Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру. Әдебиеттік оқу, 4 сынып, нұсқаулық.


Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Табиғат құбылыстары

Сынып: 4

Сабақ тақырыбы: 1.5. Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру

Оқу мақсаттары

4.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу;

4.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу;

4.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу,аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану.

Бағалау критерийлері

  • өлеңді түсініп оқиды;
  • көркем -бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізеді;
  • көркем сөздерді қолданып, әңгіме құрастырады.

Тірек сөздер Ақ қолғап, ақ өлең, ақ әлем, аппақ әуен, аппақ сәукеле.

Сабақ барысы

І. Сабақтың басы

1-5минутШирату тапсырмасы

«Қар қиыршықтарымен тілек»(сергіту және топқа біріктіру)

Оқушылар арнайы дайындалып келген қар қиыршықтарын алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және қар қиыршықтарының астына жазылған сандар бойынша топқа біріктіріледі.

Әли мен Айяның «Қыс» туралы әнін тыңдау арқылы сабақ тақырыбына болжам жасалады.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру,https://www.youtube.com/watch?v=BWRHc3c-lJI

ІІ. Сабақтың ортасы

Қосымша мәлімет:

Төлеген Айбергенов-Қарақалпақ елінің Қоңырат деген жерінде дүниеге келген. Жастарға арналған Төлеген Айбергенов атында әдеби сыйлық бар. Фариза Оңғарсынова Төлеген Айбергенов туралы- «Ақын – өзінің ешкімге ұқсамайтындыығымен ақын»

1-тапсырма

(ЖЖ,Т) «Үштік» әдісі (Ойлан, жұптас, бөліс)

Өлеңді іштей саналы түрде түсініп оқиды, оқып болған соң әр топқа тапсырма беріледі. Топ бойынша тапсырманы оқиды. Топтағы оқушылар бірнеше жұптан бөлінеді: Қыс мезгілі сипаттайтын 5 мысал келтіреді.

Үлгі:

Білемін

Айналаны аппақ қар басады.

Аяз көтеріліп, күн суытады.

Адамдар қалың киінеді, от жағады.

Боран соғады, ағаштар ақ көрпеге оранады.

Терезеге қырау өрнек салады.

Саралау: Топтағы барлық оқушы жұмыс жасайды. Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады

Б «Жұлдызша»

Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату

2-тапсырма

Сұраққа жауап (ЖЖ) «Қағаздағы сұрақтар»

Абайдың «Қыс» өлеңі мен Т. Айбергеновтің «Аппақ қыс» мәтінін салыстыру үшін алдын ала дайындалған араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді

-Қандай қыс? (аппақ)

- Қысты сипатта (қар жауады, аяз, суықтар болады, қалың киінеміз, аққала жасап, шана, шаңғы тебеміз)

- Ақынның көңіл күйі (көтеріңкі, қуанышты)

- Саған қай қыс ұнайды? Неліктен? (аппақ қыс, онда қысты жақсы көңілмен бейнелеген, Абай атаның «Қыс» өлеңінде адам кейпінде берген)

- Т. Айбергеновтің қысын көркем сөздермен сипатта. (Ақ қолғап, ақ өлең, ақ әлем, аппақ әуен, аппақ сәукеле)

- Абайдың «Қыс» өлеңіндегі адам бейнесіндегі қысты сипатта. (ашулы, ызалы, долы қыс)

Саралау: Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.

Б. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау

3-тапсырма

Талдау

Ақынның қолданған кейіптеуін тауып, кестеге толтырады. Үлгі:

Кейіптеу сөздер

Өзен, теңіз, тау-төбе,

Киген аппақ сәукеле.

Жатыр іздер жосылған,

Рояльдің басылған

Ақ тіліне ұқсаған.

Ақ қыс – сұлу ақ өлең

Саралау:Көмек қажет ететін оқушыларға түсіндіру жұмысымен бірге қосымша уақыт беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше толтырады

Б «Қол шапалақтау»

Тапсырманы дұрыс орындағандарды қол шапалақтау арқылы бағалау

4-тапсырма

(Ж,Т) «Мозайка» әдісі

Тірек сөздер таратылып беріледі. Берілген тірек сөздер ретін бұзбай мәтін құрастырады. Әңгіме құрастыру кезінде көркем -бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізеді.

Қатал қыс

Көңілді қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды

Боран

Аяз

Жан-жануар

Адамдар

Балалар

Көктем

Аппақ қыс

Аппақ қар

Аппақ сәукеле

Жан-жануар

Адамдар

Балалар

Сүйкімді

Саралау:Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады. Оқушылар бір-бірін тыңдайды және толықтырады

Б «Бағдаршам»

Жасыл түс(тапсырманы толық,дұрыс орындаса)- Өте жақсы

Сары түс(тапсырманы толық орындамаса)-Жақсы

Қызыл түс(тапсырма толық емес және қателіктер болса)- Орташа

ІІІ. Сабақтың соңы

«Шеңбердегі доп» әдісі

Шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп алған оқушы сабақ туралы ойын бір сөйлеммен айтады.

доп

Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып басқа тапсырмалар бере алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу