Шығарманы мазмұндау. Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша №1

«Бірге-бір» ойыны

Сурет үлгісі:

Үлгі сөздер: көзі үлкен қара, қасы қою қара, қоңыр жүзі ер көңілді, қараған қарасы парасат адамға ұқсайды. Қазақ елінің ханы.

Қосымша №2

«Моделденген оқылым»

 Әбілмансұр

 

 Абылай әкесінен кішкене күнінде жетім қалған екен. Ол Төле бидің қолында малшы болыпты. Абылай басына үлкен тымақ киіп, түйе жайыпты. Үсті-басы алба-жұлба, қалай болса, солай жүреді екен. Сонда Төле би мұның аты «Сабалақ» болсын депті.

 Бір күні Төле би ауылдан келе жатса, Сабалақ шалқасынан ұйықтап жатыр екен. Сонда Төле би жолдастарына айтыпты: «Мынау Сабалақ қалай ұйықтап жатыр, мұның мәнісін түсіндіңдер ме?» – депті. Жолдастары: «Біз қайдан білейік», – депті. Төле би: «Бұл түбі ел билейді екен», – депті. Содан кейін Төле би Сабалақты түйеден шығарып, жылқы бақтырыпты.

 Бір күні қазақ пен қалмақ соғысуға жиналыпты. «Мен де осы соғысқа барайын», – деп, Абылай Төле биден рұқсат сұрайды. Төле би: «Балам, қой, бір жерде өліп қаларсың», – деп рұқсат бермепті. Абылай: «Ата, мен де барамын!», – деп көнбепті. «Жарайды, балам, барсаң бар», – деп батасын беріпті. Сабалақты бәйге атқа мінгізіп, қазақтың көп қолына қосып қоя беріпті.

 Бұл кезде қазақтың батыры Қанжығалы қарт Бөгенбай жасы 80-ге келген екен. Жекпе-жекке қалмақтың бір қасқа атты батыры шығыпты. Қазақтан оған қарсы ешкім шықпапты. Содан кейін Бөгенбай «Мынаған ешкім бармады ма?» – деп, өзі белсеніп майданға шығуға бет алыпты. Сол кезде Сабалақ тұра шауып, Бөгенбай батырға жетіп келіпті. «Мен барайын, ата», – депті. Бөгенбай батыр бетіне қарап тұрып: «Барсаң бар, балам», – деп батасын беріп, астындағы аты мен қолындағы найзасын беріпті. Сонда Сабалақ «Абылай! Абылай!» деп ұран шақырып, жауға қарсы шауыпты. «Абылайлап» ұран салып, жауға кіріп кетіпті.

 Абылайдың өз аты Әбілмансұр болатын. Жауға «Абылайлап» ұран шақырғаннан Абылай атанып кетіпті.

 Мұхтар Әуезов

 Сұрақтар үлгісі:

«Жұқа сұрақ»

«Қалың сұрақ»

  • Әңгіменің авторы кім?
  • Төле бидің кішкентай кезіндегі аты қалай еді?
  • Абылай Төле биден қайда сұранды?
  • Төле би рұқсатын бірден берді ме?
  • Қазақтың батыры Қанжығалы қарт Бөгенбай сол кезде неше жаста еді?
  • Неліктен Төле би Абылайға Сабалақ деген ат қойды?
  • Сабалақ шалқасынан ұйықтап жатқанының мәнісі неде деп болжайды?
  • Неліктен Әбілмансұр Абылай деген атқа ие болды?
  • Абылайдың іс-әрекеті туралы ойың қандай?
  • Ел билігінде болған басқа да қазақ хандары не білесің?

Қосымша №3

Көркем-бейнелі сөздер: шалқасынан ұйықтайды, бәйге ат, қазақтың көп қолы, Қанжығалы қарт, жекпе-жек, майдан, тұра шауып, найза, ұран.

Қосымша №4

«Бес саусақ»

Қосымша №5

«Бір минуттық әңгіме»

Дескрипторлар:

-мәтіннен қажетті ақпаратты табады;

-мәтін бөліктерінің ретін анықтайды;

-мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес баяндайды;

-мазмұндауда көркем сөздерді қолданады.

[attachment=26126:didakt_material-shyarmany-mazmndau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу