Судың пайдасы. «Суыр сұңқар, су қайда?» ертегі. «Бабалар сөзі». Жүз томдық, 73- том. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су- тіршілік көзі

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Салкынбаева Ж.К.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Судың пайдасы. «Суыр сұңқар, су қайда?» ертегі. «Бабалар сөзі». Жүз томдық, 73- том.

Оқу мақсаттары

3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу

3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау

Сабақ мақсаттары

  • мәтіндегі оқиғаларға сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжайды;
  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • шығарма кейіпкерлерін сипаттайды;
  • шығарма кейіпкеріне хат жазады;

Бағалау критерийлері

  • берілген сөз тіркестерінен қолданып, оқитын мәтін туралы болжамын айтады;
  • мәтінге болжам жасай отырып, оқиғаның дамуын анықтайды;
  • өз ойын дәлелдер келтіре отырып , жүйелі айтады;
  • кейіпкерке хат жазады;
  • сөз тіркестері мен сөйлемдерді байланыстырып жазады;
  • қатесіз жазады.

Тірек сөздер

Мәтін мазмұнын талдау жасауда оқушыларға кербез (сұлу), тәкаппар (өзімшіл), ересесіп (дауласып), көнбе (бұл жерде мәре), қарасын үзіп (тез), тың (көп), желдей жүйткіп (шапшаң, жылдам), астамшылық (артықшылық) сөздерінің мағынасы түсініксіз болу мүмкін.

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік құндылықтарды дарыту, ұлттық құндылықтарды үлкенге құрмет, кішіге ізет қасиеттерді насихаттау

Пәнаралық байланыстар

Жануарларды сипаттау, олардың пайдасын талдау барысында жаратылыстану пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжай алады;

Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын ертегілер/ жұмбақтар жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып шумақтар/санамақтар құрастыра алады;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-4 мин

Ширату тапсырмасы

Оқулықтың 101 бетіндегі жұмбақтарды шешеді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырылады. Бағалау критерийлері оқушылармен бірге құрастырылады немесе мұғалім айтады.

Оқулық 101-103 беттер

Слайд №1-3

Сабақтың ортасы

5-9 минут

10-15 минут

16-21 минут

22-27 минут

28-33 минут

34-38 минут

Топтасу

Сынып қабырғасына үй жануарларының суретін жағалай ілінеді. Оқушылар өздеріне ұнайтын жануардың қасына барып тұрады. Ескерту: бір суреттің қасына 5 оқушыдан артық тұрмау керек.

Топтар: сиыр, жылқы, түйе, қой, ешкі.

Таңдау себептерін түсіндіреді.

1-тапсырма

(Ж, ЖЖ)

Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен шағын ертегі құру: ерте заманда, сиыр, кербез, мақтаншақ, жүйрік, атпен, уәде байласады.

Оқушылар тапсырманы жеке дәптерде жазады, жұпта ой бөліседі, топта талқылап, ойды жариялайды.

(Б) «Қошеметтер бұрқасыны»

2- тапсырма

, ЖЖ, Т) Алдарына берілген мәтіннің бірінші бөлімін оқып, құрған әңгімелерімен салыстырады.

  • Өздерің құрған әңгімелерің ертегінің бірінші бөлімімен сәйкес келді ме?
  • Әңгіме әрі қарай қалай жалғасады деп ойлайсыңдар? Болжам жасап көрейік.

Қосымшада өз болжамдарын жазады, жұпта оқып береді, топта талқылап, бір оқушының ғана жұмысы жарияланады.

(Б) Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп отырады.

3-тапсырма

(Ж,ЖЖ,Т) Оқушылар мәтіннің екінші бөлімін оқып, өз болжамдарымен салыстырады.

  • Сендердің жасаған болжамдарың ертегінің екінші бөлімімен сәйкес келді ме?
  • Әңгіме әрі қарай қалай жалғасады деп ойлайсыңдар? Болжам жасап көрейік.

Қосымшада өз болжамдарын жазады, жұпта оқып береді, топта талқылап, бір оқушының ғана жұмысы жарияланады.

(Б) Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп отырады.

4-тапсырма

(Ж,ЖЖ,Т) Оқушылар мәтіннің үшінші бөлімін оқып, өз болжамдарымен салыстырады.

  • Сендердің жасаған болжамдарың ертегінің үшінші бөлімімен сәйкес келді ме?

(Б) Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп отырады.

  • Ертегі қалай аталып тұр? Ол қай кейіпкерге қатысты айтылған?
  • Ертегідегі оқиғадан қандай қорытынды шығарар едің?

5-тапсырма

Кейіпкерге хат жаз. Өз хатыңда оған 3-4 кеңес беруді ұмытпа.

(Б) дескрипторы:

  • сөйлемдегі сөздер өзара байланысты;
  • кейіпкерге кеңес берді;
  • ойы жүйелі берілген;
  • сауатты жазылған.

Саралау: тапсырма барлық оқушыға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Үлгерімі төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Слайд № 4- 7

Қосымша 1,2,3

Сабақтың соңы

39-40 мин

«Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар сабақта алған әсерлерін көрсетеді:

Жасыл түс- мен үйренген жағымды қасиеттер;

Сары түс – Менің бойымда қандай қасиеттер бар;

Қызыл түс- Өз бойымнан алшақтататын қасиеттер;

Слайд №8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

5 тапсырмада саралау беріледі. Мұғалім топтарды аралап, әр топқа қолдау көрсетеді, бағыттайды.

«Бағдаршам», кері байланыс.

(Б) дескрипторы:

  • сөйлемдегі сөздер өзара байланысты;
  • кейіпкерге кеңес берді;
  • ойы жүйелі берілген;
  • сауатты жазылған.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу