Күй атасы. А.Жұбанов. «Құрманғазы». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Атақты тұлғалар

Сабақ тақырыбы: Күй атасы. А.Жұбанов «Құрманғазы»

Оқу мақсаттары:

3.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану;

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын түсінеді, суретті қолданып мазмұнын айтады;

Көптеген оқушылар: мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады, әңгімелеу барысында суреттер қолданады

Кейбір оқушылар: шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстырады, қорытынды шығарады, өз ойын дәлелейді.

Бағалау критерийлері

мәтінді түсініп оқиды;

мәтін мазмұнын айта алады;

суреттерді қолданып, мазмұндайды;

көркем шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра сипаттайды.

Қажетті ресурсттар: оқулық, кестелер, плакат, маркер, түсіндірме сөздік

Сабақтың басы

(Ширату тапсырмасы кезінде басқа да ойындар жүргізуге болады.)

Күйшілер есімдерімен санақ жүргізу арқылы 5 топқа біріктіру

І топ. Тәттімбет

ІІ топ. Нұрғиса

ІІІ топ. Дина

ІҮ топ. Құрманғазы

Ү топ. Кенен

Оқушылар алдын ала берілген тапсырма бойынша таңдау түскен күйші туралы азғана мәлімет айтады.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Сабақтың ортасы

1-тапсырма

(МК, Ө) «Еркін талқылау» әдісін қолдана отырып «Күй өнері» тақырыбына 5 сөз ойлап жазады, мағынасын түсіндіреді. Домбыра үйірмесіне қатысатын оқушылардың өнерін тамашалуға да болады.

Үлгі: домбыра - ойнайды, әуен - сөзі жоқ тек әні бар, жылдам - ойналатын күйлер бар, жай - ойналатын күйлер бар, күйші- күй ойнайтын адамдар, аспап- қобызда, домбырада ойнайды.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды

2 - тапсырма

(ЖЖ, ОТ) «Пікірлер ағашы» стратегиясымен Ахмет Жұбанов туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма және парақша таратылып беріледі, сұрақтар санын қосуға да болады)

1.Ол кім?

2.Қайда туған?

3.Туған жылы мен қайтқан жылын көрсет

4.Қандай қызмет атқарған?

5.Қандай шығармаларын білесің?

6.Оның жазған бірнеше шығармаларын атап жаз.

Қосымша мәлімет: Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық әртісі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик. Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.

(Ө, Т, МК) «Нұсқаумен оқу» әдісіне сүйеніп мәтінді түсініп оқиды. Мәтін мазмұнына немесе кейіпкерге қатысты сәйкес сурет салуға да болады және сол суретті қолданып мазмұндайды немесе өз сөзімен әңгімелеуге болады.

«Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

мәтінді түсініп оқиды;

мәтін мазмұнын айта алады;

мәтіннің мазмұнына/кейіпкеріне қатысты сурет салады немесе таңдайды;

суреттерді қолданып, мзмұндайды;

сөйлеу барысында иллюстрацияларды тиімді қолданады.

3-тапсырма

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы берілен суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленгенін әңгімелейді. Сөйлеу барысында күй өнері, күй атасы, күй құдіреті, күй тарту сөз тіркестерін қолданады.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.

(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.

4 - тапсырма

(ОТ, МК, Ұ) «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы «Құрманғазы – күй құдіреті» сөздер арасындағы байланысты мәтінге сүйене отырып анықтайды.

«Айрықша тапсырма» әдісімен арқылы түрлі дереккөздерден іздене отырып «Қазіргі күйшілерден кімдерді атай аласың?» сұрағына жауап іздейді.(осы тапсырманы дарынды оқушыларға ұсынуға болады)

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

5 - тапсырма

(МК, Т) «Идеяны толықтыру» стратегиясы бойынша топ алдында сөйлеуге дайындалады.

1.Пікір: «Күй тарту- қазақ халқының ұлттық өнері»

2. Дәлел: Шығармадағы оқиғаларға сүйеніп өз сөзімен жазады

3. Мысал: Шығармадағы оқиғаларды өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтіреді

4. Қорытынды: Сюжеттің дамуын болжау жасап, бір сөйлеммен қорытынды шығарады

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі

(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

Сабақтың соңы

Кері байланыс «Плюс-минус-қызықты»

«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жаза алады

«Минус» - «қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз болып тұр» деген ойларын жазады.

«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды немесе не жайында көбірек білгісі келетінін сұрақ түрінде де жазса болады.

Ескерту: Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты тапсырмаларды түрлендіруге немесе ауыстыруға болады.

[attachment=26154:nsauly-rmanazy.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу