👈 қаріп өлшемі 👉

Судың пайдасы. «Суыр сұңқар, су қайда?» ертегі. «Бабалар сөзі». Жүз томдық, 73- том. Әдебиеттік оқу, 3 сынып, дидактикалық материал.

Қосымша 1

Топтасу

Қосымша 2

Оқушының аты: ...................................................

  • Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен ертегі құрастыр.

Ерте заманда, сиыр, кербез, мақтаншақ, жүйрік, атпен, уәде байласады.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Ертегінің екінші бөлімінде не болады деп ойлайсың? Болжап жазып көр.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Ертегінің үшінші бөлімінде не болады деп ойлайсың? Болжап жазып көр.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Кейіпкерге хат жаз. Өз хатыңда оған 3-4 кеңес беруді ұмытпа.

Қосымша 3

1-бөлім

 Ерте заманда сиыр сызылған кербез, сурыла шапқан жүйрік болыпты. Әрі асқан тәкаппар, мақтаншақ та екен.

Бір күні әлгі Сиыр Атпен ерегесіп қалып, екеуі жарысқа түсіге уәде байласады. Бұрынға өткен жарыстардың бәрінде Сиыр бәйге бермейді екен. Осы жолы Аттан да озып, төрт аяқты жануарлардың арасындағы ең жүйрігі деген атаққа біржола ие болуды мақсат етеді.

Көмбеге төреші болып Арыстан келеді. Бәстің жайын ұққан соң, Ат пен Сиырды бір күншілік жолға Жолбарыс айдап барып, екеуін қатар тұрғызып қояды да, өкіріп кері қайтуға белгі береді.

Құйрығын көкке шаншып алып, танауы пысылдап, Сиыр ә дегеннен –ақ қарасын үзіп, зулай жөнеледі.

2-бөлім

Сиырдың соңында желдей жүйткіп, Ат шауып келе жатады. Жол ортасында оларға сусын беру үшін Суыр тосып отырады.

Бір кезде оза шауып, елірген Сиыр Суырға жетіп келеді де:

  • Суыр сасық, су қайда?- деді.

Сиырдың тәкаппар мінезіне ренжіп қалған Суыр:

  • Сиыр сасық, су мұнда, - деп, сасып борсып кеткен лай суды ұстата салады. Шөлдеп келе жатқан Сиыр судың қандай екеніне қарамастан, сіміріп жібереді де, одан әрі қарай шапқылай жөнеледі.

3-бөлім

Әрі-беріден соң, Суырдың қасына шөлдеп Ат келеді.

  • Суыр сұңқар, су қайда? – дейді еркелетіп.
  • Жылқы тұлпар, су мұнда! – деп, Суыр мөлдір, тұнық суды Атқа ұстата береді. Таза тұнық суға қанып алған Ат бойына тың қуат қосылғандай болып, құстай ұшып, самғай жөнеледі.

Сасық, лай су кеудесін алып қалған Сиыр онша ұзап кете алмайды да, екі-үш қырды асқан соң, Ат қуып жетіп, жанынан желдй жүйткіп өте шығады. Содан көмбеге бірінші болып жетеді.

Содан бері жылқы төрт аяқты жануарлардың ішіндегі жүйрігі болып қалыпты. Кеудесін лай, сасық су алып қалған Сиыр содан бері шабандап, жүгіре алмайтын күйге түскен екен.

Сиырдың жатқан кезде ыңырана күрсінетіні- өзінің астамшылық етіп, суырға айтқан дөрекі сөзіне күні бүгінге дейін өкінгені екен деседі.

[attachment=26272:did-mater_-sudy-pajdasy.docx]
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇

Жаңалықтар:
» Түркия: Ыстанбұлда тағы жарылыс 17.11.2022
» Қазақстандықтар тісін тегін емдете алады: Шарттары қандай? 08.11.2022
» Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады? 03.11.2022

Пікір жазу

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы