Қазақтың бас ақыны. М.Әуезов «Бала Абай». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, нұсқаулық.
Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Қазақтың бас ақыны
М.Әуезов «Бала Абай»
Оқу мақсаттары:
3.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру;
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану.
Сабақ мақсаттары:
Барлық: мәтінді түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді.
Көптеген оқушылар: мәтін мазмұны бойынша ашық сұрақтар құрастырады, мәтін мазмұнын айтуда сурет нұсқасын қолданады;
Кейбір оқушылар: бағалауға, шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды және жауап береді, мәтінге сүйеніп диалог құрастырады.
Бағалау критерийлері :
мәтін мазмұнын айта алады;
мәтінді қатесіз,түсініп оқиды;
мәтінге сүйеніп диалог құрастырады;
мәтін бойынша сұрақтар қояды;
мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
суреттерді қолданып, мазмұндайды;
Қажетті ресурстар: плакаттар, маркер, оқулық, кесте, түсіндірме сөздік, стикерлер
Сабақ барысы
Ширату тапсырмасы.
Оқушылар өздері тыңдаған геометриялық фигураларға байланысты 3 топқа бірігеді. Фигуралардың келесі бетінде топтың аты жазылады. (қосымшада берілген фигураларға топ аттарын жазады, оқушылар фигураны атайды және артындағы жазылған атаудағы топқа барып отырады)
І топ. Білімділер
ІІ топ. Дарындылар
ІІІ топ. Еңбексүйгіштер
Оқушылар топ аттары бойынша өз ойларын айтады. Абайдың әнін тыңдайды.(Ютубтан қараңыз, ссылкасын беріңіз) https://www.youtube.com/watch?v=K794qtyL3-Y
«Желсіз түнде жарық ай» әні тыңдалады, жетелеуші сұрақтарға жауап береді.
Әнді кім жазған?
Қандай өлеңдерің білесіңдер?
Ән қалай аталады?
Сұрақтары бойынша оқушылар өз ойларымен бөліседі.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК, Ө) «Пирамидалық талқылау» стратегиясы бойынша қағазға берілген үлгіні түсініп оқып, жауап жазады. (Абай туралы мәлімет жинап келу алдын ала тапсырылады)
Үлгі: Қазақтың бас ақыны- Абай (шын аты - Ибраһим) Құнанбаев. Одан асқан біз білетін ақын болған жоқ.
Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек.
Ұнамды, орынды болуына шыншылдық керек.
Мағыналы, маңызды болуына білім керек.
Абайда осы үшеуі де болған.
Үлгі кесте:
Бұрыннан білемін | Жаңа мәлімет |
Зере – Абайдың әжесі. Ұлжан – анасы. Құнанбай – әкесі. Өлеңдері әртүрлі тақырыпқа арналған. 45 қара сөзі бар. | Абай Құнанбайұлы мен Жамбыл Жабаев – замандас ақындар. Жиырма жеті әнінің отыз алты нұсқасы нотаға түсірілген. Ол - музыкант |
Автор жайлы мәлімет:
(МК, ЖЖ) «Пікірлер ағашы» стратегиясымен Мұхтар Әуезов туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма, орталарына ағаш таратылып беріледі, өз мәліметтерін толтырады)
1.Ол кім?
2.Қайда туған?
3.Қандай қызмет атқарған?
4.Қандай шығармаларын білесің?
Қосымша: Мұхтар Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым. Қазіргі Шығыс Қазақстан обылысындай Абай ауданында дүниеге келген. Әкесі Омархан, атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен Ол алты жасында Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып береді екен. «Абай жолы», «Қорғансыздың күні», «Көксерек» т.б. шығармалары бар.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Күн- белсенді, бұлт - толықтыру қажет, жауын- көмек керек» суреттері арқылы топты бағалау
2 - тапсырма
(Ө, Т, МК) «Шеңбердегі әңгіме» әдісіне сүйеніп мәтінді түсініп оқиды. Мәтін бойынша сұрақ қояды және жауап береді. Суретке зер салып әжесі мен Абайдың арасында диалог құрастырады. (дарынды оқушылар диалог құрастырады )
Үлгі:
-Әже менің шын есімім Ибраһим. Сіздің де шын есіміңіз бар ма?
-Ия, Тоқбала. Мен жастайымнан зерек, мейірімді болған соң Зере деп атап кеткен.
-Мына әңгіме, ертегінің бәрін қайдан білесіз?
- Өмірде естіп өскен едім. т.б.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
мәтін мазмұнын айта алады;
мәтінді қатесіз,түсініп оқиды;
мәтінге сүйеніп диалог құрастырады;
мәтін бойынша сұрақтар қояды;
мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
3-тапсырма
(ЖЖ, ОТ) «Еркін сұрақтар» стратегиясы арқылы мәтін мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды және жауап береді. (барлық оқушылар жұпта құрастырады, мүмкіндігінше сұрақ қойып, жауап алынады)
Үлгі:
-Мәтінде кімдер туралы айтылған?
-Бала Абай нені ерекше жақсы көрді?
-Әжесі мен Абай арасында қандай оқиға болды?
-Саған мәтіннің қай тұсы ұнады? Неліктен?
-Әжесінің аты кім? Шешесінің аты кім?
-Бұл әңгімені жазған кім?
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.
4 - тапсырма
(МК, Ө) «Идеяны толықтыру» стратегиясы бойынша оқулықтан Абайдың аналарының аттарын тауып дәптерге жазады.
Үлгі: Әжесінің аты- Зере (шын есімі Тоқбала)
Шешесінің аты- Ұлжан
(ОТ, МК, Ұ) «Ой шақыру» стратегиясы арқылы сөзжұмбақты шешеді.
1. Мәтін қалай аталады? Бала…….
2.... Абайдың жасы он үшке толған еді.
3. Абайдың әжесі әңгімесін неден бастап еді?
4. Абай неден көп шықпайтын болды?
5. Абайға әңгімені кім көп айтушы еді?
6. Биыл әсіресе Абайдың…… өскен
7. Абайдың шешесінің есімі кім?
8. Абай әжесінің әңгімесін қалай тыңдайтын?
Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шешеді.
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау
Сабақтың соңы
Кері байланыс «Жетістік баспалдағы»
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?