Шығарманы мазмұндау. Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 1.2 Шығарманы мазмұндау
Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр»
Оқу мақсаттары:
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар шығарманың мазмұнын түсініп оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізеді, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша таңдауына қарай мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: шығарманы іштей, қажетті ақпаратты тауып оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздердің үлгілерін қолдана отырып жеткізеді, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша толық мазмұндайды.
Кейбір оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып еркін жеткізе алады, шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша өз бетінше мазмұндайды.
Бағалау критерийлері:
- мәтіннен қажетті ақпаратты тауып оқиды;
- жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтады;
- ойын көркем-бейнелі сөздердің көмегімен жеткізеді.
Қажетті ресурстар: Абылай ханның суреті, сұрақтар үлгілері, кестелер, «Үш достың ерлігі - Абылай хан» мультфильмі https://www.youtube.com/watch?v=1IOm2zKBYV
Сабақ барысы
Сабақтың басы: Сабақтың басында ширату жаттығуы «Бірге-бір» ойыны арқылы орындалады.
Оқушылардан бір қатысушы таңдалып ортаға шақырылады. Қатысушының жоғары жағына оған көрсетілмей, бүгінгі сабақтың тақырыбына қатысты кейіпкер суреті жасырылады. Жасырылған сөзді табу үшін оқушылар кезектесіп сол сөзді кезекпен сипаттау арқылы бағыт-бағдар береді.
Мысалы: ол – көзі үлкен қара, қасы қою қара, қоңыр жүзі ер көңілді, қараған қарасы парасат адамға ұқсайды. Қазақ елінің ханы.
Бастапқы білімді қайталау
1-тапсырма
«Ия-жоқ» ойыны әдісі арқылы жұппен бастапқы білім қайталанады.
Оқушылар жұптасып алдыңғы тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды. Әр жұпқа үш сұраққа дейін қойғызуға болады. Жауаптар дұрыс болса «ия», бұрыс болса «жоқ» деп жауап береді. Соңында қанша сұраққа дұрыс жауаптар жинағанын есесптеуді ұсынып, оқушылардың өткен материалды қаншалықты түсінгендерін анықтауға болады.
Үлгі сұрақтар:
- Барлық адам атақты бола ала ма?
- Атақты адамдарды білесіңдер ма?
- Атақты адамдардың сіңірген еңбектері туралы айта аласыңдар ма?
- Билік үстіндегі адамдар атақты тұлға бола алады ма?
- Суреттегі Ханның атын айта аласыңдар ма?
Сабақтың тақырыбы және оқу мақсатын хабарлау.
-Мұхтар Әуезовтың «Әбілмансұр» шығармасын түсініп оқып, тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіруді, жоспарға сүйене отырып мазмұндауды үйренеміз.
Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы:
2-тапсырма
«Моделденген оқылым» әдісімен оқу. Мұхтар Әуезовтың «Әбілмансұр» әңгімесін түсініп, сын тұрғысынан бағалап оқу ұсынылады. Бұл әдісте сараптамалық оқуға назар аударылады. Мәтінге талдау жасау үшін «Қалың және жұқа сұрақтар» әдісімен оқушыларға үш «жұқа» және үш «қалың» сұрақ құрастыру тапсырылады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. Бұл сыни ойлауды дамытуға арналған әдіс. Стратегия келесі дағдыларды қалыптастырады:
˗сұрақтарды дұрыс құрастыра білу;
˗түсініктерді сәйкестендіре алу.
Мұғалім мәтін мазмұнына байланысты біржақты қысқа жауапты талап ететін «Жұқа сұрақ» және толық жауапты талап ететін «Қалың сұрақ» үлгілерін дайындайды, таратады:
«Жұқа сұрақ» | «Қалың сұрақ» |
|
|
Мұғалім кестені дайындағанда ескерілетін бағыттар: авторы, кейіпкері, кейіпкердің сол шығармадағы мінез-құлқы, сезімі т.б. байланысты сұрақтар үлгісін дайындайды.
Тақырыпты қарастырғаннан кейін оқушыларға үш «жұқа» және үш «қалың» сұрақ құру ұсынылады. Оқушылар бір-біріне құрастырған сұрақтарды қойып, мәтіннен жауаптарын оқиды.
Мұғалім назарына!
«Жұқа сұрақ» біржақты қысқа жауапты талап етеді. «Қалың сұрақ» таратылып жазылған сұрақтар толық жауапты талап етеді.
Саралау. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастыруда қолдауды қажет ететін оқушыларды ынталандыру үшін сөзбен қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) «Жапондық» әдіс арқылы бағалау. Топтар өзара көрсеткен жұмыстарына керемет, тамаша, өте жақсы, т.б. сөздер арқылы бағасын береді.
3-тапсырма
«Кірпіш» стратегиясын қолдана отырып Мұхтар Әуезовтың «Әбілмансұр» әңгімесінен іздеп тапқан көркем-бейнелі сөздерді кірпіштерге түсіреді және пікір білдіреді. А4 парағына бейнеленген кірпіштердің суреттерін және мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтар таратылады. Оқушылар кірпіш суреттеріне өздігінен отырып, мәтін мазмұны бойынша сөздер мен сөз тіркестерді жазады. Жұптасып бір-бірінің жазғанын оқиды. Бір-бірін толықтырады. Кірпіштерге жазылған жауаптарын топта талқылайды. Топтың ішінен 5 маңызды сөздерді таңдап, стикерге жазып тақтаға іледі және түсіндіреді.
Мысалы: шалқасынан ұйықтайды, бәйге ат, қазақтың көп қолы, Қанжығалы қарт, жекпе-жек, майдан, тұра шауып, найза, ұран.
Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай мәтіннен көркем-бейнелі сөздерді анықтап жазулары әртүрлі болуы мүмкін..
(ҚБ) «Бағдаршам» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі. Жасыл түс – көркем-бейнелі сөздерді анықтай алдық, сары түс – көркем-бейнелі сөздерді анықтауда қиналдық, қызыл түс – анықтай алмадық.
Сергіту сәті. «Үш достың ерлігі - Абылай хан» Сабалақ туралы мультфильм үзінділерін көрсетіп, Сабалақ туралы әңгімелеу жүргізіледі.
https://www.youtube.com/watch?v=1IOm2zKBYV
4-тапсырма
Оқушылар топтасып Мұхтар Әуезовтың «Әбілмансұр» әңгімесіне «Бес саусақ» әдісі арқылы бірлесе отырып жоспар құрастырып, мазмұндайды. Мұғалім жоспар құрастыруға бес саусақ суртеі бейнеленген флипчартқа, мәтін мазмұны бойынша үлгі тақырыпшалар жазып қойылады. Оқушылар әр саусақтың тұсына тақырыпша жазып, жоспар құрады, соған сүйеніп топтан бір оқушы әңгімені мазмұндайды.
Жоспар үлгісі:
Бас бармақ – Әбілмансұрдың екінші аты
Балан үйрек – Сабалақ шалқасынан ұйықтап жатуы
Ортан терек – Қазақ пен қалмақ соғысы
Шылдыр шүмек – Қанжығалы қарт Бөгенбай жасы
Кішкене бөбек – Әбілмансұрдың Абылай атануы
Мазмұндау. Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, тақырыпшалар бойынша жұптық әңгіме жүргізеді. Оқылған әңгіме туралы әңгімелесу жүргізеді, өз ойларымен бөліседі.
Саралау. Қорытынды тәсіл арқылы саралау жоспарланады. Мазмұндау кезінде қабілетті оқушылар жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп, шығарманы толық мазмұндауға болады. Қолдауды қажет ететін оқушыларға мазмұндау кезінде сөзбен көмек көрсетіледі.
(ҚБ) «Бас бармақ» әдісі арқылы топтық бағалау жүргізіледі.
Сабақтың соңы:
Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмасы:
5-тапсырма
«Бір минуттық әңгіме» тәсілі арқылы бүгінгі сабақта танысқан мәтін бойынша оқушыларға алдыммен ұжыммен талқылап, сосын өздігінен оқушыларға өздігінен мәтін бөліктерінің ретін анықтап, цифрмен белгілеу тапсырылады. Құрастырған жоспарға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айту ұсынылады. Сөйлеу барысында оқушылардың көркем бейнелі сөздерді қолдануы ескеріледі.Әр оқушыға мәтін бөліктері белгіленген жеке парақтар таратылады.
Мұғалім назарына! Тапсырманы оқушылар өздігінен орындауына назар аударылады.
Құрастырған жоспарға сүйеніп, мәтіннің мазмұнын айту ұсынылады.
Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы оқушылардың оқу мақсатына жеткенін қадағалау үшін қолдауды қажет ететін оқушыларға нұсқау беру арқылы қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) Дескриптор бойынша бағалау.
- мәтіннен қажетті ақпаратты табады;
- мәтін бөліктерінің ретін анықтайды;
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес баяндайды;
- мазмұндауда көркем сөздерді қолданады.
Рефлексия.
«Бүгінгі сабақтағы көңіл күйім» әдісі арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жүргізіледі. Оқушыларға стикерлер таратылады. Тақтаға екі көңіл күй белгіленген бағалау шкаласы беріледі. Оқушыларға стикерге өз есімдерін жазып, бағалау шкаласына орналастыру ұсынылады.
Үйге тапсырма: Қазақ хандығы және хандары туралы қызықты ақпараттар жинастырып, тапқан ақпараттарынан қысқаша презентация жасап әкелу тапсырылады.
Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?