Жыл санау Жыл басы (Бабалар сөзі, Жүз томдық, 73 том). 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Астана қаласындағы Халықаралық мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Ещанова Б.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жыл санау

Жыл басы (Бабалар сөзі, Жүз томдық, 73 том)

Оқу мақсаттары

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру;

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка(күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру

Сабақ мақсаттары

- Мәтіннің мазмұнын түсінеді;

-Сұрақтар құрастырады және оған жауап бере алады;

-Мәтіннің маңызды тұстарын анықтай алады, ашық сұрақтар құрастырады;

-Шығарманы басқа нұсқасы иллюстрациямен салыстырады, өз ойын дәлелдеп айтады.

Бағалау критерийлері

  • мәтін бойынша ашық сұрақтар құрастырады;
  • мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
  • ертегіні суретпен салыстырады;

Тірек сөздер

Мәтінмен танысу барысында оқушыларда мүшел, құл, көде, жабағымменен, құр қалды сөздерінің мағынасы жайлы сұрақтар туындау мүмкін.

Құндылықтарды дарыту

Жануарлардыңадам өміріндегі маңызы мен оларға қамқорлық жасау құндылықтары дариды.

Пәнаралық байланыстар

Мәтіндегі жануарлардың адам өміріндегі маңызын талдау барысында дүниетану пәнімен байланысады. Уақыттың өлшем бірліктерін еске түсіргенде математика пәнімен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игерулері

Ертегі бойынша ашық сұрақтар құрастырып, оған жауап бере алады. Ертегіні сурет нұсқасымен салыстырып, өз ойларын айтады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

6-7 мин

Ширату тапсырмасы

Презентациядағы суреттер ішінен мұғалім өзінің туған жылын білдіретін жануардың суретін таңдап алады және балалардан неліктен осы суретті таңдағанын сұрайды? (мұғалім таңдап алған жануарды сипаттап кеткені абзал) Оқушылардың жауаптарын тыңдағаннан кейін сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау. Өздерінің туған жылдарына байланысты жануарлардың суреттерін таңдап сипаттайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, кері байланыс береді.

Топтастыру

Оқушыларды «Жануарлар» әдісі бойынша 5 топқа бөлу. Мұғалім оқушыларға жан-жануарлардың суреттері салынған карточкаларды таратып беріп, карточкадағы жануардың қылықтарын қайталап отырып, бірін-бірі тауып, шағын топтарға бөлінуін тапсырады. Бұл жерде дыбыс шығаруға болмайды. (жылқы, сиыр, қоян, жылан, тышқан суреттері). Оқушылар шеңбер жасап тұрады, әр оқушы карточкадағы жануардың қимылын көрсетіп тұрады, ұқсас белгілері бар оқушылар топқа бірігеді. Мысалы, жылан- жорғалайды, жылқы-шабады, қоян-секіреді, сиыр- сүзеді, тышқан-кеміреді.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстыралыды. Бағалау критерийі оқушылармен бергі құрастырылады немесе мұғалім таныстырады.

Жануарлар суреттері.

Қосымша 1.

Слайд №1

Слайд №2,3

Сабақтың ортасы

8-14 мин

15-20 мин

21-26 мин

27-31 мин

32-36 мин

1-тапсырма

«Жыл санау» ертегі

(Ө,ЖЖ, Т) Оқушылар мәтінді түсініп оқиды. Оқу барсыныда түсініксіз сөздерді түртіп, белгілеп отырады. Сөздіктен түсініксіз сөздердің мағынасын қарайды, дәптерлеріне жазады.

(Ө, ЖЖ,Т) «Пікір алмасу» стратегиясы бойынша мәтінге 5 сұрақ құрастыруға ұсынылады. Мәтін бойныша сұрақты жеке құрастырады, жұпта талқылайды, топта талқылайды.Үлгі:

  • Неге хайуандар жыл басы болуға таласты?
  • Жылқы қандай дәлел айтты?
  • Сиыр қандай дәлел келтірді?
  • Қой не айтты?
  • Ит неге басқалармен келіспеді?
  • Тауықтың айтқанымен келісесің бе?
  • Тышқан қандай амал тапты? Неге?

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

  • ертегінің мазмұнын түсінеді;
  • ертегі бойынша сұрақтар құрастырады;
  • құрастырған сұрақтарға жауап береді

2- тапсырма

(Ө) Жыл он екі айдың қазақша атауларын суретпен меңзер арқылы сәйкестендіріп, сипаттап айту.

Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Кейбір оқушыларға мұғалім қодау көрсетеді.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау.

3-тапсырма

) Мәтіннің негізгі ойына сәйкес келетін нақыл сөздерді, мақал –мәтелдірді табу.

Үлгі:

Алуан – алуан жүйрік бар, өз әлінше шабады.

Түйенің бурасы жақсы,

Сөздің турасы жақсы.

Саралау.Уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.

(Б) Топтардың бірін –бірі бағалауы.

4- тапсырма (дәптермен жұмыс)

(Ө) Сөздер қатарын толықтыр.

Жыл, ай, күн ....

Саралау. Тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Қабілетті оқушылар мен қабілеті төмен оқушылар бірлесе жұмыс жасайды.

(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.

Оқулық, 74-76 беттер

Слайд №4

https://www.youtube.com/watch?v=KyB4-0OMsCs

слайд №5

слайд №6

Слайд№7

Сабақтың соңы

37-40 мин

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?
  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?

Слайд №8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1,2,4 - тапсырмалар «Тапсырма бойынша саралау» жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

3- тапсырма «Уақыт бойынша саралау» жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қосымша уақыт беріледі, мұғалім қолдау көрсетеді.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бақылаушы», «Бас бармақ», «Баспалдақ» әдісі

Дескриптор:

  • ертегінің мазмұнын түсінеді;
  • ертегі бойынша сұрақтар құрастырады;
  • құрастырған сұрақтарға жауап береді;
  • ертегіні сурет нұсқасымен салыстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу