Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру М.Әлімбаев «Бұл қай кезде болады?». 3 сынып. Әдебиеттік оқу


Қысқа мерзімді сабақ жоспарының шаблоны

Пән:

Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:. Уақыт.

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

М.Әлімбаев «Бұл қай кезде болады?»

Оқу мақсаттары

3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:шығарманың мазмұнын түсінеді, өз ойын жеткізеді, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; дереккөздерден ақпарат таба алады;

Көптеген оқушылар:шығармның мазмұнына қатысты өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздердің үлгілерін қолдана отырып жеткізеді, шығарманың мазмұнына сәйкес нақты ақпаратты тауып сызба түрінде ұсынады.

Кейбір оқушылар: шығарманың мазмұны бойынша өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып еркін жеткізе алады, шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден нақты ақпаратты табады және ақпаратты сызба түрінде түсіндіре отырып ұсынады.

Бағалау критерийлері

-мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;

-сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады;

- дереккеөздерден ақпараттарды табады;

- ақпаратты сызба түрінде береді.

Тірек сөздер

Оқушылар:

Бөлім тақырыбы мен мәтінге байланысты күзгі уақыттың ерекшеліктері туралы өз ойын айта алады. Суретке қарап сұрақ құрап жаза алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Күзгі жаңбыр, күзгі еңбек, жәндіктер, құстар, ағаштар.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Жыл мезгілдерінің ауысуына қарай табиғатта қандай өзгерістер болады?

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық құндылығын топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойына дарытылады. . Жұптық жұмыс жасау кезінде ойын еркін айтқыза отырып, ашықтық құндылығына тәрбиеленеді.

Пәнаралық байланыстар

Жыл мезгілдеріне байланысты қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу арқылы жаратылыстану пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан күзгі уақыттағы табиғат құбылыстары туралы бейнебаян көрсетіледі, жатығулар орындалады. .

https://www.youtube.com/watch?v=ctbanGLQ6zk

Бастапқы білім

Алдынғы сабақта өткен шығарма бойынша сұрақтар ұсынылып, «Бинго» ойыны арқылы оқушылар білімі тексеріледі. Оқушылар сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді қолданып, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурс тар

Сабақтың басы

3 минут

3 минут

Сабақ басында: Ширату жаттығуы

(Ұ) «Шеңберге тұру» әдісі

Мұғалім ортада тұрып сөздерді көрсетіп тұрады. Оқушылар шеңберде айнала жүріп табиғат құбылыстарына байланысты сөздерге сәйкес қимылдар жасайды.

Оқушылар қима суреттерді таңдап және оны құрастыру арқылы топтарға бірігеді.

1-топ: «Жаңбыр»

2-топ: «Бұлт»

3-топ: «Жел»

4-топ: «Күн»

Бастапқы білімді қайталау

(Ұ, МК) «Бинго» ойыны.

Барлық ойыншыларға жетон (қоржындағы шарлардың санына байланысты) беріледі. Жеке қоржынға 6 шар салынады. Мұғалім қоржыннан шардың бірін алады, сол саннан басталатын жетон бар оқушы ортаға шығады. Мысалы: 02, 12, 22, 32, 42, 62 сандары түскен жетондар сұраққа жауап береді.

Үлгі сұрақтар:

  • Жыл мезгілдерінің ауысуына қарай табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Қай кезде жеміс ағаштары гүлдейді?
  • Қай кезде суық жел соғады?
  • Қай кезде жер бетін ақ мамық жабады?

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Интербелсенді тақта, табиғат құбылыстарының суреттері

Слайд №2

Қосымша №1

Сабақтың ортасы

7 мин

7 минут

2 минут

7 минут

5 минут

1-тапсырма

(Ө, Ж, Т) «Ойлан–Жұптас–бөліс» әдісі бойынша оқушылар жұптарға бөлініп мақал-мәтелдердегі жыл мезгілдерінің басты белгілерін тауып, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып айту тапсырылады. Жұптасып өздерінің жауаптарымен сыныппен бөліседі.

Мақал-мәтелдер:

«Нөсер алдында найзағай ойнайды».

«Жемісі көп ағаштың бұтағы төмен».

«Көктемде түскен бір дән

күзде мың дән болады».

«Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе, қатқақ келер».

«Сәуір болмай, тәуір болмас».

«Ақ қар көп болса – ақ нан көп».

«Туған ай, тураған етпен тең».

Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы күз мезгілінің белгілерін атауда қиналғаноқушыларға сөзбен қолдау көрсетіледі. Қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.

(Б). Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

2 тапсырма

(МК, Ұ, Т) М.Әлімбаевтің «Бұл қай кезде болады?» өлеңін мәнерлеп оқу ұсынылады. «Ыстық орындық» әдісі арқылы әр топтан бір оқушыдан ортада тұрған орындыққа өз еркімен шығып отырады, тақырып бойынша берілген сұрақтарға көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жауап беру тапсырылады. Сұрақтарды қарсылас топтар қояды.

Үлгі сұрақтар:

  • Өлеңде қандай жыл мезгілдері суреттелген?
  • Ақын жыл мезгілдерін сипаттау үшін қандай көркем сөздерді қолданған? Мысал келтір.
  • Саған қандай мезгіл ұнайды? Себебін түсіндір.

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

(Б). Оқушылар бірін – бірі «смайл» арқылы бағалайды.

Сергіту сәті.

Күзгі уақыттағы табиғат құбылыстарына байланысты «Жаңбыр» әнінің сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығулар орындау.

3-тапсырма

(Т) «Галерияны шарлау» әдісі арқылы әр топқа оқылған «Бұл қай кезде болады?» өлеңінің мазмұнына сәйкес дереккөздерден нақты ақпаратты тауып және ақпараттардан постер құрып қорғау ұсынылады. Дереккөздер ретінде оқу жоспарындағы «Жапырақтың күзгі серуені» шығармасы ұсынуға болады. Оқушылар топ санына қарай мәтінді бірнеше бөліктерге бөліп ұсынуға болады.

Постерге әр жыл мезгіліндегі ерекшеліктерге байланысты көркем-бейнелі сөздерді немесе сөйлемдерді дәптерге жазады және қорғайды.

Мысалы:

«Алтын күздің жайма-шуақ бір күні»

«Қалың шөп арасына келіп түскен жапырақша»

«Бірге тату тұрып, бірге өмір сүргенге не жетсін»

Саралау: қорытынды тәсіл арқылы саралау. Тапсырма барлық топқа бірдей ұсынылғанымен жауаптары әртүрлі күіледі. Дерекккөздерден ақпаратты табуда кейбір топтарға мұғалім көмектеседі.

(Б) Топтар бірін-бірі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

4-тапсырма

; МК; Ө) Оқылған «Жапырақтың күзгі серуені» ертегісінің мазмұнын көркем бейнелі сөздерді қолдана отырып айту және күздің табиғаты бейнеленген сөздерді тауып, әр жыл мезгілінің уақытына байланысты ақпараттард ы сызба түрінде жазу тапсырылады. Уақыт жеткілікті болса, мұғалімге мәтінді өзі оқып беруге болады.

Саралау. Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Сыныптағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

(ҚБ)Дескрипторлар бойынша бағалау.

Қосымша №2

Слайд №3

Слайд №4

Қосымша №4

https://www.youtube.com/watch?v=ctbanGLQ6zk

оқу жоспары – 42бет.

https://erketai.org/ertegiler-alemi/japiraktin-kuzgi-serueni/

Дәптер

Қосымша №4

Слайд №5

Интербелсенді тақта

Сабақтың соңы

5 минут

5-тапсырма

Қорытынды

(Ж) Оқушыларға жұптасып, мәтіннің мазмұнына сәйкес сызбаны толтырып жазу тапсырылады. «Бір минуттық әңгіме» әдісі арқылы оқушыларға өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздер арқылы жыл мезгілінің маусымдық өзгерістері туралы әңгімелеу ұсынылады.

Оқушылар кестені толтырып болған соң, қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.

Кесте үлгісі:

жылы самал

құстың базары

қара суық жел

шым шып аяз бетіңді

Күз

Қыс

Көктем

Жаз

Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады. Оқушыларды ынталандыру үшін қажеттіліктеріне қарай кестені толтыруда сөзбен көмек көрсетіледі.

(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы жұптар өзара бағалау жүргізеді.

Рефлексия: «Тілек ағашы» әдісі.

(Ұ) Оқушыларға алма жемісінің пішінінде стикерлер таратылады. Стикерлерге бүгінгі сабақта оқу мақсатына жеткені жәні келесі сабаққа деген тілегі туралы кері байланыс жазып ағашқа жапсыру тапсырылады.

Қосымша№5

.

Жемістердің суреттері

Слайд №7

Қосымша№6

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1- тапсырма. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы күз мезгілінің белгілерін атауда қиналғаноқушыларға сөзбен қолдау көрсетіледі. Қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.

2-тапсырма: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

3-тапсырма: қорытынды тәсіл арқылы саралау. Тапсырма барлық топқа бірдей ұсынылғанымен жауаптары әртүрлі күіледі. Дерекккөздерден ақпаратты табуда кейбір топтарға мұғалім көмектеседі.

4-тапсырма. Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Сыныптағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

.5-тапсырма. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады. Оқушыларды ынталандыру үшін қажеттіліктеріне қарай кестені толтыруда сөзбен көмек көрсетіледі.

Дескрипторлар: - мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;- сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады;

  • тақырыпқа сәйкес ақпараттарды іріктейді;
  • ақпаратқа сүйеніп,сызба жасайды

-

Бағалау әдістері

(Б) 1-тапсырма Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

(Б) 2-тапсырма оқушылар бірін – бірі «смайл» арқылы бағалайды

(Б) 3-тапсырма «Бас бармақ» әдісі бойынша жүргізіледі. Барлығы дұрыс орындалса бас бармақ, кемшіліктер болса бас бармақты бүйірге, мүлдем келіспесе бас бармақты төмен қаратады

(Б) 5-тапсырма «Бас бармақ» әдісі.

Күзгі уақыттағы табиғат құбылыстарына мезгіліне байланысты «Жаңбыр» әнінің сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығулар орындау.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу