Шығарманы мазмұндау. «Мұраттың бастауы» Ыбырай Алтынсарин. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.


ҚОСЫМША 1

 Мұраттың бастауы

 Көктем кезі болатын. Ауыл сыртындағы сайдан алаң жасап алғанбыз. Қолымыз босай қалса, сонда барып ойнаймыз. Біздің алаңның арғы жағында, кішкене жартастың түбінде, шоқ құрақ өсіп тұрған. Бірде соның жанына барып дем алып отырдық.

 – Бұрын осы жерде қайнар болған дейді атам. Әне, жер дымданып жатыр. Қазып көрсек қайтеді? Мүмкін су шығар, – деді Мұрат біздің әрқайсымызға шола қарап.

 Әркім өзінше оның сөзін күлкіге айналдырып жіберді.

 – Мейлі, өздеріңе жөн болса, күле беріңдер, – деп, Мұрат өкпелеген қалпы кетіп қалды.

 Біз қайтадан ойынға кіріскенбіз.

 – Мұрат келе жатыр, – деп, бір бала дауыстап жіберді.

 Жалт қарастық. Шынында Мұрат келе жатыр. Қолында күрегі, жанынан кішкене балаларды ерткен. Ол келген бетте әлгі шоқ құрақтың астыңғы жағындағы ойпаң жерді қаза бастады. Кішкене балалар да көмектесіп жатыр.

 Екі-үш күрек бойы қазғанда су шығып, бүлкілдеп аға бастады. Әпсәтте ойық толып, суы мөлдіреп тұнды. Бағанадан бері оны күлкіге айналдырған бізде үн жоқ. Состиып-состиып тұрмыз.

 Мұрат – жарқын жүзді, ішіне кек сақтамайтын бала. Әрқайсымызға тісін ақсита қарап:

 – Неге тұрсыңдар, бастаудың мөлдір суынан ішіңдер, – деді. Өзіміз де жүгіре-жүгіре қатты шөлдегенбіз. Тұнып, мөлдіреп шығып жатқан тап-тастай бастау суын қос уыстай іліп алып, ішіп жатырмыз. Шекеңнен өтетін салқын су, қандай тамаша десеңші!

 Біз қайтадан доп қуып кеттік. Мұрат үйге барып, екі түп алма ағашының көшетін алып келіпті. Өздері кісінің бойынан асарлық. Бәріміз жабылып ағаштарды отырғызып тастадық.

 Қазір барсаң, бастау басы көгал, миуалы ағаш самал желмен сыбдыр қағады. Сайраған неше түрлі құстардың даусын естисің.

 Ары-бері өткен адамдар, доп ойнаған балалар бастаудан салқын су ішіп, қып-қызыл алма жейді.

 Бір қызығы ешкім де бастау суын жөнсіз лайлап, ағаш бұтағын сындырмайды.

 Сөйтіп, бұл ара осы күні «Мұраттың бастауы» деп аталып кетті.

 

 Ыбырай Алтынсарин

ҚОСЫМША 2

ҚОСЫМША 3

ҚОСЫМША 4

Жоспар:

1. Мұраттың ұсынысы

2. Бүлкілдеп аққан су

3. Екі түп алма ағашы

4. Мұраттың бастауы

ҚОСЫМША 5

 Рефлексия: «Түрлі-түсті қарындаш» әдісі

 

 Оқушылар өздерінің түрлі-түсті қарындаштарын алып, бүгінгі сабақтары бойынша өздеріне баға береді.

 Жасыл түсті қарындаш – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.

 Сары түсті қарындаш - мен тапсырманы орындай алдым, бірақ үйренерім бар.

 Қызыл түсті қарындаш – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. 

[attachment=26220:didaktikaly-material-shyarmany-mazmndau.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу