

Қосымша 1-2

Түрлі-түсті стикерлер

Слайд №4

Қосымша 3

Слайд №5

Қосымша 4

Слайд №6

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия: «Плюс-минус-қызықты» әдісі

 «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жаза алады

«Минус» - «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын жазады.

«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келетінін сұрақ түрінде де жасса болады.

Слайд №7

Қосымша 5

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау

Қабілеті жоғары 1-2 оқушыға дауыстап оқытуға болады. Оқушылардың мүмкіндіктері ескеріледі. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Тапсырма баойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушылар 1-2 сұрақ құрастыруы мүмкін.

Шығармадағы кейіпкердің алатын орны, маңыздылығына қарай орналастыру жұмысында барлық оқушыға бағытталған нұсқау бере отырып, не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу

Өзіндік бағалау «Смайликтер». «Бағдаршам» әдісі. «Өзін- өзі бағалауы», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Дескриптор бойынша бағалау:

  • әңгіменің мазмұнын түсінеді;
  • әңгіменің негізгі ойын анықтайды;
  • кейіпкерлерін анықтайды және оларды сипаттайды;
  • түрлі баяндау тәсілдерін қолданып, қысқашы мазмұндайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік, қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу