Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ана сыры) » ZHARAR © 2016 | акуштап бактыгереева Ана сыры стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Ана сыры




  • »

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ана сыры)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ана сыры) казакша Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Ана сыры) на казахском языке

Қуанды ана, жалғыз ұл алды келін,
Қарау үшін көз керек, сәнді керім.
Жиырма бес жыл күттірген арманы осы
Сол табардай жүректің барлық емін.
Екі жастың той-думан жүрген жері,
Жарасады наз-әні, күлгендері.
Қуанды ана, жалғыз ұл алды келін,
Қарау үшін көз керек, сәнді керім.
Жиырма бес жыл күттірген арманы осы
Сол табардай жүректің барлық емін.
Екі жастың той-думан жүрген жері,
Жарасады наз-әні, күлгендері.
Бірақ ана ұлының үйленген соң,
Алыс тарта түсерін білген бе еді?
Соған айтқан бесіктен бастап әнін,
Тілемейтін сол жанар жасқанарын.
Ойламапты бірақ та баласында
Үйленген соң басқа өмір басталарын.
Балалықтың есінен шығып бәрі,
Ұл есейді, тек ана ұмытпады.
Елестейді көзіне тентегінің
Оған қымбат бір тәтті қылықтары.
Амал қанша, көнді енді, алшақтады
Керек ұлдың үй болып, жар сақтауы.
Ана есінде ұлының еркелеп кеп
Омырауын сипаған саусақтары.
Осы еді ғой асылы, ар-намысы,
Ол ауырса шығатын жан дауысы.
Осы еді ғой ауыр күн-жесір мұңның
Қуат берген тірегі, алданышы.
Осыны ойлап, салқындап күз қабағы,
Өз-өзінен себепсіз сызданады.
Жек көрмейді-ау келінді, бірақ ана
Жалғыз ұлын еріксіз қызғанады.
Жаутаңдайды жігіт те елеңдейді,
Салқын тартты қабағы неден дейді.
Ал келіннен сұраса оңашада
«Мені жақсы көрмейді енем», - дейді.
Ана үнсіз. Налиды ұл, күйреп келін.
О махаббат, сен де бір бейнет пе едің?!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 156
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .