Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Ерке қыз...) » ZHARAR © 2017 | Жандарбек Жұман Ерке қыз өлең олен Жандарбек Жуманов стихи на казахском, стихи на казахском языке , казакша олендер , қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно,




  • »

Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Ерке қыз...)

Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Ерке қыз...) казакша Қазақша өлең: Жандарбек Жұман (Ерке қыз...) на казахском языке

Үмітімнің қолыма гүлін алғам,
Бақыт сыйлап шығардай күнім алдан.
Зат есімді қолданып танысқанда,
Есіміңді,ерке қыз,біліп алғам.

Махаббаттың өткіздік күресін мың,
Дәл біздей берер оған үлесін кім?
Мінезіңді сол кезде сұрап алғам,
Сауалдарын қолданып сын есімнің.

Тағдырымыз болмасын өте мұңды,
Шырайыңды басқаға етем үлгі.
Кезек келіп сол сәтте сан есімге,
Сұрағанмын қай жылғы екеніңді!

Көтергендей болдың-ау еңсемді өлік,
Кездесуге келгенде белсенді едік.
Есімдікті еске алып, есім кетіп,
Махаббатты құрғынбыз мен,сен болып.

Маған,қалқам,расын да арман едің,
Сырымды ашып,саған жыр арнап едім.
Сол өлеңді хат қылып,етістікпен,
Үй жағыңа талай рет барған едім...

Бізді,жаным,бақытты күндер күткен,
Бізді,жаным,ұйқысыз түндер күткен.
Мекеніңді оп-оңай тауып алғам,
Үстеу дейтін сөз табын білгендіктен,

Ойларымыз үндесіп,дөп келетін,
Жол бермейтін едік-ау өкпеге тым.
Шылауларды,байқасам, көп қолданам-
«Сен туралы», «Сен үшін» деп келетін,

Құдай қосқан,жұптаған серегім бе ең?
Ерке қыз-ау сөзіңе ерідім мен.
Еліктеуге бәрі де кірісер ед,
Шөлп-шөлп етіп сүйгенде ерініңнен,

Арайланып біз үшін атыпты күн,
Түсіне алмай келеміз уақыт тілін.
...Қорытынды жасайын одағаймен:
Алақай! Мен бәрінен бақыттымын!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 358
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .