Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүймесем сені егер мен) » ZHARAR © 2016 | медеу демеу медеуұлы Сүймесем сені егер мен өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Сүймесем сені егер мен




  • »

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүймесем сені егер мен)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүймесем сені егер мен) казакша Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүймесем сені егер мен) на казахском языке

Тартса да тағдыр, тауқымет талай,қайғы алдан,
Құтылмай қойдым сен жайлы мың-сан ойлардан.
Сусындай алар күн бар ма, жаным, бірге біз,
Бұлақтай мөлдір махаббат атты қайнардан.

Жылыстап жылдар, сынаптай сырғып ай күндер,
Қуаныш маған келері жұмбақ қай күннен?
Өзге жігіт өңді өзгертер деуің мүмкін ғой,
Шын сенсең егер ойымнан тастамаймын мен.

Сараңға түскен сәттерім қанша сені ойлап,
Бар кезгі күндер, жаным ау, қазір және әйбат.
Жарқыным, мені көзіңе ілмегеніңмен,
Көп тосып жүрмін келер деп сені бақ айдап.

Үміт пен сенім елестеп алғы көп күннен,
Тек сені ойлап тыныштық таппай кеттім мен.
Өзіңмен бірге болуда маған арман-тын,
Неліктен мұнша алыстап, жаным кетті іргең?

Сағым боп мүлде алыстап менен кеткенмен,
Самал боп есші қайта бір алдан,бөктерден.
Өзіңді алғаш көрген сәт жаным жай тауып,
Ақылдым менің, сені сүймесем егер мен.

Сені ойлап күнде, жаным-ау, әлі келем мен,
Тек сен деп мынау тірлікте қатал не көрмен.
Не көрмен, қалқам, өткені жаным өлермен,
Бұйтпес ем, сүймесем сені егер мен.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 249
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .