👈 қаріп өлшемі 👉

Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау. Мұхтар Әуезов «Бала Абай». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.


 

 Бөлім: Атақты тұлғалар

 Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау

 Мұхтар Әуезов «Бала Абай»

 Оқу мақсаттары:

 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне,оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, кейіпкерлердің портретін сипаттайды, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын біледі;

 Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, көркем шығармадағы кейіпкердің іс-әрекетін бағалай отырып сиптаттайды;

 Кейбір оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің портретін сипаттайды, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді.

 

 Бағалау критерийлері:

  •  кейіркердің іс-әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды;
  •  кейіпкердің іс-әрекетін, мінез-құлқын сипаттайды;
  •  кейіпкедің іс-әрекетіне баға береді.

Қажетті ресурстар: Абайдың балалық шағы туралы деректі фильм, ана мен бала суреті, кестелер, кластер сызбасы.

 

 Сабақ барысы

І. Сабақтың басы

  Сабақтың басында ширату жаттығуы «Жақсы сөз» ойыны арқылы орындалады.

 Оқушыларға тақтадағы суретке қатысты 10 сөз айту ұсынылады. Тақтаға ана мен баланың суреті ілінеді. Оқушыларға суретке қатысты сөздерді параққа жазып, айтады. Оқушылармен бірге жазылған сөздер қорытындыланады.

  • Бұл сөздердің адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетіне байланысты болуы мүмкін бе?

  Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.

 Оқу мақсатын хабарлау:

 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжай отырып, кейіпкерлердің портретін сипаттап, оның іс-әрекетін, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалаймыз.

 Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.

 

ІІ. Сабақтың ортасы

 Оқушылардың белсенді оқу тәсілдерін арттыру мақсатында оқулықтағы мәтінмен танысады.

 1-тапсырма

 (Ұ;Т) «Кейіпкерлер әлемі» әдісі қолданылады.

 Мұхтар Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесін үш бөлімге бөліп, «Бірлескен оқылым» тәсілімен оқып сұрақ құрастыру ұсынылады.

 Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ әңгіме мазмұныны бойынша оқиғаның басын, дамуын, соңына байланысты сұрақтар қояды. Сұрақтардың мазмұны шығарма кейіпкерлерімен, орын алған оқиғалармен байланысты болуы керек. Оқушылардың сұраққа берген мәнді жауаптары бағаланады.

 Сұрақтар:

  •  1 топ. Абай әңгіме тыңдағысы келгенін қалай білдіруші еді?
  •  2 топ. Абайдың үйіне келген қонақтардың түр-түсі, келбеті, мінезі қандай екен?
  •  3 топ. Барлас ақын Абайдың бойынан не байқады?

 Оқу мақсатына сәйкес кейіпкердің мінез-құлқын сипаттап, іс-әрекетіне баға беруде, сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамытылады. Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне баға бере отырып, оларға сипаттама бере отырып, үлкендерге құрмет көрсету насихатталып, өмірмен байланыстыру жүргізіледі.

 Саралау: Қорытынды тәсілі арқылы оқушылардың қабілеттеріне қарай оқиғаның ретін анықтап, сұрақтарға әртүрлі жауап берулері күтіледі.

 Б: «Жапондық бағалау» әдісі арқылы оқушылардың сұраққа жауап берулері өзара бағаланады.

 

 2-тапсырма

 «Ойлан-жұптас-бөліс» стратегиясы арқылы «Бала Абай» әңгімесіндегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау ұсынылады.

 Оқушылар мәтіннің үзінділері бойынша кейіпкерлерді анықтап, кестеге жазады, олардың іс-әрекетіне қарап, мінездеме береді.

Мәтін үзінділері

Бұл қандай адам?

«Еділ - Жайық», «Жұпар қорығы», «Құламерген» бәрі де айтылып еді.

Білгенін ішіне бүгіп, тығылып, үндемей отыратын өзге өзге үлкендердей емес

Әңгімелерін түсте де, кешке де айтқыза беретін болды.

 

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі кейіпкерге сипаттама беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

 (Б) «Шаршылар» әдісі

 Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушыларға шаршының суреті таратылады. Егер мәтін түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса, сарымен, тақырыпты өте жақсы түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды.

 

 3-тапсырма

 «Төрт сөйлем» тәсілі арқылы «Бала Абай» әңгімесіндегі кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау тапсырылады. Бұл тәсілді келесі үлгіде орындайды:

  •  Әр оқушыға кесте таратылады.
  •  Оқушылар өздігінен кестені толтырады.

1. пікір

Абайдың мінез-құлқы мен іс-әрекеті бойынша өзіндік пікірін бір сөйлеммен жазады.

2. дәлел

Мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп Абайдың естіген әңгімелерінің аттарын жазады

3. мысал

Мәтіндегі оқиғаларды өмірмен байланыстырып, бір сөйлеммен мысал келтіреді.

4. қорытынды

Барлас ақынның Абайдың бойынан байқағанына сүйене отырып, Абайдың мінезі туралы қорытынды жасайды.

 Педогогикалық тәсілдемеге сүйене отырып, ширату жаттығуы кезінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытамын, ұжыммен жұмыс болғандықтан ынтымақтастық құндылығы дарытылады.

 Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.

 (ҚБ) Дескрипторлар бойынша бағалау.

  •  кейіпкерге қатысты пікір білдіреді;
  •  тақырыпқа байланысты мысал келтіре алады;
  •  кейіпкердің іс – әрекетіне баға бареді.

 

 4-тапсырма

 «Кластер» әдісі арқылы оқушыларға мәтін мазмұнына сәйкес Абайдың балалық шағы туралы бейнеролик көрсетіледі. Оқылған мәтін мен көрсетілген бейнеролик негізінде әр топқа кейіпкердің портретін суреттеу ұсынылады.

 Әр топқа кластер суреті таратылады. Оқушылар бірлесіп талқылап отырып, кейіпкерді суреттейді.

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қойыла отырып, қолдау көрсетіледі.

 (Б) «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады.

ІІІ.Сабақтың соңы

 5-тапсырма

 (Т) Әр топқа «Оқиға картасы» әдісі арқылы «Бала Абай» әңгімесінің мазмұны бойынша негізгі оқиға желісін болжап, жалғастырып әңгімелеу тапсырылады.

 «Оқиға картасы» үлгісі:

  • 1. Кейіпкердің мінез құлқы
  • 2. Кейіпкердің іс-әрекеті
  • 4.Сюжеттің дамуын болжау
  • 3.Оқиға барысы

 Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша оқиға желісін болжай отырып, жалғастырып әңгімелеуде әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.

 (Б). Топтар бірін бірі ауызша мадақтайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

 

 Рефлексия

 «Бас бармақ» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақ мақсатына жеткені туралы кері байланыс береді.

 Тік көтерсе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алдым.

 Жанына туссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтауда қиналдым.

 Төмен түссе – негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алмадым.

 Оқушылар өздерін бағалау арқылы азаматтық жауапкершілікке тәрбиеленеді.

 Үйге тапсырма беру. Абай Құнанбаевтің өмірі, шығармашылығы туралы деректер қарастырып келу.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырып бере алады.

 

[attachment=26055:nsauly-kejipkerlerdi-is-reketin-baalau-1.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022
» Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады? 03.11.2022

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы