М.Зверев, аударған. М.Әлімбаев «Мен қалай жазушы болдым?». Әдебиеттік оқу, 4 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша1

Мен қалай жазушы болдым?

... Менен «Қалай жазушы болдыңыз?» деп жиі сұрайды. Жауап беріп көрейін:

1903 жылы мен сегізде едім. Барнауыл көктемі. Әкем: «Баламды көктемгі аңшылыққа апарам»,- дегенде, шешемнің көзі шарасынан шықты.

Сонда қос ат жеккен арбаның лайсаң батпаққа күпшегінен кіріп келе жатқанын ұмытпаппын. Табиғатпен қоян – қолтық келгенім- тасыған су жиегіндегі көгалда қарсы алған таңым жадымда өшпестей қалыпты. Үйге қайтқан соң, жаңағы сапарымды жазғым келді. Үлкен сызықты шәкірт дәптеріне ірі- ірі әріптермен тұңғыш рет «әңгіме» жазып, әкеме көрсеттім. Менің емле қателерімді көргенде, әкем жағасын ұстап, қызыл қарындашпен түзете бастады.

Арада бірнеше жыл өтті. Жаздыгүні талтүсте иісі аңқыған пішен маяның төбесіне шықтым. Тұс-тұстан құстар сайрайды. Өз көзіммен көрегенімді оңдап тұрып жазсам қайтеді деген құштар ерікке қоймады. Есім шыға елеңдеп, бір өшіріп, бір жазып, барлық ойым шығармада болды. Қайта оқып қарап едім, қате қаптап жүр екен. Қалай жазылуын жақсы білетін сөздерді де бұрыс жазыппын. Бірінші әңгімеде бүлдіргенім бар, неге ұмытайын, жазғанымды әдімілеп, ұқыпты көшірдім. Содан кейін барып әкеме көрсеттім. Ол кісі оқып шықты да, көзілдірігінің үстінене маған таңдана қарады. Табиғатты суреттегеніме риза болған екен! Таныстарға көрсеткенде, тамсанғандар көп болыпты. Оқимыз деп алғандар дәптерімді қайтармай да қойды.

Күзде сабақ басталғанда әдебиет пәнінің мұғалімі «Өткен жаздағы ең қызықты күндеріңді шығарма етіп жазып келіңдер»,- деді. Өзімді табиғатпен еттене жақындастырған күн мен үшін ең қымбат күн болатын. Мен соны жаздым. Келесі сабақта мұғалім тексерілген бір бума дәптерді көтеріп келді. Ұстаз:

-Іштеріңде шығарманы ең жақсы жазған кім деп ойлайсыңдар?-деп сұрады.

Әр тұстан оқу озаттарын атаған үндер естіліп жатты.

-Бәріңнен артық жазған – Зверев!

Сыныптағылар бір – біріне аңқия бұрылысты.

-Грамматикалық қателеріне қарағанда шығармасына «екілік» қоюға болушы еді. Бірақ мен минус «бес» қойдым. Әдеби тұрғыдан піскен шығарма осынікі ғана ...

Жылдар жылжып жатты. 25 жыл энциклопедияда, хайуанаттар паркі мен қорықтарда ғалым-зоолог боп істедім. Жазсам – ау деген құмарлық өшкен жоқ. 1929 жылы менің «Ақ марал» деген алғашқы кітабым шықты. Бүгін, міне, балалар, менің табиғат жайында 120 кітабым бар.

Мен осылай жазушы болдым. Менің аяулы, кішкентай оқырмандарым, сендерге ақыл айтып, уағыз соққым келмейді. Азамат болғысы келгендер оқудан, үйренуден, жалықпасын. Ал жазушы жазғаны жайында оқырмандардан әлдеқайда көп білуі тиіс. Кітап қуантып қана қоймай, білім өрісін кеңейтуі тиіс, бірдеңе үйретуі қажет. Бұл үшін жазушы табиғи талантқа да, таудай білімге де ие болуы шарт.

М.Зверев, аударған М.Әлімбаев

Қосымша 2

,,

,, У,,,

(жазушы) сөзі шығады.

Қосымша 3

Максим Дмитриевич Зверев 1896 жылы 29 қазанда Барнауыл қаласында дүниеге келді. 1923 жылы Томск университетін бітіріп, 1937 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Алматы қаласында тұрды. ( 29 қазан 1896 — 23 қаңтар 1996 ) — Батыс Сібір териологиясының негізін қалаушы, кейінірек табиғат зерттеушісі, жазушы. Жануарлар әлемі, табиғат туралы шығармалардың авторы. Оның шығармалары ТМД, Франция, Англия, Испания, Польша, Германия, Куба т.б. Елдерде шығарылып, таралды.

Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың саңлағы, кеңестік алқалы топтың мүшесі және Қазақстандық жазушылар одағының басшысы, 4 рет орден иегері.

М. Зверев Қазақстандағы балалар көркем әдебиетіне қалам сермеген алғашқы жазушылардың бірі.Ол тек жазушы ғана емес, үлкен ғалым болған. Сондай-ақ, Алматы хайуанаттар бағының тәжірибелі жетекшісі және алғашқы ұйымдастырушыларының бірі Мамандығы бойынша зоолог, өмірінің барлық кезеңіне дерлік табиғатты зерттеуге жұмсады және де оның жүзден аса еңбектері жабайы аңдар табиғатын зерттеуге арналған.

1956 жылы М. Зверевтің сценарийі бойынша Алматы киностудиясы «Қанатты сыйлықтар» атты алғашқы балалар көркем фильмін түсірді. Оның шығармашылық және қоғамдық қызметі жоғары бағаланды.

Мұзафар Әлімбаев  1923 жылы 29қазанда Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды атырабында дүниеге келіп, 2007 жылы дүниеден озды.

— Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі.

5 жасында кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын тауысады.

Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң екенін анық та толық сезді. Осы тұста тырнақалды өлеңін жазды.

Өкінемін ерте өмірдің өткеніне, Көре алмай қызығымды кеткеніңе. Өзгелер өз баласын еркелетсе, Жетімдік сүйегіме жетпеді ме?!

Жазушы

Жазушы (кейде литератор) — қоғамдық пайдалануға арналған, сөздерден құралған туынды жасайтын адам. Жазушы деп әдетте аталмыш іс негізгі кәсібі, немесе негізгі кәсіптерінің бірі саналатын адамды айтады.

Қосымша 4

«Жазушы болғым келеді…» дейтіндерге

Кез келген мамандықтағы секілді жазушылықта да талант тұрлаусыз маңызға ие. Жазу қабілеті – жетістіктің ең негізгі кілті болғанымен, ең маңыздысы емес. Маңыздысы – өмірлік тәжірибе мен білім (университеттегі білім емес өмір мектебінен алған сабақтар хақында) және де ең соңғысы, әрине, іс-тәжірибе. Басқа өнер салалары сияқты жазушылық та анық әрі нақты ережелерге құрылған. Әлбетте, бұл ережелерді жазушылардың өздері ойлап тапқан, дегенмен оларды ойлап табудан көрі оқып, игеру әлдеқайда жеңіл болар еді. Егер шын ниетіңізбен жазушы болғыңыз келсе, қияли әлем де ғана емес қатаң тәртіп пен қилы тақырып аясында да өмір сүруге дайын болыңыз. Сонымен, талантты жазушылардың талапты жазушыларға айтар ақылдарын ұсынамыз!

Стивен КингҚорқынышты шедеврді шебер дүниеге әкелетін жазушының шығармашылығынан бас алу мүмкін емес. Мазмұны мен баяндаудың үйлесімділігі, тіпті, мүмкіндігі мол жазушылардың өзін таңдай қақтырады. Ерекше жазушының ұсынатын ақылдары:1. Суреттеу жазушының елесімен туып, оқырмандікімен аяқталады.2. Сіздерден бар өтініп сұрарым: жақсырақ жазуға ұмтылыңыз, есіңізде болсын, үстемелеп жазу – әлсіздік, «ол айтты», «мен айттымды» орнын тауып қолдану – құдайдың қолынан ғана келеді.3. Барлығы мынадан басталады: жазуға ниеттенген кезде үстелді бөлменің әр бұрышына қойыңыз да, қолға қалам ала бергенде үстелдің неге бөлменің ортасында еместігін есіңізге салыңыз. Өмір – өнерді қолдайтын жүйе емес. Барлығы да керісінше.4. Соңында сізге турасын айтайын ба? Егер жақсы кітап оқуға уақытыңыз болмаса, жазуға уақытыңыздың ғана емес қабілетіңіздің де болмағаны. Қиындататын ешнәрсе жоқ, бәрі оп-оңай.

Нил ГейманАғылшынның талантты фантаст жазушысы жаңа толқынға біршама қарапайым, бірақ өте пайдалы кеңестер береді:1. Үнемі жазыңыз.2. Барлық уақытта керекті сөзді іздеумен болыңыз, ойыңызға келген орынды деген сөздерді міндетті түрде жазып отырыңыз.3. Өз шығармашылығыңызға әрдайым жаңа қырынан қарауға тырысыңыз. Жазбаңызды алғаш көріп тұрғандай оқыңыз. Әдебиет жанрларынан хабары бар достарыңыз бен таныстарыңызға оқып беруді ұмытпаңыз.4. Егер сіздің оқырманыңызға мәтіннің кейбір тұстары ұнамаса, оның ақылға қонымды сын айтуы да мүмкін. Бірақ оқырманыңыз дәл қай жері дұрыс емес екенін көрсетіп, ақыл айта бастаса, ол қателеседі.5. Жазғандарыңызды өңдеп тұрыңыз. Бірақ, шығармаңыз идеалға айналғанға дейін сіз оны тастап, басқасын жазуға кірісіп кететініңізді ескертейін.6. Қиялыңыздың ұшқырлығынан рақаттаныңыз.7. Өзіңізге деген сенім мен іс-әрекетіңіздегі нақтылық өмірде бәріне жеткізетінін біле жүріңіз. Жазып жатқан шығармаңызды қолыңыздан келгенше асқан шынайылықпен жазып шығыңыз.

Рэй БрэдбериҒылыми фантастиканың классигі жазушы болу үшін бар-жоғы екі-ақ кеңес ұсынады:1.Шығармашылықтың ең басты құпиясы — өз ойларыңа мысыққа қарағандай қарау керек, яғни мысықтарың сені аңдып жүрсін.2. Әлемдегі пішіндер мен түстерді, жаратылыстарды басқаша қабылдап, өзге көзқараспен қарауға баулитын кітаптар оқыңыз.

Курт ВоннегутАмериканың бірден бір белгілі жазушысы қысқа әңгімелерді қалай нақышына келтіріп жазу туралы және ең бастысы қалай әсерлі жеткізу турасында бірнеше кеңеспен бөліседі:1. Бейтаныс оқырманның сізге бөліп отырған алтындай уақытын текке кетірмеңіз.2. Оқырман тез бауыр басып, үйренісіп кететін қаһарманды жасап шығарыңыз.3. Сіздің әңгімеңіздегі әрбір кейіпкердің көксеген арманы болсын, оның қалауы бір шыны су болса да армансыз қалмасын.4. Әр сөйлем кейіпкердің мінезін немесе іс-әрекетін сипаттасын.5. Әңгіменің бастамасы логикалық аяқталумен жақын болғаны дұрыс.6. Кейіпкерлеріңізге ешқашан аяушылық танытпаңыз. Олардың басына адам төзгісіз қайғы-қасірет беріңіз, оқырмандар өмірде түрлі жағдайдың болатынына көздері жетіп, барларын бағаласын.7. Тек бір ғана адамға ұнау үшін жазып жатқандай болыңыз. Барлық оқырманның көңілінен шығуға тырысып жазу – өзіңізге өлім жазасын кескенмен тең.8. Интрига жасаудың қажеті жоқ. Барлық ақпаратты бірден беріңіз. Және де шығармаңыздың соңын шешілмеген шырғалаңмен бітіре салыңыз, оқырман өзі соңын аяқтап алсын.

Эрнест ХемингуэйХемингуэй өз таланты туралы сөз етудің ешқандай пайдасы жоқ екенін айтқанымен, оның шығармаларында, сұхбаттарында және мақалалары мен хаттарында бой көрсетіп қалған ойлары бар екен:1. Біріншіден, талант керек, Киплингтің талантындай өте үлкен талант. Содан соң өзіңді басқара алатын қатаң тәртіп керек. Флобердің тәртібіндей тәртіп. Сосын жазғалы жатқан прозаның қандай болатыны туралы анық елестете алу керек. Жасандылықтан аулақ болу үшін Париждің үлгіні өлшегішіндей абсолютті тайқымайтын ар керек. Одан кейін жазушыдан интеллект, адалдық талап етіледі, ең маңыздысы – жазушының тірі қалатын қабілеті болуы шарт. Осының барлығын бір ғана бейнеден таба біліңіз. Және сіздің ол бейнеңіз жазушыға түсетін бар ауырлықты жеңіп шыға алатындай болсын. Жазушы үшін ең қиыны – есептеп берілген аз ғана уақыттың ішінде шығарманы соңына дейін жеткізіп, тірі қалу.

2. Барлық жақсы кітаптар – шындыққа жанасымды өмірден алынған дүниелер. Кітапты оқып біткенде ішіндегінің барлығы сенің басыңнан өткендей әсер қалдырады. Содан соң, әрине, кітаптағы барлық жақсылық пен жамандық та, қуаныш пен қайғы да, өкініш пен күйініш те, адамдар мен мекендер де, тіпті ауа райы да саған тиесілі болады. Егер осының барлығын оқырмандарға бере алсаң, демек, сен – жазушысың.3. Жақсы жазушының ең ұлы қасиеті – шала шығарманы анықтайтын сабырлы детектор. Бұл жазушының радары, ол тек таңдаулы авторларда ғана болады.4. Мен әрдайым сөздерге өмірімде бірінші рет көріп тұрғандай қарадым.

Марк ТвенДанышпан жазушы өткір ойларын ирониямен жеткізіпті:1. «Өте» деп жазғыңыз келген сайын «барып тұрған…» деген тіркесті қолданыңыз. Редакторыңыз бұл сөзді алып тастағанда шығарма өз қалпына құйылып шыға келеді.2. Мақаланы бастаудың ең оңтайлы сәті – оны өзіңіз үшін жазуды доғарған сәт. Тек осыдан кейін ғана сіз не айтқыңыз келетінін анық әрі таза түсінетін боласыз.3. Идея бәрінде бар. Көпшілігі ойын жеткіземін деп бірнеше бетті бояйды, ал сіз бір ғана абзацқа сыйдыра біліңіз.4. «Әйел айқайлап жіберді» деп жазбаңыз. Әйелді өзі айқайлап жіберетін күйге түсіріңіз.5. Ұлы кітаптар ешқашан бапталып, сәнделген грамматикасына қарап бағаланған емес, жазылған мақсаты мен стиліне қарап бағасын алған.

Даңқты жазушылардың даналықтары дарыныңызды шыңдап, жазушылық жолындағы дара жолыңызды салуға септігін тигізер деген үміттеміз. Десе де, жүрегіңіз бен парасатыңыз бір арнада тоғысып, шынайы шығармаларыңызды жазуға ештеңе кедергі болмасын демекпіз!

Қосымша 5

Дұрыс және бұрыс

  • Маған туған табиғаттың шарапаты көп тиді.
  • Мен өзімнің әдебиеттегі даңғыл жолымды отбасымнан таптым.
  • 1905жылы мен сегізде едім. (1903ж)
  • Әкем: «Баламды көктемгі» аңшылыққа апарам»,- дегенде, әжемнің көзі шарасынан шықты. (шешемнің)
  • Зверевтің жазушы болуына достары ықпал еткен (әкесі)
  • Мектепте балаға бес қоюының себебі: өте көлемді болды.  (Әдеби тұрғыдан өте жақсы жазылған)
  • 22 жыл атқарған жұмысы ол ғалым- зоолог (25жыл)
  • «Ай марал» 1929 жылы жарық көрген кітабы (Ақ марал)
  • Табиғат жайындағы жарияланған кітап саны 125 жетті. (120)
  • Мен қалай жазушы болдым? аударған М. Әуезов (М.Әлімбаев)

Қосымша 6 Мәтінге байланысты берілген сөйлемдерді аяқта (шағын топта))

І нұсқа.

  • Жаратылыс жақсылығы_________________ ,

оны ________________ ___________,өлшей алмайсың.

  • ___________________ мен сегізде едім. Барнауыл көктемі.
  • Сонда __________________ ______ ________________

арбаның лайсаң батпаққа күпшегінен кіріп келе жатқанын ұмытпаппын.

ІІ нұсқа.

  • Жауыннан кейінгі ______________ мен ___________жұпарын жұтып отырып,

оқырмандарыммен сырласамын.

  • «Қалай___________ болдыңыз?» -деп жиі сұрайды.
  • Үлкен сызықты ____________ __________ ірі-ірі әріптермен тұңғыш рет

____________жазып, әкеме көрсеттім.

  • Тұс- тұстан ______________ сайрайды.

ІІІ нұсқа.

  • Мен өзімнің әдебиеттегі даңғыл жолымды_____________ _____________

таптым.

  • Қайта оқып қарап едім, қате_____________ ___________ екен.
  • Әр тұстан_____________ ______________ атаған үндер естіліп жатты.
  • Бәріңнен артық жазған-___________________!
[attachment=26552:did_mater_-shyarma-mazmny-bojynsha-sratar-oju-zhne-zhauap-beru.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу