Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Анама хат) » ZHARAR © 2017 | акуштап бактыгереева Анама хат стихи на казахском ақұштап бақтыгереева өлең олен казакша, ақұштап бақтыгереева өлеңдер жинағы, акуштап бактыгереева стихи на казахском, акуштап бактыгереева олен казакша, Анама хат, ана туралы өлең жолдары




  • »

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Анама хат)

Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Анама хат) казакша Қазақша өлең: Ақұштап Бақтыгереева (Анама хат) на казахском языке

Анама бірінші хат

Өзіңді, анам, өмірде
Ренжіткен жерім көп.
Әжем «келін» дегенге
Мен де жүрдім «келін» деп.
Кейде шексіз еркемін.
Сөзін естіп атаның,
Құрдасыңдай мен сенің
Атыңды да атадым.
Қандай ыстық сезімің,
Мен бір көңіл бөлмедім.
Мол екен-ау төзімің,
Сонда да жек көрмедің.
Ене сырын ұғып шын,
Өр көңілін қия алмай,
Он екі жыл жүріпсің
Өз қызыңды сүйе алмай.
Ескертуді білмеген,
Тентектігім көп дейтін,
Таяқ жедім бір сенен
Мәңгі есімнен кетпейтін.
Ұрдың мені амал жоқ
Қателік боп ісімде,
Ұрдың мені «анам» деп
Айтпағаным үшін де.
Батса да тым жаныма
Неге ұрасың дер ме едім.
Қайталашы тағы да
Қайтпай жүрсе еңбегің.
Ес білгелі сөзің жоқ
Айналудан жаңылған.
Бірақ менің кезім көп
Қаталдықты сағынған.
Бойға шаттық дарыған
Білмен қапалануды.
Осы күні сағынам
Сенің шапалағыңды.
Зулай берсін ай, апта,
Тек еске алып өтем ғой.
Сенен жеген таяқ та
Тәтті болады екен ғой!


Назад Вперед
Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 549
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .