![]() |
|
![]() |
Ақұштап Бақтыгереева (Ақжелең)

Бой жетіп бұрым талда өріп,
Сұлу бол көзді ұрлаған.
Аруда қандай бар көрік
Жайраңдап күліп тұрмаған.
Думанға, тойға сән беріп
«Ақкербез» әнін айтпаған.
Жігітте қанша бар көрік
«Ақжелең» күйін тартпаған.
Қыздырып текке денені
Күн-түні күтіп баптаған,
Жүйріктің қанша керегі,
Бәйгеде оза шаппаған.
Ағатын құздан құлап тым,
Кәусар деп суын мақтаған,
Қажеті қанша бұлақтың
Шөлдеген адам таппаған
Кімдерге қажет дана-би
Қамқоры досқа жетпеген,
Несіне керек сарай-үй
Ішінде бір той өтпеген.
Қырлардың қандай сәні бар
Көктемде гүлдер өспеген,
Жастықтың қандай мәні бар
Ақжелең дәурен кешпеген...
Сұлу бол көзді ұрлаған.
Аруда қандай бар көрік
Жайраңдап күліп тұрмаған.
Думанға, тойға сән беріп
«Ақкербез» әнін айтпаған.
Жігітте қанша бар көрік
«Ақжелең» күйін тартпаған.
Қыздырып текке денені
Күн-түні күтіп баптаған,
Жүйріктің қанша керегі,
Бәйгеде оза шаппаған.
Ағатын құздан құлап тым,
Кәусар деп суын мақтаған,
Қажеті қанша бұлақтың
Шөлдеген адам таппаған
Кімдерге қажет дана-би
Қамқоры досқа жетпеген,
Несіне керек сарай-үй
Ішінде бір той өтпеген.
Қырлардың қандай сәні бар
Көктемде гүлдер өспеген,
Жастықтың қандай мәні бар
Ақжелең дәурен кешпеген...
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022
Ілмектер: акуштап бактыгереева Ақжелең стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Ақжелең