Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйгенің сатып кетсе егер) » ZHARAR © 2016 | медеу демеу медеуұлы Сүйгенің сатып кетсе егер өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Сүйгенің сатып кетсе егер




  • »

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйгенің сатып кетсе егер)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйгенің сатып кетсе егер) казакша Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сүйгенің сатып кетсе егер) на казахском языке

Түскенде өзің еске өлең,
Күтуші ем сені кеште мен.
Жаным-ау, сенсең азапты,
Дәл мендей ешкім кешпеген.

Қол бұлғап талай қайғы алдан,
Мұңды бір жанға айналғам.
Теңеуші ем сені жібекке,
Кем көрмеуші едім Айманнан.

Қазір де мұңлы күйде өлең,
Жанымды азап билеген.
Бір сені білсең әлі ешкім,
Дәл мендей ессіз сүймеген.

Көрмеген ешкім тозақ қып,
Махаббат деген-азаттық.
Тәлкекке соны салар көп,
Сезімсіз жандар мазақ қып.

Бақытын таппай іздеген,
Құлазып кеттім күзбенен.
Жарқыным, әлі жоқ шығар,
Дәл мендей сені іздеген.

Түсінгін, мейлі, түсінбе?
Есімде жүрсің, түсімде.
Кінәлі мен-ақ болайын,
Сүйгенім сені үшін де.

Кездескен сәттер кештегі ең,
Бәрін де, жаным, ескерем.
Келмейді екен күй қайтып,
Сүйгенің сатып кетсе егер.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 204
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .