Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру М.Әлімбаев «Бұл қай кезде болады?» Нұсқаулық. 3 сынып. Әдебиеттік оқу


 Бөлім: Уақыт

 Сабақ тақырыбы: 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

  М.Әлімбаев «Бұл қай кезде болады?»

 Оқу мақсаттары:

 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу

 3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильм нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру.

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар:шығарманың мазмұнын түсінеді, өз ойын жеткізеді, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; дереккөздерден ақпарат таба алады;

 Көптеген оқушылар:шығармның мазмұнына қатысты өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздердің үлгілерін қолдана отырып жеткізеді, шығарманың мазмұнына сәйкес нақты ақпаратты тауып сызба түрінде ұсынады.

 Кейбір оқушылар:шығарманың мазмұны бойынша өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып еркін жеткізе алады, шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден нақты ақпаратты табады және ақпаратты сызба түрінде береді түсіндіре отырып ұсынады.

 Бағалау критерийлері:

  •  мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;
  •  сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады;
  •  дереккеөздерден ақпараттарды табады;
  •  ақпаратты сызба түрінде береді.

 

 Сабақ барысы

 Сабақтың басы: Ширату тапсырмасы «Шеңберге тұру» әдісі арқылы орындалады.

 Мұғалім ортада тұрып сөздерді көрсетіп тұрады. Оқушылар шеңберде айнала жүріп табиғат құбылыстарына байланысты сөздерге сәйкес қимылдар жасайды.

 Оқушылар қима суреттерді таңдап және оны құрастыру арқылы топтарға бірігеді.

 1-топ: «Жаңбыр»

 2-топ: «Бұлт»

 3-топ: «Жел»

 4-топ: «Күн»

 

 Бастапқы білімді қайталау

 (Ұ, МК) «Бинго» ойыны.

 Барлық ойыншыларға жетон (қоржындағы шарлардың санына байланысты) беріледі. Жеке қоржынға 6 шар салынады. Мұғалім қоржыннан шардың бірін алады, сол саннан басталатын жетон бар оқушы ортаға шығады. Мысалы: 02, 12, 22, 32, 42, 62 сандары түскен жетондар сұраққа жауап береді.

 Үлгі сұрақтар:

 -Жыл мезгілдерінің ауысуына қарай табиғатта қандай өзгерістер болады?

 -Қай кезде жеміс ағаштары гүлдейді?

 -Қай кезде суық жел соғады?

 -Қай кезде жер бетін ақ мамық жабады?

 Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

 Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

 

 Сабақтың ортасы:

1-тапсырма

  (Ө, Ж, Т) «Ойлан–жұптас–бөліс» әдісі бойынша оқушылар жұптарға бөлініп мақал-мәтелдердегі күз жыл мезгілдерінің басты белгілерін тауып, өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып айту тапсырылады. Жұптасып өӨздерінің жауаптарымен сыныппен бөліседі.

 Мақал-мәтелдер:

 «Нөсер алдында найзағай ойнайды».

 «Жемісі көп ағаштың бұтағы төмен».

 «Көктемде түскен бір дән

 күзде мың дән болады».

 «Қаз келсе, жаз келер, Қарға келсе, қатқақ келер».

 «Сәуір болмай, тәуір болмас».

 «Ақ қар көп болса – ақ нан көп».

 «Туған ай, тураған етпен тең».

 Саралау. Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы күз мезгілінің белгілерін атауда қиналғаноқушыларға сөзбен қолдау көрсетіледі. Қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.

 (Б). Бір жұпты басқа жұп ауызша бағалайды. «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Керемет!», «Жақсы!».

 

 2 тапсырма

  (МК; Ұ; Т) М.Әлімбаевтің «Бұл қай кезде болады?» өлеңін мәнерлеп оқу ұсынылады. «Ыстық орындық» әдісі арқылы әр топтан бір оқушыдан оқушылар ортада тұрған орындыққа өз еркімен шығып отырады, тақырып бойынша берілген сұрақтарға көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жауап беру тапсырылады. Сұрақтарды қарсылас топтар қояды.

 Үлгі сұрақтар:

 ˗Өлеңде қандай жыл мезгілдері суреттелген?

 ˗Ақын жыл мезгілдерін сипаттау үшін қандай көркем сөздерді қолданған? Мысал келтір.

 ˗Саған қандай мезгіл ұнайды? Себебін түсіндір.

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.

 (Б). Оқушылар бірін – бірі «смайл» арқылы бағалайды.

 

Сергіту сәті.

 Күзгі уақыттағы табиғат құбылыстарына байланысты «Жаңбыр» әнінің сүйемелдеуімен қимыл-қозғалысты жаттығулар орындау.

https://www.youtube.com/watch?v=ctbanGLQ6zk

 

 3-тапсырма

 (Т) «Галерияны шарлау» әдісі арқылы әр топқа оқылған «Бұл қай кезде болады?» өлеңінің мазмұнына сәйкес дереккөздерден нақты ақпараттарды тауып және ақпараттардан постер құрып қорғау ұсынылады. Дереккөздер ретінде оқу жоспарындағы «Жапырақтың күзгі серуені» шығармасын ұсынуға болады. Оқушылар топ санына қарай мәтінді бірнеше бөліктерге бөліп ұсынуға болады.

 Постерге күз мезгіліне байланысты көркем-бейнелі сөздерді дәптерге жазады және қорғайды.

 Мысалы:

 «Алтын күздің жайма-шуақ бір күні»

 «Қалың шөп арасына келіп түскен жапырақша»

 «Бірге тату тұрып, бірге өмір сүргенге не жетсін»

 Саралау: қорытынды тәсіл арқылы саралау. Тапсырма барлық топқа бірдей ұсынылғанымен жауаптары әртүрлі күіледі. Дерекккөздерден ақпаратты табуда кейбір топтарға мұғалім көмектеседі.

 (Б) Топтар бірін-бірі «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.

 

 4-тапсырма

  ; МК; Ө) Оқылған «Жапырақтың күзгі серуені» ертегісінің мазмұнын көркем бейнелі сөздерді қолдана отырып айту және күздің табиғаты бейнеленген тауып, әр жыл мезгілінің уақытына байланысты ақпараттард ы сызба түрінде жазу тапсырылады. Уақыт жеткілікті болса, мұғалімге мәтінді өзі оқып бередіберуге болады.

 Саралау. Қорытынды тәсіл. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Сыныптағы қабілеті жоғары оқушы қабілеті төмен оқушыға ой бөлісіп, идеясын ортаға салып көмектеседі. Оқушыларға өз ойын еркін айтуға, дәлелдеп айтуға, өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі.

 (ҚБ)Дескрипторлар бойынша бағалау.

 Дескрипторлар:

  •  мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;
  •  сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады;
  •  тақырыпқа сәйкес ақпараттарды іріктейді;
  •  ақпаратқа сүйеніп,сызба жасайды.

 .

 

 Сабақтың соңы.

 5-тапсырма

 Қорытынды.

 (Ж). Оқушыларға жұптасып, мәтінге мәтіннің мазмұнынамен сәйкес сызбаны толтырып жазу тапсырылады. «Бір минуттық әңгіме» әдісі арқылы оқушыларға өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздер арқылы күз жыл мезгілінің маусымдық өзгерістері мезгілі туралы әңгімелеу ұсынылады.

 Оқушылар кестені толтырып болған соң, қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, жұптық әңгіме жүргізеді. Жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.

 Кесте үлгісі:

жылы самал

құстың базары

қара суық жел

шымшып аяз бетіңді

Күз

Қыс

Көктем

Жаз

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады. Оқушыларды ынталандыру үшін ң қажеттіліктеріне қарай кестені толтыруда сөзбен көмек көрсетіледі.

 (Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы жұптар өзара бағалау жүргізеді.

 Рефлексия: «Тілек ағашы» әдісі.

 (Ұ) Сабақтың соңында оқушыларға алма жемісінің пішінінде стикерлер таратылады. Стикерлерге бүгінгі сабақта оқу мақсатына жеткені жәні келесі сабаққа деген тілегі туралы кері байланыс жазып ағашқа жапсыру тапсырылады. .

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды түрлендіріп бере алады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу