Шығарманы мазмұндау. «Қайран шешем» Ахмет Жұбанов. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты Тұлғалар
Сынып: 3
Сабақ тақырыбы: 1.2 Шығарманы мазмұндау «Қайран шешем» Ахмет Жұбанов
Оқу мақсаттары:
3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық,таңдауына қарай мазмұндау, сахналау
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру
Бағалау критерийі:
- мәтінді оқиды;
- мәтін мазмұны бойынша бірлесе жоспар құрастырады;
- мәтін мазмұнын жоспар бойынша мазмұндайды;
- бағалауға негізделген сұрақтар қойып, жауап береді
Қажетті ресурстар: мәтін бөліктері салынған конверт, А3, А4 қағаз, маркер.
Сабақтың барысы
І. Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы: «Жақсы сөз»
Оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Сағат бағыты бойынша қасындағы көршісіне бір сөз айтады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Бағалау критерийлерімен таныстыру немесе бірлесе құрастыру.
ІІ. Сабақтың ортасы
1 – тапсырма
(Ө,Т). Қабдеш Жұмаділов «Қайран шешем» әңгімесін «Шатасқан оқиғалар» әдісі арқылы оқиды. Топтарға мәтін бөліктері салынға конверт беріледі. Оқушылар мәтін бөлігін оқып, тұтас мәтін құрастырады. Мәтінді оқуға уақыт беріледі. Түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.
Саралау: мәтінді оқу барысында қарқын арқылы саралау жүргізіледі. Мәтінді баяу оқитын, оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Б: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады.
2 – тапсырма
(ЖЖ) «Веер» әдісі. Оқыған шығарма бойынша сұрақтарға жауап бер:
1.Оқушылар өз еріктерімен жұпқа бөлінеді.
2.Мұғалім қағазды веер пішінінде бүктеп, келесі сұрақтарды жазып дайындайды. Оқушылар дайын «Веерлерді» алып, сұрақтарды келесі жұпқа қояды. Келесі жұп оларға қояды.
- Құрманғазы түрмеде кіммен танысты?
- Неге анасы Құрамғазыны шапалақпен тартып жіберді?
Құрманғазының әңгімесі Лавочкин қалай әсер етті ?
3. Сұрақтар бойынша оқушылар өз жауаптарын береді.
4. Сұрақтардың алдыңғы тапсырмамен қандай байланысы бар екендігі сұралады.
Саралау: қабілеті төмен оқушылар сұрақтарға өз түсінгендері бойынша жауап береді. Қабілеті жоғары оқушылар баға беріп жауап береді.
Б. Оқушылардың өзін – өзі бағалауы.
3-тапсырма
(Т) «Құрастыр, сосын жауап бер» әдісі арқылы, мәтін бойынша жоспар құрастыру тапсырылады.
1.Мұғалім әр топқа бірінші тапсырмада жазған мәтін бөліктеріне сүйене отырып, жоспар құруды ұсынады.
2.Оқушыларға жоспар құруға өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі.
3.Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.
4.Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.
Жоспар:
1. Лавочкинмен танысу
2. Анасының іздеп келуі
3. Еске алу
4. Күй
https://www.youtube.com/watch?v=ikm6p5OM1iE сілтемесі бойынша күйді тыңдату. Күй бойынша оқушылардың ойын білу.
Саралау: басқа оқушыларға қарағанда тапсырманы орындауда көп күш жұмсауды талап ететін оқушылардың белсенділігін арттыру үшін «Қарқын арқылы саралау» жүргізіледі.
Б: Мұғалімнің бағалауы
4-тапсырма
(Т) Құрастырған жоспар бойынша мәтін мазмұнын айт.
1. (МТ) Мұғалім әр топқа құрастырған жоспар бойынша өз сөзімен толық/таңдауына қарай мәтінді мазмұндауды тапсырады.
2. Оқушылар жоспар бойынша мәтін мазмұнын өз қалаулары бойынша мазмұндайды.
3. Оқушылардың жауаптары бағаланады.
Саралау: уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушылаға ұсынылады. Оқушылар қарқындарына қарай жауап беріп өз ойларын дәлелдеп еркін айтады, пікірлерін өзгерте алады.
Б. Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.
ІІІ. Сабақтың соңы
Рефлексия: «Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді.
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?