Шығарманың жоспарын құру. А.Жұбанов «Құрманғазы». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


 Қосымша 1

 

 Құрманғазы

 

 Ақмаңдай қыз құрбыларымен бірге өзен бойлап, жидек теріп қайтқан. Жүзі жайнап, үйге көңілді енді. Төр алдында бұрын көрмеген бейтаныс қонақ отыр екен. Егде тартқан ата – ананың жалғыз қызы Ақмаңдай ер мінезді, ерке бойжеткен болатын. Сол әдетімен үйдегілерге мойын бұрып қарамастан үкілі сары домбырасына қол созған. Домбыраны алып, жүк аяқтың алдындағы көрпешеге жайланып отырды. Алғашқы бір – екі қағыстан-ақ құлағы теріс бұралып қалғанын байқады. Ол қабағын шыта ата – анасына қарап:

  •  Мынаның құлағына кім тиген?- деді. Олар не дерін білмегендей, төрде отырған қонаққа қарады. Қонақ үнсіз қыздың қимылын бағып қалған. Ерке қыз домбырасының құлағын өз бұрауына түсіріп алды да, бір күйді тарта жөнелді.

Бұл – адай руының аты шыға бастаған өнерлі қызы Ақмаңдай болса, тартып отырғаны өзі шығарған «Адай » атты күй еді. Қонақ қыз тартқан күйді қалт етпей тыңдады. Күй аяқталысымен саңқ еткен үнмен:

  • Қарағым, домбыраны бері берші. Күйдің күйін кетірдің ғой,- деді.

Мұндай сөзі күтпеген Ақмаңдай сасқанынан домбыраны бейтаныс қонаққа ұсына берді. Ата-анасы да аң-таң. Бұл өңірде Ақмаңдаймен өнер жарыстырар күйші аз болатын.

Қонақтың домбыра тартысы, тартқан күйі үйде отырған үш тыңдаушысын сиқырлап тастағандай. Мына қонақтың тегін адам еместігі, ерекше жаратылысы, ерен өнері еріксіз мойындатқызып, бас игізген жайы бар. Күй аяқталғаннан кейін, үй іші демін іштен алып, бір сәт үнсіз отырып қалды. Сәлден соң үй иесі қарт:

  • Шырағым, домбыра тартысыңнан байқап отырмын. Қызылқұрт руынан шыққан Құрманғазы деген күй құдіреті бар деуші еді. Сен, сірә, сол баларсың?- деді.

Қонақ еңселі, ер тұлғалы, жүзі келісті, келбетті кісі екен.

  • Болсақ, болармыз,- деді қонақ сәл күлімсіріп.

Бұл - теңдесі жоқ тума талант, біртуар тұлға, қазақ халқының ұлы композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы еді. Сонда тартқан күйі «Серпер» екен.

А.Жұбанов

Қосымша 2

Менің ойымша

Мұның себебі

Мысалы

Сонымен қатар, менің айтайын дегенім

Қосымша 3

1. Мен сабақ қызықты /қызықсыз болды деп ойлаймын.

2.Мен сабақта көп нәрсені үйрендім /үйренгенім аз болды.

3. Мен басқаларды мұқият / зейінсіз тыңдадым.

4. Мен өз ойымды жиі/ сирек айттым.

5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын/ риза емеспін.

[attachment=26558:did_mater_-shyarmany-zhosparyn-ru.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу