Судың да сұрауы бар. В.Сухомлинский «Нағыз адам». Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су- тіршілік көзі Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Салкынбаева Ж.К. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Судың да сұрауы бар. В.Сухомлинский «Нағыз адам» | |||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу; 3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану; | |||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тірек сөздер | Мәтін мазмұнын талдау жасауда оқушыларға аптап (ыстық), қуаң (шөл), шаруа (жұмысшы), сусынын қандырды (шөлін қандырды), нағыз адам (адамгершілігі бар адам) сөздерінің мағынасы түсініксіз болу мүмкін. | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларға адамгершілік құндылықтарды өзара көмекті, құрметті, достықты насихаттау | |||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өз ойын жеткізуде сөйлемдердің байланысын, сақтау кезінде қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады. Сөйлеу барысыныда суреттерді қолдануда бейнелеу өнері байланыс пайда болады. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||
Алдыңғы білімді игерулері | Шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқиды,сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдана алады. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 1-5 мин | Ширату тапсырмасы Оқулықтың 109 бетіндегі «Пікір білдір» тапсырмасын орындайды. Кестеде әр пікірдің дұрыстығына дәлел келтіреді.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады, бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады. | Оқулық 109-111 беттер Слайд №1-3 | ||||||||||
Сабақтың ортасы 6-10 минут 11-13 минут 14-22 минут 23-32 минут 33-38 минут | 1 тапсырма (Ұ) 109-110 беттегі В. Сухомлинскийдің «Нағыз адам» мәтінін түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап береді: - Мәтін не туралы? - Жолаушылар атайға не үшін алғыс жаудыратын? - Мәтіннің негізгі ойы не туралы? (Б) «Қошеметтер бұрқасыны» Топтасу Санау арқылы 4 топқа бірігеді. 2- тапсырма (Т) Пікірді дәлелде Қара түспен белгіленген тіркестерді түсініп оқыңдар. Әр топ осы пікірге құрылған оқиғаны әңгімелеңдер. Үлгі: І пікір: Бұл- адам емес. Дәлел: Себебі арбасында шелегі болса да, құдықтан не өзі су алмай, не ата мен немересіне су бермей кетті. ІІ пікір: Бұны да әлі адам деуге болмайды. Дәлел: себебі ол шелегін алып, арқанға байлап, құдықтан су алып шықты. Өзі де ішіп, атай мен немересінің де шөлін қандырды. Қалған суды құмға төгіп, шелегін қайтадан арбасына салып, алып кетті. ІІІ пікір: Бұл- нағыз адамның өзі. Дәлел: Арбасынан шелегін алып, арқанға байлады, су тартып, сусынын қандырды, алғысын айтып, жүріп кетті. Ал шелегі құдық басында қалды. Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі. (Б) «Галереяны шарлау» әдісі арқылы бағаланады. Әр топ басқа топтардың жұмысын қарап, дәлелдің дұрыс, бұрыстығын бағалап, толықтырады. Дескрипторы:
3-тапсырма (ЖЖ) Жұптық жұмыс -Берілген сурет мәтіндегі қандай пікірге сәйкес келеді? -Сендер жұпта осы мәтінге қандай сурет салар едіңдер? Тапсырма нәтижесінде, егер оқушылардың суреттері мәтіннің әр бөлігіне сәйкес келсе «Кадр» әдісі арқылы мәтін жоспарын құрып, мазмұндатуға болады. Жұптар суреттерін топқа таныстырады, топ ішінде үздік суретті анықтап, сынып алдына таныстырады. (Б) «Басбармақ» әдісі. Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп отырады. 4-тапсырма (Ж,ЖЖ,Т) «Суды үнемдеу ережесін құрастыр» Әр оқушы ережелерді жеке дәптерде құрастырады, жұпта бөліседі, топта талқылайды. Топ атынан ортақ ереже жазады. Басқа топтардың жауаптарын тыңдай отырып, толықтырады. (Б) «Екі жұлдыз бір тілек» | Слайд № 4- 8 Қосымша 1,2 А4 қағазы | ||||||||||
Сабақтың соңы 39-40 мин | Рефлексия
| Слайд №9 | ||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
2 тапсырмада саралау беріледі. Мұғалім топтарды аралап, әр топқа қолдау көрсетеді, бағыттайды. | «Қошеметтер бұрқасыны» «Галереяны шарлау» «Басбармақ» (Б) дескрипторы:
| |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?