Шығарманы мазмұндау. Жюль Верн «Он бес жасар капитан», аударған С.Есжанов «Дик Сэнд». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Дик Сэнд

... Бұл жас мотрос ата – анасы белгісіз жетім бала еді. Бала Дик Сэнд атанып кетті. Сірә, ол Нью-Йорк штатында туса керек.

Дик Сэнд онша бойшаң болмаса да, шымыр денелі, көкшіл көзінен от шашырап тұрған қоңыр шашты бала еді. Теңізшіліктің ауыр жұмысы оны келешектегі тұрмыс талқысына дайындап та қойған. Оның кескінінен жігер көрініп тұр. Бұл тек батыл адамға ғана тән кескін емес, қажымас талапты да аңғартады. Ол он бес жасынан-ақ белгілі бір мақсат көздеп, сол мақсатын ақырына дейін жеткізе білді. Балалық дәуірінде келешегін ойлайтын бала сирек кездеседі ғой. Ал Дик Сэнд сол жастың өзінде – ақ алдағы өмірінен өз үлесін аңғара біліп, «ат болар құлын талпынып туар» деп, өзіне өзі серт берді. Ол шапшаң да икемді, қайратты да тапқыр.

Ол төрт жасынан-ақ оқи білді. Сегізге келгенде оңтүстік елдерге қатынап жүрген бір кемеге юнга болып орналасты. Оның бар ықыласы бала шағынан-ақ теңізге ауған еді.

Дик Сэнд кемеде жүріп теңізшілік өнерін үйренді. Талантты баланы кеме офицерлері ұнатты. Оның теңіз өнерін үйренуіне басшылық етті.

Еңбек өмір заңы екенін кімде – кім бала шағынан аңғарса, кімде-кім нанның маңдай термен табылатынын жастайынан ұқса, соның қолынан ерлік те келеді.

Дик істеп жүрген кемені басқаратын капитан Гуль қабілетті балаға ерекше назар аударды. Батыл бала жігерлі теңізшіге аса ұнады. Ол Сан – Францискоға қайтқан соң, баланың жайын кеме қожасына баяндады. Джемс Уэлдон юнганы оқуға беріп, оның мектеп бітіріп шығуына жәрдем етті.

Дик білім алуға бар ықыласын сала кірісті. Ол география, саяхатшылар тарихына ерекше көңіл бөлді. Мектепте жоғары математика мен навигациядан сабақ берілмегеніне қатты қынжылатын. Ол мектеп бітірген соң Джемс Уэлдонның кит аулайтын кемесіне матрос болып қызметке орналасыты. Нағыз матрос болып шығу үшін алыс сапарға қатынайтын кемеден гөрі, кит аулау кәсібінің маңызы зор екенін Дик жақсы білді. Матростық мамандығына дайындалып жүрген жастар үшін кит аулайтын кемеде қызмет ету тәжірибенің ең жақсысы еді. Сондай кеме «Пилигрим» болып шықты. Бұл жас матросқа ең қолайлы жағдай болды...

Жюль Верн «Он бес жасар капитан», аударған С.Есжанов

Қосымша 2

Жюль Верн

Он бес жасар капитан2011 жылы Астана қаласы «Аударма» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Жюль Верн, орыс тілінен аударған С. Ещанов, ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комиметі «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды. Беттер саны — 408.[2]

Ғылыми-фантаст. романдардың негізін салушылардың бірі, француз жазушысы Жюль Верннің бұл кітабын жоғары сынып оқушылары ғана емес, 5-6 сынып шәкірттері де қызыға оқиды. Романда атынан көрініп тұрғандай, 15 жасында кеме капитаны болған Дик Сэнд деген баланың басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары және өміріндегі ең қиын шақта қасында демеу болған достары жөнінде жазылған.

Таңғаларлық оқиғаларға толы бұл кітапта кит аулаушы «Пилигрим» кемесінің басынан кешкен оқиғалары баяндалған. Қатерге толы тулаған мұхит толқынында болған оқиға арқылы автор қиын–қыстау кезде ердің ері, егеудің сынығы ғана жауапкершілікті мойнына ала алатындығын көрсеткен.

Қосымша 3

(Ж)"Оқиға шыңы" әдісі

Пайдаланатын мақсаты: шығарма кейіпкеріне талдау жасауға, мінездеме беруге арналған.

Орындау барысы: Әр оқушының дәптерінде шыңырауға апаратын жолаяғы бар Биік Шыңның суреті салынады. Шыңырау – жаман адам/кейіпкер, ал Биік шың – мінсіз адам/кейіпкер болып табылады. Өтіліп жатқан шығарманың кейіпкерінің орнын осы суретте нүкте арқылы белгілеу керек. Дәптерге тапсырманы орындайды. Шығармадағы кейіпкердің алатын орны, маңыздылығына қарай шың басына не шыңырауға орналастыруға болады. Сонымен қатар, осы шыңдағы өздерінің орындарын көрсетуді сұрауға да болады.

Кейіпкерге талдау

Дик Сэнд онша бойшаң болмаса да, шымыр денелі, көкшіл көзінен от шашырап тұрған қоңыр шашты бала еді. Оның кескінінен жігер көрініп тұр. Бұл тек батыл адамға ғана тән кескін емес, қажымас талапты да аңғартады. Ол он бес жасынан-ақ белгілі бір мақсат көздеп, сол мақсатын ақырына дейін жеткізе білді. Балалық дәуірінде келешегін ойлайтын бала сирек кездеседі ғой. Ал Дик Сэнд сол жастың өзінде – ақ алдағы өмірінен өз үлесін аңғара біліп, «ат болар құлын талпынып туар» деп, өзіне өзі серт берді. Ол шапшаң да икемді, қайратты да тапқыр. Талантты бала. Соның қолынан ерлік те келеді. Қабілетті атыл бала.

Қосымша 4

Кеме «Пилигрим» жас матросқа ең қолайлы жағдай

Нағыз матрос болып шығу үшін кит аулау кәсібін жақсы білді

кит аулайтын кемесіне матрос болып қызметке орналасты.

Ол география, саяхатшылар тарихына ерекше көңіл бөлді.

Дик білім алуға бар ықыласын сала кірісті.

кемеде жүріп теңізшілік өнерін үйренді

сегізде юнга болып орналасты

төрт жаста оқи білді

Қосымша 5

Рефлексия: «Плюс-минус-қызықты» әдісі

 «Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жаза алады

«Минус» - «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын жазады.

«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келетінін сұрақ түрінде де жасса болады.

[attachment=26539:did_-mater__shyarmany-mazmndau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу